Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Ғылыми-техникалық прогресс – өндірісті интенсификацияландыру мен дамытудың негізі

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың, технологияның үздіксіз даму, еңбек заттарының, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары мен әдістерінің жетілдіру процесі. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік-экономикалық мәселелерді – еңбек жағдайын ұйымдастыру, жақсарту, оның мазмұндылығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, ақыр аяғында – халықтың жағдайын жақсартуға ықпал жасайды. Қазіргі жағдайда мемлекеттер арасындағы күштердің ара салмағы тек олардың қолында бар ресурстардың, капиталдың, шикізаттың немесе жұмыс күштерінің мөлшерімен ғана емес, сонымен бірге олардың ғылыми-техникалық жағдайымен, әлеуметтік және оның тиімді пайдалану дәрежесімен де айқындалады.

Ғылыми-техникалық прогресс өзінің дамуында бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне бағынышты 2 нысанда кездеседі – эволюциялық және революциялық.

Ғылыми-техникалық прогрестің эволюциялық нысаны әдетте техникалық құралдар мен технологиялардың біртіндеп, үздіксіз дамып отыруын көрсетеді. Бұл процестер ұзақ уақыт бойы болып отыруы және бастапқы кезеңдерінде маңызды экономикалық нәтижелер беруі мүмкін.

Белгілі бір даму сатысында техникалық жетістіктердің көбеюі салдарынан өндіргіш күштердің түп-тамыры өзгеруі мүмкін, сол арқылы қоғамдық еңбектің, сапалы, жаңа, аса жоғары өнімділігіне жетудің жағдайы туындайды. Бұл арада революциялық жағдай орын алады.

Ғылыми-техникалық прогрестің революциялық нысаны арқылы өндірістің материалдық-техникалық базасына сапалы өзгерістер енгізуге болады.

Қазіргі ғылыми-техникалық революция ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйенеді. Ол энергияның жаңа көздері және электрониканы кең қолданумен, жаңа технологиялық процестер мен болашағы бар материалдарды жасап шығарумен сипатталады, халық шаруашылығының техниканы қайта құрылуын анықтайтын салалар дамуына әсерін тигізеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің өндірісті дамытуда және интенсификацияландыруда алар орны ерекше. Ол өндірістің барлық процестерін: фундаменталдық, теоретикалық зерттеулерді, конструкторлық-технологиялық шешімдірді, техниканың жаңа түрлерін шығаруды, оларды өндіріске енгізуді қамтиды. Өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасы жаңарады, еңбек өнімділігі өседі, өндірістің тиімділігі артады.

Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарына: өндірісті комплекстік механикаландыру, автоматтандыру, химияландыру және электрофикаттау жатады.

Өндірісті комплекстік механикаландыру мен автоматтандыру бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін толықтыратын машиналар, аппараттар, приборлар мен құрал-жабдықтарды өндірістің барлық учаскелерінде, операцияландыруда кең қолданылуы жатады. Ол өндірісті интенсификацияландыруға, еңбек өнімділігінің өсуіне, еңбек жағдайының жеңілдеуіне және жақсаруына, өнімнің еңбек сыйымдылығының азаюына ықпал етеді.

Механикаландыру – бұл қол еңбегі болған жерді, машиналарға ауыстыру. Өз дамуында механикаландыру бірнеше сатыдан өтеді: негізгі технологиялық процестерді механикаландырудан бастап, барлық технологиялық процестер мен жартылай көмекші жұмыстарды механикаландыруға дейін.

Комплекстік механикаландыру дегеніміз, қол еңбегін машиналы еңбекте жаппай, комплексті түрде технологиялық процестердің барлық операцияларында – негізгі техникалық процестермен қатар көмекші процестерде де алмастыру.

Қазіргі уақытта, өндірістік және өндірістік емес салалардың барлығында, комплекстік механикаландыруды бітіріп, өндірісті кешенді автоматтануға көшу міндеті тұр.

Өндірісті кешенді автоматтандыру дегеніміз энергия, материал және ақпараттарды алу, қайта өңдеу, беріп жіберу және қолдану процестерінде, адамның қатысын түгелдей немесе жартылай ауыстыру мақсатымен, техникалық құралдарды қолдану.

