Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
марк_зерттеу_шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.02 Кб
Скачать

24) Тауарды өткізуді зерттеудің түрлері мен негізгі бағыттары.

Тауарды өткізу түсінігі өнімнің кеңістік және уақытта өндірушіден тұтынушыға ауыстыру шарасының әзірлеуі мен ретеуін біріктіреді.

Тарату арналары- уаққыттағы ұзақ мерзімді құлдырау және меншік құқығының арқасында өнімнің өндірушіден тұтынушыға қозғалатын жолы.

Тарату арналарының негізгі қызметтері:

  1. Зерттеу жұмысы- айырбасты жоспарлау мен қамтамасыздандыру үшін қажетті ақпарат жинау.

  2. Өткізуді ынталандыру – ұсынған тауарлар жайлы жарнамалық ақпаратты таратуын әзірлеу.

  3. Байланысты белгілеу, яғни сатып алушыларға ұсынылған және олармен байланысты қайта құру.

  4. Тауарды сәйкестікке келтіру – тұтынушылардың ұсынылған талаптарды даярлануын ресімдеу, мұнда өндіріс, монтаж, орам, тауарды сұрыптау жатады.

  5. Келіссөздер өткізу – бағалар мен басқа да шарттар жайлы келісімге жету және мұнда меншік құқығы немесе тауарда иемдену құқығы басқа адамдарға немесе ұйымдарға берілуі мүмкін.

  6. Тауар қозғалысының мүшесі – көліктеу (транспортировка) және тауарларды реттеу.

  7. Тәуекелдікті қабылдау – тарату арнасының орындалуы үшін жауапкершілікті қабылдау.

  8. Қаржыландырады – арналардың қызметтендіруін қамтамасыздандыру бойынша шығындарды жабу үшін қаражатты іздеу және қолдану.

Егер өндіріс аталған қызметтерді өзі орындаса, онда оның шығындары мен тауарлардың бағалары өседі. Сондықтан кейбір қызметтерді делдалдар атқарады. Өндірістің шығындары мен бағалары төмен болады.

Кәсіпорынның өткізу саясаты өткізу нарығының және өндірістік факторлардың барлық кешеніне сәйкес делдалдар арқылы немесе өндірушінің өзі сататын үдерістерін ұйымдастыру болып табылады. Өткізуді ұйымдастыруда екі мүмкіндік бар: жеке сату және делдалдар қызметін пайдалану.

25) Тауарды жылжытуды зерттеудің негізгі түрлері мен негізгі бағыттары.

Тауарды жылжытудың негізгі құралы – бұл жарнама. Жарнаманы зерттеу келесідей бағыттарды қамтиды:

  • Әр түрлі мақсатты аудитория үшін жекелеген жарнамалық құралдардың (жарнама тасушылардың) танымалдылығы мен тиімділігін зерттеу.

  • Фирманың жарнамалық саясатының тиімділігін толығымен зерттеу. Жарнамалық кампания жүргізілгенге дейін және кейін фирманың тауары туралы хабардарлық дәрежесі зерттеледі.

  • Жалпы ақпаратта бірнеше құралдардың жарнамалық мақсатында бірге қолданғандағы синергиялық эффектті зерттеу.

  • Жеке жарнамалық кампаниялардың тиімділігін зерттеу.

26) Тауарды жылжытуды үйренуде қолданылатын маркетингтік

зерттеулер әдістері.

Жарнаманы зерттеудің келесідей түрлері бар:

  • Жарнаманы білу дәрежесін үйрену;

  • Ассоциативті әдістер.

Жарнаманы білу дәрежесін үйрену - респондент біраз уақыт бұрын көрген жарнаманы білу жағдайымен анықталады. Әдетте мұндай зерттеулер пошта арқылы ақылы сұрау жүргізгенде анықталады. Іріктеме мүшелеріне қандай да бір тауардың телевизиялық жарнамасынан кадрлардың соңғы қатары бейнеленген анкетаны жібереді және жарнамалық хабар орнын иеленетін мәтін теріледі.

Ассоциативті әдістер - ассоциативті тест сезінушіге өзінің белгілі бір стимулға ассоциациясын (бланкқа жазып, компьютерге енгізіп немесе жай экспериментаторға айтып) беруі ұсынылуынан тұрады. Стимул жинағы көрсетіледі: сөз, фраза, түс, сурет, фотография, зат, музыкалық пассаж және т.б.

Ассоциативті байланыстарды зерттеудің басқа әдістемелік тәсілдері классификациялау немесе топтау технологиясы болып табылады. Бұл әдістемеде сезінушіге бірнеше стимулдар жинағы (мысалы, зерттелетін сөздер) таныстырылады және сол сөздерді топқа (класқа) біріктіру ұсынылады (бөл жерде ешқандай топтастыру критерийі қойылмайды). Талдауға қызығушылық байланысқан (көбіне бір топқа таңдалған) сөздердің көптігімен туады.