- •2.Маркетингтік зерттеулердің түрлері мен негізгі бағыттары.
- •3. Маркетингтік зерттеу типтері
- •4.Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың қажеттілігі.
- •5.Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың этаптары.
- •6.Маркетингтік зерттеулер жоспарының құрылымы.
- •7.Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері
- •8.Іріктеме типтері
- •10. Пікір сұрау жүргізуді ұйымдастыру
- •11. Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру
- •12. Маркетингтік зерттеулердегі экспериментальді әдіс
- •13.Маркетингтік зерттеулердегі панельдік әдіс.
- •14.Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі.
- •15.Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі
- •16.Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
- •17.Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері.
- •19. Тауарды зерттеу түрлері мен негізгі бағыттары
- •20. Тауарды меңгеруде қолданылатын маркетингтік зерттеулер әдістері
- •21. Тауардың бағасын зерттеудің түрлері мен негізгі бағыттары
- •22. Тауар бағасын үйренуде қолданылатын маркетингтік зерттеулер әдістері
- •23) Тауарды таратуды үйренуде қолданылатын маркетингтік зерттеулер
- •24) Тауарды өткізуді зерттеудің түрлері мен негізгі бағыттары.
- •25) Тауарды жылжытуды зерттеудің негізгі түрлері мен негізгі бағыттары.
- •26) Тауарды жылжытуды үйренуде қолданылатын маркетингтік
- •27. Жарнаманы зерттеу бағыттары
- •28.Фокус топты жүргізуді ұйымдастыру.
- •29.Маркетингтік зерттеулердің мәні,міндеттері,принциптері
- •30. Сапалық және сандық маркетингтік зерттеулер: мәні, түрлері
11. Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру
Көптеген жағдайда маркетингтік зерттеуді өткізу үшін соңғы ақпараттар қажет болады. Оларды жинақтаудың 3 әдісі бар:1. Бақылау - бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық (дүкен, көше) және зертханалық (жасанды), стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін.Бұл әдістің артықшылығы - объективтілігі жоғары, тұтынушы тілегіне тәуелді емес, тұтынушы мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі. Бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен соңғы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық (дүкен, көше) және зертханалық (жасанды), стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін. Кемшіліктері – қабылдау субъективтілігі, көп еңбек сіңіру керектігі, тұтынушыны себептері (мотивтері) және психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат алынбайтындығы. Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылау жүргізу этаптары:
Мақсаты мен міндеттерін анықтау, бақылатнатын объектіні белгілеу
Бақылау әдісін таңдау
Алдын ала жинақталған материал негізінде зерттеу рәсімін жасау;
Керекті құжатттарыд құралдарды дайындау;
Б/у жүргізу деректерді ақпараттарды жинақтау;
Бақыла нәтижелерін тіркеу;
Б/у туралы есеп беру.
Бақылаудың түрлері: 1.Лабораториялық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау. 2. Далалық бақылау. Реттелу деңгейіне байланысты: Реттелетін- арнайы сценарий бойынша жүргізіледі; реттелмейтін- бақылаушы оқиғаға мүлде қатыспайды. Қосылған бақылау- бақылаушы респонденттер арасында болады. Қосылмаған бақылау- бақылаушы сырттай тұрып бақылайды. Бақылау әдісі- сандық зерттеу әдісі болып табылады. Сандық зерттеулер дегеніміздің өзі-нақты статистикалық салыстырмалы тексерілген сандық мәліметтер керек кезде жүргізіледі. Сандық зерттеулердің әдістерінің негізінде әр қашан математикалық және статистикалық моделдер жатыр, бұл жағдай өз алдына, нәтижесінде зерттеліп жатқан көрсеткіштердің нақты сандық мәндерін алуға мүмкіндік береді. Сандық зерттеулер (тұтынушыларды зерттеу) «Қанша» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндігі бар. Бақылау әдісі ең арзан зерттеу түрі, бірақ басты кемшілігі- терең ақпарат бермейді. Бақылау жүргізудің кезеңдері.
Бақылау- бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық және зертханалық, стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бұл әдістің артықшылығы- объективтілігі жоғары тұтынушы тілегіне тәуелді емес, тұтынушы мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі. Кемшіліктері- қабылдау субьективтілігі, көп еңбек сіңіру керектігі, тұтынушының себептері және психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат алынбайтындығы.
Бақылауды жүргізу және дайындау процесі келесідей ақпаратты жинаукезеңдерінен тұрады:
1.Дайындық кезеңі:
мақсатын, міндетін және бақылау пәні мен обьектісін анықтау ;
Бақылау орны мен уақытын таңдау;
Бақылау әдісі мен формасын таңдау. Бақылау бірліктері мен шеңберін анықтау негізінде бақылау процедураларын дайындау; техникалық құжаттар мен механикалық құралдарды дайындау;
Бақылаушыларды дайындау мен жаттықтыру;
2. Далалық кезең:
бақылау нәтижелерін фиксациялау және жинау;
Бақылаушылар жұмысын қадағалау (оқиға қатысушыларымен әңгімелесу; бақылаушының жұмыс құжаттарын талдау; басқалардың бақылау нәтижесімен өз бақылау нәтижелерін салыстыру; қайта бақылау жүргізу);
3. Аналитикалық кезең: бақылау: бақылау нәтижелерін дайындау, келесі бөлімдер бойынша есеп беруді дайындау:
Бақылау уақыты, орны және жағдайы.
бақылау формасы мен әдісі, бақылаушы ролі.
бақыланатын адамдардың мінездемесі.
ақпарат анализі, бақылаушының өзіндік белгісі және интерпретациясы.
алынған нәтижелердің сенімділігін бағалау.
Сенімділікті бағалау үшін келесі 3 коэфициенттің біреуі қолданылады.
Бақылаушы келісімі (бір оқиға бірнеше бақылаушылармен бір уақытта бақыланады);
Тұрақтылығы (бір бақылаушы әр- түрлі уақытта бақылау жүргізеді);
Сенімділігі (әр- түрлі бақылаушылар, әр түрлі уақытта бақылау жүргізеді).
