Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать

№13 Емтихан билеті

  1. Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектіліріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтерге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

  • табиғи активтерге инвестициялар;

  • ақша активтеріне инвестициялар;

  • материалдық емес активтерге инвестициялар.

Табиғи активтерге – өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер, және т.б.

Материалдық емес активтерге – фирма жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілірінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

  • тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;

  • өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты – өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін көбейту;

  • жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімге, тауарлар шығаратын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

  • мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың, экономикалық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбұр болған жағдайында қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]