Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Туризмнің экономикада және әлеуметтік саясатта алар орны мен рөлі.

Туризмдегі экономикалық маңыздылық және оның функциялық әрекеттесуі транзиттік экономикалық шарттардың ерекше өсуімен нарық заңдарына орай белгіленген. Нарық туризмнің дамуына қолайлы жағдайлардың бірі деп есептелінеді. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде экономикалық аспектілер әлеуметтік, экологиялық және мәдени жағынан қарағанда басым болып келеді.

Туризм экономиканың бір саласы болып қаралады, кіріс пен пайда әкелетін және басқа да аралас салаларға дамуына ықпал етеді. Бұнымен қоса нарыққа өту барысында іссапарлардың кеңеюін болжап, шетел инвесторлары мен бизнесмендерге шекараның ашылуы, мемлекетаралық байланыстың жетілуі осының барлығы туризмнің активтілігінің ұлғаюына әкеледі.

Нарықтық экономикалық жағдайда халықаралық туризм жабық қоғамды ашық қоғамға ауыстырып, әр түрлі мемлекеттердегі адамдар арасындағы байланыс шынайы болып қана қоймай, сонымен қатар қажетті болады. Туристік іс-әрекет кәсіпкерлік іс-әрекетке қатысты болған соң, туризмнің алдын ала жетістікке жету мүмкіндіктерінің басым бөлігі нарыктық экономика шарттарында жасалған.

Қорыта келгенде демографиялық жаңғырту, шығу шараларының ережесі жеңілдетіліп, шетелдік сервистің жоғарғы сапасы отандық бағаларға қарағанда басым бөлігі төмен болуы, туристік белсенділікті ұлғайтып және салалар арасындағы ішкі қайта жаңғырту құрылымын жасайды. Шаруашылықтың шағын түрлері мен ірі түрлерінің жаңадан құрастырылуы туристік нарықтың дамуына әкеп соқтырады және олардың мақсатты түрде өзара қызмет көрсету мен кеңеюі туризмнің сапасын көтереді.

Туризмнің қоғам өміріне ықпалы

Әлеуметтік және мәдени үрдістерді тездетеді

Әлеуметтік және өн-дірістік инфрақұрыл-ымды дамытады

Елдің ЖҰӨ-не және төлем балансына салымдарды ұлғайтады

Жұмыс орындары пайда болады

Аймақ тартымды-лығы артады

Халықтың қол өнерлік белсенділігі артады

Туризммен аралас басқа да салалар дамиды

Табиғи кешендер кеңейеді

Валюталық түсімдер артады

Жергілікті тұрғындардың өмір деңгейі артады

№29 Емтихан билеті

  1. Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның айналым

капиталымен қамтамасыз етілуі

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы. Айналым капиталы – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе кайталанады және корытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]