Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Туризмдегі қауiп-қатер түсінігі.

Жалпы, туристтік бизнес, кәсіпкерлік қызметтің ішіндегі ең қатерлісі болып табылады, сол себепті осы бизнес түріне тән қатерлі жағдайларда өте ауқымды. Экономикалық сөздікте, тәуекел мағынасы - экономикалық қызмет шартының көлденең өзгеруімен, қолайсыз жағдайлардың орын алуымен байланысты пайданың, табыстың немесе дүние-мүліктің, ақша қаражатының шығын болуындағы тіпті жоғалуындағы орын алатын күтпеген қауіп, делінген. Туристтік кәсіпорынның қызметінде келесі қауыпті қатерлер кездеседі: ішкі қатерлер, туристтік өнімді жасау үдерісінде қалыптасатын (басқарушылық, көліктік және т.д.) және сыртқы, яғни кәсіпорынға деген - сыртқы тараптан жасалатын ықпалдар (табиғи, экологиялық, саяси). Ішкі қатерлер 1. Бизнестің пішіні (формасы). Бизнесті бастау алдында - кәсіпкер бірінші кезекте қандай жолмен ол өзінің бизнесіне қол жеткізуді қалайды, соны анықтау қажет:

  1. Дайын компания сатып алама немесе франшайза болама;

  2. Қолданыста болған дайын бизнесті ала ма;

