Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Өнімнің сапасын басқару

Өнім сапасын басқару - сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау-конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланылатын әдістер мен кызметтер жиынтығы. Сапаны басқарудың нысанасына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сұру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі. Кәсіпорындардың негізгі мақсаты - өндірілген өнім мен атқарылған қызметтердің сапасының сапа талаптарына сай болуы. Әрбір мекемеде сапаны басқару жүйесі құрылуы керек. Сапаны басқару жүйесі дегеніміз сапаны басқаруға қажетті процестер мен өнімдер, әрбір жұмыскердің жауапкершілігін өз жұмысына қарауын қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым. Өнімнің сапасын басқаруда, сапа бағдарламаларын орындауда, сапаны басқару жүйелері мен қатар сапа үйірмелері де қолданылып жүр. Сапа үйірмелері жұмысшылардың сапаға деген көзқарасын қалыптастырып, қызықтырады және кәсіпорындардағы психологиялық климаттың өзгеруіне ықпал жасайды. Бұл үйірмелер арқылы кәсіпорындарда техникалық-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық мәселелер шешіліп отырады.

  1. Өндіріс шығыны және оның элементтері

Өндіріс шығыны – материалдық қаражат (шикізатматериалдар, отын, энергия, жабдық, т.б.) пен қажетті еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығыны кәсіпорында өндірістің және өнімді өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы жұмсаған шығындары. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, ал тауардың ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады. Кәсіпорын (компанияфирма) тауарға оны өндіруге, бөлуге және өткізуге, жұмсалған күшпен тәуекелділік үшін пайданың әділ нормасын қоса, жұмсалған шығын толығымен өтелетіндей баға белгілеуге тырысады. Кәсіпорынның шығыны екі түрлі: тұрақты шығын мен өзгермелі шығын. Тұрақты шығын (үстеме шығын) өзгермеген күйінде қалады және өндірістің көлеміне тәуелсіз жүзеге асырылады. Өзгермелі шығын өндірістің көлеміне тікелей тәуелді.

Затраты, связанные с производством и реализацией продукции, по экономическим элементам подразделяются на:

1) материальные затраты;

2) затраты на оплату труда;

3) отчисления на социальные нужды;

3) амортизация;

4) прочие затраты.

  1. Қазақстанда экологиялық туризмнің потенциалы

Қазақстанның туристік потенциалын зерттеу қорытындысы бойынша, экологиялық туризмді дамыту үшін Қазақстанның мүмкіндіктері зор екені анықталды. Оның негізін бірегей табиғи жағдайлар және Еуразия ортасында орналасқан ландшафтар, табиғи, мәдени және этникалық ескерткіштер, Қазақстан территориясында әр түрлі тарихи кезеңдер бойынша орналасқан мәдени және этникалық мұралар.

Қазақстандық экологиялық туризм өзінің маусымдылығымен сипатталады, оны көптеген демалыс түрлерінің жазғы маусымдағысын және қысқы маусымдағысын ұйымдастырып, ұтысты түрде қолдануға болады. Туристерге әр түрлі маусымды жеңілдіктерді ұсынуға болады. Қазіргі уақытта экологиялық туризмді дамытудың екі негізі бар. Мынадай туризмді ұсынуға болады, турист шөл арқылы түйелермен саяхатты бастайды да, таулардағы таза қармен сырғанап және әлемнің басқа бөліктерде таппайтын ерекше өсімдіктерді жинаумен саяхатты аяқтауға болады.

Туризмнің дамуы қоршаған ортаны қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады. Экологиялық ортаны қорғау бойынша мемлекет саясаты күшті дамыған сайын, соған сай туризм де әсерлі дамуда. Экологиялық туризмнің ерекшелігі, ол туристік қызметтен тек таза экологиялық қана емес, және де экономикалық нәтиже алу. Әсіресе су айдындарындағы туристік қызметте бұл құбылыс білініп жатыр. Осылай, экологиялық көзқарас бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын зиянды заттарды тоқтауға, суларды тазартуға инвестициялар, тек су құрамын жақсартуға ғана емес, туристік көзқарастан алатын болсақ, бұл балық ұстаушылар ағымының ұлғаюына әкеледі.

Еуразия қорынан бөлінген гранттық көмегі арқылы 2004 жылдан бастап Қазақстанда экотуризмнің ақпараттық ресурс орталығы ашылды, оны Қазақстан туристік ассоциациясы басқарады. Ақпараттық орталық өзінің іc-әрекеті барысында 100-ден астам менеджерлерді оқытты.

Қазіргі таңда экологиялық туризм объектілері бойынша инвестициялық жобалардан іске асыру мақсатында инвестиция мен жекеменшік капиталды тарту үшін жағдайлар жасалып жатыр, мысалы, Алматы облысында таушаңғы шипажай жүйесін ашу, Шығыс-Қазақстан бойынша Белуха тауы ауданында орналасқан Рахман бұлағында туристік кешен салу және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]