Кешендік автоматтану өндірістің барлық негізгі және көмекші операцияларын автоматтандыруды қамтиды. Оған – автоматтандырылған басқару жүйелері, электронды есептеуіш машиналар, роторлық желілер (линии), роторлық-конвейерлік желілер, т.б. жатады.

Өндірісті кешенді автоматтандыруда есептеу техникасының, әсіресе өндірісті компьютерлендірудің маңызы ерекше. Компьютерлендіру – өндірісті техникалық қайта құрудың және оның тиімділігін арттырудың негізі. Электронды есептеу машиналары мен микропроцессорлардың көмегімен, өлшеу, реттеу және ақпарат жүйелері жасалынады, конструкторлық жобалау жұмыстары мен ғылыми зерттеулер жүргізіледі, ақпараттық қызмет ету іске асырылады. Қазіргі уақытта, компьютерлер қолданылмайтын өндіріс саласы жоқ десе те болады.

Компьютерлендіруді дамыту жолында ақпарат ресурстарына кіруді жеңілдету үшін, ұлттық және ұлтаралық коммуникациялық-есептеу жүйелерін құру, космостық байланыстың спутниктік жүйелерінің жаңа үрпақтарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Өндірісті химияландыру ғылыми-техникалық прогрестің келесі бір бағыты – өндіріске химиялық технологияларды қолдану, шикізат пен материалдарды пайдаланып, өнімнің жаңа түрлерін шығару және оның сапасын арттыру, еңбектің тиімділігін және мазмұнын жақсарту арқылы өндірістің дамуын жетілдіру. Оған – жаңа конструкциялық және электроизоляциялық материалдарды өндіріске енгізу, синтетикалық шайыр (смола) мен пластмассаны қолдану, прогрессивті химиялық-технологиялық процестерді іске енгізу, арнайы қасиеттері бар әр-түрлі химиялық материалдарды шығару жатады.

Бұл бағыттардың әрқайсысы өз алдына тиімді, дегенмен оларды кешенді түрде қолдану тиімділік мөлшерін әлдеқайда арттырады.

Өндірісті химияландыру халық шаруашылығының шикізат базасын кеңейтеді. Ол шикізат ресурстарын неғұрлым кеңінен қолдану арқылы іске асады. Химияландыру деңгейін анықтайтын көрсеткіштерге: белгілі бір өнімді шығарудың технологиясында химиялық әдістердің үлес салмағы, шығарылған дайын өнімнің жалпы құнындағы қолданылатын полимерлік материалдардың үлес салмағы.

Ғылыми-техникалық прогрестің келесі бір маңызды бағыты – электірлендіру.

Электірлендіру деп технологиялық процестерде, басқару құралы мен өндірістің жүру барысын бақылау процестерінде электр энергиясын кеңінен қолдануды айтады.

Ғылыми-техникалық прогрестің үдемелі бағыттарына мыналар жатады:

  • халық шаруашылығын электронизацияландыру – өндірістің барлық салаларын және қоғамдық өмірді жоғарғы тиімді есептеу техникаларымен қамтамасыз ету (ЭЕМ, жеке компьютерлер, спутниктік байланыс жүйесі).

  • электронизация арқылы халық шаруашылығының барлық салаларын автоматтандыру (робототехникалық жүйе, микропроцессорлар, роторлық-конвейерлік желілер, автоматты жобалау жүйелері, өнеркәсіп роботтары).

  • атом энергетикасын жылдамдатып дамыту (жаңа атом электр станциясын салу, жылдам нейтронды, жоғарғы температуралы атомдық электротехникалық қондырғыларды орнату).

  • жаңа материалдарды шығару және қолдану, коррозия радиацияға төзімді, ыстыққа төзімді, тозуға төзімді және т.б.

  • жаңа технологияларды игеру – мембрандық, лазерлік, вакуумдық, плазмалық, детонациялық және т.б.

  • биотехнологияны жылдамдатып дамыту. Ол тамақ және шикізат ресурстарын көбейтуге жол ашады және қалдықсыз технологияларды қолдануға ықпал жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]