Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
марк_зерттеу_шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

28.Фокус топты жүргізуді ұйымдастыру.

Маркетингтік зерттеуде фокус топ әдісі жиі қолдана бермейді, себебі фокус топ әдісін ұйымдастыру үшін дайындық, білім деңгейі, ұйымдастыру шараларын жүргізу керек. Фокус топ дегеніміз белгілі бір маркетингтік ақпаратты алу үшін арнайы адамдар тобын топтастырып, модератор көмегімен жүргізіледі. Бұл әдіс мақсаты:

  1. Жаңа өнімді жасау, ору, жетілдіру жөніндегі ойларды генерациялау;

  2. Жарнама компаниясын сұрау жүргізуге қажетті сұрақтарды фокус топқа қатысушы сөйлеу мәнерінен алуға болады;

  3. Өнісге дген оның маркасы мен жылжыту әдісіне деген тұтынушы көзқарасын байқаймыз;

  4. Кей жағдайда фокус топ мүшесі жүргізілген маркетингтік сұрау салудың мәліметтерін түсінуге көмектеседі;

  5. Болашақтағы жүргізілетін жарнамаға эмоционалдық іс-әрекеттер анықталуы мүмкін.

Фокус топтың әр түрлі жүргізуіне әр топтың, тілдік, діндік, эмоционалдық ерекшеліктері әсер етуі мүмкін. Фокус топта 8-12 адам одан да аз болса, жеткілікті көлемде ой-пікір жинақталмай қалады. Ал одан да көп болса, модератор игере алмай қалады, ойды жеткізуге уақыт аз. Фокус топта межеленген адам снын жинау қиын.

Фокус топ аудио, видео құралдарға жазылады, экспертке көрсетуге не қайта қарауға болады.

Фокус топты жинқтағанда жас мөлшеріне, әлеуметтік статусына, мамандық ерекшелігене назар аудару керек.

Топ тиімділігі көп жағдайда модереторға байланысты. Модераторға қойылатын талаптар:

  1. талқыланатын мәселені жетік білу;

  2. модератор топ мүшелерінің арасындағы ерекшелікті жақсы аңғаратын, қажетті кезде жағдайды өзгерте алатын;

  3. сергек, жоғарғы коммуникативті адам ьолуы керек;

  4. фокус топ қатасушыларда сенім тудыруы керек.

Қазіргі кезде техника-технология дамыған арқасында, әр жерде орналасқан бірнеше топтар арқылы да жүргізуге болады.

29.Маркетингтік зерттеулердің мәні,міндеттері,принциптері

.Маркетингтік зерттеу дегеніміз - маркетингтік зерттеу мен басқарушылықты жүргізу үшін ақпаратты алу мен жинау және өңдеу.

Маркетингтік зерттеудің мақсаты: қазіргі кезде нарық және экономиканың құрылымы тұтынушы өте күрделенген, сондықтан, маркетингтік дәл шешім айту үшін мәселені терең зерттеуіміз керек.

Маркетингтің қағидалары:

  1. Тұтынушылардың мінез-құлқын және талаптарын үнемі зерттеу;

  2. Өндіріс процесін тұтынушылардың сұранысына бейімдеу;

  3. Сұранысты қалыптастыру және оны ынталандыру;

  4. Түпкілікті нәтижеге қол жеткізу.

Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні бір бірімен тығыз байланыстыру, бір бірін табуға көмектесу болып табылады.Маркетинг қызметтері:

  • Жоспарлау;

  • Ұйымдастыру;

  • Мотивация;

  • Бақылау.

Маркетингтің негізгі қағидалары оның концепциясынан қалыптасып, мыналардан тұрады: 1) фирманың нақты белгіленген коммерциялық түпкі әрекет нысанасына бағытталған ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес рынок үлесіне жету. Мақсатқа жетуге арналған маркетинг қызметі үш негізгі компонентін анықтайды: мерзімін, ресурстарды, жауапкершілікті. Осыдан тұтынушылардың төлей аларлық мүмкіндіктерінен бастап барлық маркетингтік жағдайдың ұзақ мерзімге арналған болжамын белгілейді. 2) фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын комплексті түрде айқындау. Өйткені табысты әрекетті тек қана барлық маркетинг құралдары жиынтығы ғана қамтамасыз етеді. 3)әрекеттенуге таңдап алған рыноктың жағдайын және өз талабын барынша ұштастырып есепке алу, сонымен бірге ол рынокқа нысаналы әсер ету. Өндіруші өзінің тауары мен фирмасын тұтынушымен ұтымды және тығыз қарым қатынасын қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың талаптарына неғұрлым бейімделу мақсатымен әсер ету. 4)«келешекті сезу» және соған байланысты жаңа тұтыну қасиеттерімен тауарын өңдеу. Тек осы жолмен ең жоғары коммерциялық нәтижеге жетуге болады. 5)фирманың сыртқы ортасының өзгерісіне өзіне ыңғайлы тез және тиімді реакция қамтамасыз ететін белсенділік, бастаушылық, іскерлік көрсету. Ондай болмаған жағдайда коммерциялық табысқа жету және бәсекелестік артықшылық алу мүмкін емес. Қазіргі кезде ғылым, техника, технология салалары тез дамуда. Бұл бәсеке жағдайын тез арада өзгертіп, маркетинг концепциясын творчестволық қолданғанды, тез арада өзгертіп жатқан рынок жағдайларына бейімделу жолдарын іздегенді талап етеді. Тек осы әдіспен фирма тиімді жұмыс істей алады.