Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
марк_зерттеу_шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.02 Кб
Скачать

4.Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың қажеттілігі.

Маркетингтік зерттеукомпанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында,алдына қойған міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өңдеу, мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну. Маркетингтік зерттеулер жоспарын әзірлеу - Бұл зерттеу сметасын анықтау, мәліметтер көздерін айқындау, оларды жинау және талдау әдістерін таңдау реттемелерінен (процедура) тұрады. Зерттеулер жоспарын әзірлеудің бірыңғай реттемесі (процедура) және оны орындаудың стандартты әдісі жоқ.

Маркетингтік зерттеу жүргізуді жоспарлау:

-Зерттеу жүргізу жоспарланған тәртппен болса ол белгілі бір уақытқа негізделген болады

- Жоспар бойынша жүзеге асады.

-Белгіленген ретпен орындалады.

-Мақсаттың нақтылығы

-Жоспардың нәтижелілігі

-Сенімділік

Көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарсыз жұмыс істейді. Жаңа фирма басшыларының ондай жоспар құрастырыруға уақыты болмауы мүмкін. Ал бұрыннан келе жатқан фирма басшыларының көпшілігі  жоспарсыз-ақ жұмыс жүргізуге болады деп ойлайды. Өйткені олардың ойы бойынша нарықтағы жағдай тез өзгеріп жатады. Сондықтан жоспармен бәрін қамту мүмкін емес, жоспарға кеткен шығын босқа қалады деп өздерін ақтауға тырысады. Осы тәрізді себептерге байланысты көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарлау жұмысын жүргізбейді. Ал шындығына келетін болсақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай келешекке арналған жоспарлау көптеген жеміс береді. Мелвилк Бринч жоспарлаудың төмендегі жақтарын атап көрсеткен:

1) Келешекке арналған жоспарлау фирма басшыларын іс келешегін алыстан ойлауға, оны күні бұрын  білуге итермелейді;

2) Алдағы бақылауға алынған іс-әрекет көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.

3)   Фирма әрекеттерін ұтымды үйлестіруге  көмектеседі;

4)   Фирма өзінің міндетін және саяси мақсатын анық белгілей алады;

5) Фирманың күтпеген кездейсоқ өзгерістерге күні бұрын дайын болуына мүмкіндік береді;

6)  Фирманың барлық бөлімшелерінің өзара  дұрыс байланысын, орнатуға көмектеседі:

Маркетингтік қызметтердің ең маңыздылары болып нарықты зерттеу және тауар өндіруші  кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктерін талдау және жоспарлау, маркетингтік саясаттық кешенін құрастырып және іске асыру танылды. Осы жерде айта кету керек, маркетинг ғылыми — зертеу жұмыстарын (ҒЗЖ), өндірісті, жоспарлауды және т.б. кызметтерді өзі атқармайды, ол тек осы және басқа қызметтердің түрлерін, тауар өндірушінің нарықтык мақсаттарын ескере отырып, қамтамасыз етеді.

5.Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың этаптары.

Маркетингтік зерттеулер - Кәсіпорынның маркетингілік қызметінің барлық бағыттары бойынша тәптіштелген жоспарлар әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында негізгі көрсеткіштердің тізбесі, рыноктардың, олардың негізгі бөліктерінің, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы, бәсекенің салдарынан болатын ықтимал қиындықтарды талдау, бәсекелестік артықшылықтар, жоспарлы кезеңде фирма қол жеткізуге тиіс тұжырымдалған мақсаттар, маркетинг стратегиясын — оның барлық кешені, мақсатты рыноктар, шығындардың деңгейі бойынша қызметінің бағдарламалары, оның барлық ұстанымдары бойынша нақты іс-қимылдары, болжалды пайданың есебі, жоспардың орындалуы барысына бақылау жасау қамтылады. Фирма өнімнің (тауарлардың) бірнеше түрлерін, алуан түрлі сұрыпталымдық топтарды өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір жайғасым бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады

Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың этаптары.

1. зерттеу мақсатын анықтау

2. Қажетті таңдамалы жиынтықты анықтау

3. Зерттеу әдістерін аңықтау

4. Маркетингтік зерттеулер жүргізу құралдарын әзірлеу

5. маркетингтің аналитикалық жүйесін сипаттау

6. маркетингтік зерттеулер бюджетін әзірлеу