  3. Бірінші сатысынан бастап аяғына дейін жасалатын жаңа фирма аша ма

Әр бір нұсқаның өзіндік жақсы жағы және міндері бар. Дайын агенттікті сатып алғанда, ол биік табысты болуыда мүмкін, бірақ көбінде ондай жағдай жиі кездеспейді. Франшайзи агенттіктіктің танымал болуы қамтылған, бірақ қалыпты стандарттан шықпай қызмет жасау қолды байлайды 2. Маусымдық. Агенттік ашылымының бизнес-жоспарына кәсіпкерлерді біраз күйзеліс-ке, шығынға әкелетін бизнес маусымдығының факторын есепке алу қажет. Жаңа турагенттіктің ашылымына дайындық орта мерзіммен 5 айға дейін созылады, сондықтан оны тіркеу жұмыстарын каңтар айынан бастаған жөн, сонда дәл жаз.ы демалыс мезгіліне ашылу мүмкіндігін алып, қызметін бастайды. Басқа жағдайда, компания қызметін бастамай жатып, (ешбір жолдаманы тіпті сатуғада үлгермей) банкротқа ұшырауы мүмкін. 3. Кеңсенің жайғасуы. Турфирма кеңсесі орталықтан сырт және алыс жерде орналасқан болса клиенттерінің 80% жоғалтуы мүмкін, бұл жағдайда басқа орталықта, жол бойнда орналасқан турфирмалар олжалы болмақ. 4. Персонал (Қызметкерлер). Статистикаға бойынша, тұтынушылардың жолдаманың сатып алуының- 40-50% турагенттіктің менеджерінің іс әрекетіне тәуелді. Олар ұсынып отырған өнімі бойынша толық ақпаратты игере, тұтынушылармен араласа біліп, оларға қажетті ақпаратты сыпайылықпен және сабырлықпен жеткізе білуі керек. 5. Мамандану. Көбіне қызметтің тиімсіз болуы конкуренттердің іс ірекетін талдап бағаламағандықтан туындайды. Бес турагентств бір қабатта орналаса алады егер олардың өнімдері бір біріне ұқсамайтын болса. Сондықтан тур агенттіктің өзіне тиімді бағытта мамандануы дұрыс. Сыртқы қатерлер. 1. Туроператорлардың тұтынушылармен қарым қатынасын жатқызамыз Турагенттік туроператорлық өнім сатушысы ретінде көрінетін болғандықтан олардың беделі және нарықтағы орны сол өнімнің сапасына тәуелді. Егер сапар туроператордың кінәсінен бұзылса, тұтынушы тап осы жолдаманы сатқан агенттікті есінде сақтап, оған қайта келмейтін болады. Сондықтан туроператорлар тарапынан кездескен әр бір жеке жетіспеушіліктер, мысалы – әуежайдағы кездесуге, қонақ үйден орынды брондауға, экскурсияны ұйымдастыруға немесе сақтандыру бағдарламасына қатысты орын алғанда турфирманың барлық сапарынан алатын жақсы әсерлері бүлініп турфирманың беделі сөз жоқ төмендейді. Сол себептен туроператорды дұрыс таңдау, турфирма қызметінің басты талаптарының бірі болып саналады. 2. Күтпеген жағдайлар (табиғи, экологиялық, саяси) Турагент және туроператорлар жұмысында кездесетін қатерлердің бірі (табиғи, экологиялық, саяси) соғыс, теракттер және дағдарыс өзгерістерімен байланысты орын алады, бірақ олардың алдын алу, болжап білу мүмкін емес. Табиғи (су топан, вулкан оянғанда), экологиялық (ауа, су, тамақ сапасы төмен болуы және т.б.), саяси (соғыс) болған жағдайда туроператор және турфирмалар шығынға ұшырайтыны сөзсіз. Ал теракттер, басқада, мысалы қаржылық дағдарыстар орын алғанда баға құлдырап төмендеп агенттіктің табысына кері әсерін тигізеді. Турбизнесте осындай қатерлердің бар болуы, бұл бизнес түрінің күрделі екендігін дәлелдейді, сондықтан бұл қызмет түрін барынша мол ұқыптылықпен, ойланып-толғанып жүргізу қажет. Сонымен, турбизнесінде әр түрлі қатерлердің осынша көп кездесуін есепке ала отырып талдау жұмыстарын жүргізу қажет. Нәтижесінде орын алатын қатерлерді тиімді басқару шаралары туындайды, яғни қатерлі жағдайдың пайда болу мүмкіндіктерін алдын ала максималды болжап, сол қатерлердің ең болмағанда дәрежесін төмендету шараларын қолдану керек. Осы аталған туристтік индустриясында орын алатын қатерлер нәтижесінде, әр түрлі қаржылық қатерлерге алып келеді. Қаржылық қатер кәсіпкерлік іс әрекетте табыс табу мүмкіндігінің төмендеуін білдіреді. Туристік қызметіндегі қаржылық қатерлерді келесі түрде жіктеуге болады: 1. Кәсіпорын үшін қауіп дәрежесіне қарай: а) ықтималды шектегі тәуекел, бұл жағдайда табыстың, пайданың бір бөлігін жоғалту қауыпы туындайды; б) қауыпты деңгейдегі қатер - бұл жағдайда табыс толығымен жоғалып, шығынның орнын толтыру қажеттілігі туындайды; в) апаттың (катастрофалық) тәуекел - дүние-мүліктің толық жоғалту. 2. Нысандар бойынша: а) кәсіпкердің тәуекелі; б) кәсіпорынның, яғни жеке және заңды тұлғалар тәуекелі; 3. Қызмет түрі бойынша: а) қатерлер  өндірістік, (посреднический) делдалдық, саудалық, көлік қызметі, сақтандыру деп бөлінеді. 4. сипаты (мінездемесі) бойынша - операциялық, инфляциялық, несиелік, пайыздық, жалпы экономикалық, аймақтық, салалық, инвестициялық, еларалық. Турбизнесте осындай қатерлердің бар болуы, бұл бизнес түрінің күрделі екендігін дәлелдейді, сондықтан бұл қызмет түрін барынша мол ұқыптылықпен, ойланып-толғанып жүргізу қажет. Мысалы, ресей астанасында бір жылда жүзге жуық турфирмалар ашылады екен, бірақ соның 30 % пайызы ғана куіп қатерге төтеп береді екен. Енді саяси жағдайға келетін болсақ, Мысырда орын алған президент Хосни Мубарак режимінің тайуымен байланысты жаппай тәртіпсіздіктер орын алған. Сол кезде ресейліктерге Ресей МИД Шетел министерствосы 29 қаңтарда осы бағытта сапарлардың тоқталуын ресми түрде жариялады. 2011 г., Мысырдағы саяси тұрақсыздық жағдайында Ресейдің, Мысыр және Туниспен арасқатынасының тоқтауына байланысты Ресейлік туроператорлар, 100 млн. Долларға дейін шығын көрген болатын. Ал Исландия вулканының оянып атқылауымен байланысты ресей Туристік саланың шығындары 2,3 млрд $ тең болды. Демек, туристік бизнеске салынатын инвестициялар жоспарланғанда тәуекелдің дәрежесінің бағалау, оның аумағын және катер дәрежесін төмендетін шараларды анықтау қажет, яғни қауіп қатерлерді болдырмау немесе оларды төмендету жолын қарастыру керек. Экономиканың қазіргі даму жағдайында ұсынылатын ең маңызды мақсаттардың ішінде, айрықша орын алатын кешенді шараның бірі, кәсіпорын қауыпсыздығын басқарудағы іш шараларды дамытумен жетілдіру болып табылады. Сол себептен туристтік кәсіпорындарда риск-менеджмент қолданысының тиімді болуына аса көңіл аудару қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]