Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358 Кб
Скачать
  1. Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметі

Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы саладағы тауарлар мен қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды зерттейді. Микроэкономика сонмен қатаржекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, кәсіпкерлік қызметтің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін зерттейді.

Макроэкономика бұл экономиканы бірінғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді.

Макроэкономика ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді. Макроэкономикалық талдау денгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың қоғамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерттей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар, ол әр уақытта есепке алынады. Халықшаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық іргелілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми техникалық жетістіктер тағы басқалары кәсіпорынның жағдайының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, кәсіпорын экономикасын зерттеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтанда зерттеуде осыларды ескеру қажет.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері:

  • Қазақстан азаматтары;

  • шет мемлекеттердің азаматтары;

  • адамдардың бірігіуі.

  1. Туризмнің экономикалық табиғи негіздері.

  1. Туризм дамуының экономикалық көрсеткіштері.

Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:

1.Туристік ағымның көлемі.

2.Тәуліктік туристік төлемнің орташа көлемі

3.Материалдық-техникалық базаның даму жағдайы.

4.Туристік фирмалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері

5.Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері.

№2 Емтихан билеті

  1. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері

Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

  2. Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы – ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.

  3. Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері – жалпы және тауарлы өнімді өндіру қарқыны, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.

  4. Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері – өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.

  5. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.

  6. Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемі өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.

  7. Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты – өндіріске кететін шығындардын көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді түрде қолдану.

  8. Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынастары; негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.

  9. Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.

  10. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдас,тыру, құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.