Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
марк_зерттеу_шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

21. Тауардың бағасын зерттеудің түрлері мен негізгі бағыттары

 Бағаны зерттеу жоғары аз жұмсау арқылы көп пайда алып келетін баға деңгейін анықтауға бағытталған. Зерттеу обьектісі ретінде дайындауға кеткен шығын, өндіру және тауарды өткізу, бәсекелестіктің әсер ету деңгейі, тұтынушылардың тауар бағасына деген мінез құлқы мен реакциясы (сұраныстың икемділігі). Жүргізілген зерттеу нәтижесінде ең эффективті «шығын-баға», «пайда-баға» қатынастары таңдалынып алынады.

Тауар бағасын маркетингтік зерттеу түрлері :

  • Факт түрінде күрделенген нарықтық бағаларды зерттеу

  • Бәсекелестердің бағалық саясатын үйрену (оның майысқақтығы немесе баға дискриминациясы, яғни жаңа нарықтық талаптарға бейімделу, әр түрлі нарықтық сегменттер немесе тұтынушылар үшін айырмашылығы, уақыт бойынша бағаның өзгеруі, жаңа тауарға баға белгілеуі, бағалық жеңілдіктер мен үстемелерді қолдануы, тауардың сапасы мен бағасының қатынасы)

  • Биліктің мемлекеттік және жергілікті органдары тарапынан бағаны зертеу дәрежесін және бағытының өзгеруі

Баға теориясында негізгі екі бағыт бар:

  • Нарықтық құндылық, оның негізінде тұтынушылық мінез құлық пен сұраныс жатыр

  • Шығындық, оның негізінде өндірушілердің жиынтық шығындар тұрақты және ауыспалы есебі жатыр

Бағаның атқаратын функциялары:

Өлшеу функциясы. Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін,ал сатылғаан тауар үшін алатын ақша санын анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.

Есептік функциясы. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындарымен анықталады.

Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады. Өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігінен байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сұрранымды арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады немесе олардың арасындағы сәйкессіздікке жету үшін икемді құрал болып табылады.

Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда немесе өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.

22. Тауар бағасын үйренуде қолданылатын маркетингтік зерттеулер әдістері

Тауар бағасы ол адамдардың қалауына, саудалық марканың имиджін құрастырылуына, сұраныс және т.б. белсенді әсер етуші маркетинг кешенінің негізгі элементі болып табылады.

Сауда кәсіпкері не ұйым үшін бәсекелік бағаны қалыптастыру оңай немесе қиынға соғуы мүмкін. Бұл негізде бағаны қалыптастыру әдісі екіге –классикалық және маркетингтік болып бөлінеді.

Классикалық әдіс өзіндік құнды есептеу негізінде,тек ең соңында ғана ұсынылып отырған тауардың тұтынушыға пайдалы жақтарына көңіл бөледі.

Маркетингтік әдіс керісінше, яғни ең бірінші тұтынушы жағдайын қарастырады, яғни тауар пайдалалығын, тұтынушы қажеттілігін және т.б.

Маркетингтіе әдіс бойынша «дұрыс» бағаны қалыптастыру үшін нарықты зерттеудің көптеген технологиялары бар.

Бағақалыптастыру әдістерінің классификациясын келесідей формализациялауға болады;

Интерполяциондық әдіс эконометрикалық модельдеуге және тұтыну тәртібін болжамдауға негізделген. Бұл мақсаттар үшін,қағида бойынша, тауарларды панельдік зерттеулер бойынша мәлімет,ақпараттар қажет.

Бақыланып отыратын нарықтық тесттер бойынша шынайы шарттар бойынша тұтынушылар жаңа тауарға иемденеді. Бұл әдіс қымбат болып келеді, бірақ та белгіленген нарықтағы тауармен қоса протипті тестілеуге болады.

Сатылымды модельдеу соңында нақты немесе латентті баға қалыптасады. Ең негізгі шарты-респонденттің зерттеуге деген белгілі бір шеңбердегі «сенім дәрежесінің» болуын талап етеді. Нақты баға әдіс(«лестница цен» (price ladder) «баға сатысының» сұрау қорытындыларынан және ауыспалы бірегейлік план (monadic test) и мера ван Вестендорпа) бойынша қалыптасады.

Латенттік баға әдісі адаптивті бірлескен анализ (conjoint),толықпрофильді бірлескен анализ және салыстыру (trade-off) сияқты жанама зерттеулер бойыша анықтауға болады.

Баға маркетингте негізгі рольді атқарады, себебі баға экономикалық көрсеткіш қорытындыларына нақты әсер етеді. Пайда (П):

П=(Ц х V) - C

Ц-баға

V-тауар көлемі

C-баға шектеуі

Баға пайдамен, сонымен қатар тауардың нарықтағы үлесіне, соңғы қаржылық көрсеткіштерге, инвестициялардың сатылымдылығына әсер етеді.