Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Баға белгілеу стратегиясының факторлары мен әдістері

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Баға белгілеу – тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі. Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:

- қандай да бір тауар нарығында сатып алушылар сұранысы мен сатушылар ұсынысы арасында өзара әрекет ету негізінде нарықтық баға белгілеу.

- орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу – шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы. Өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне баға қою кәсіпорын қызметіндегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны эдеттегідей, оның басшылары анықтайды. Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне бай­ланысты болады. Баға әрқашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.

Әдістері: шығындық, сұранысқа бағдар, бәсекелес бағасына бағдар. №5 емтихан билеті

  1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы

Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).

Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.

Негізгі қорлардың сыныптамасы

Топтардың аттары

Қолданылуы және қысқаша мінездемесі

I. Ғимараттар

өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)

II. Құрылыстар

өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік-құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары, т.б.)

III. Берілістік құрылғы

энегияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйелері)

IV. Машина мен құралдар

1. Күш машиналары мен құралдары

(генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, турбиналар, т.б.)

2. Жұмыс машиналары мен құралдар

технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру тасымалдау механизмдері, т.б.)

3. Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар

өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті

құралдар

4. Есептеу техникасы

математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы

5. Басқа да машиналар мен құралдар

(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)

V. Құрал-сайман

өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)

VI. Өндірістік түгендеме (инвентарь)

өндірістік операцияларды орындауды жеділдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті құралдар (жұмыс столы, қорап т.б.)

VII. Шаруашылық түгендеме (инвентарь)

көбейту және қайта түсіру аппараттары (сейф, шкаф т.б.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]