Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать

№24 Емтихан билеті

  1. Кәсіпорындағы өнімнің сапасы және бәсекелесу қабілеті

Өнімнің сапасы - кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапасын арттыру нарықтық экономикадағы кәсіпорынның алар орнын, ғылыми-техникалық прогресс жағдайын, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды тиімді пайдалануды анықтайды.

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз ─ кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын      қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.

Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі құрауыштарын атап өтейік:

Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім    (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.

Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі [3].

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі  белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:

Баға;

Сапалық;

Жаңалық;

Жарнама;

Пайдалану сенімділігі;

Көркемдеу, мәнерлеу;

Буып-түю, т.б.

Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл – күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.

  1. Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері

Өнімнің сапасы - кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапасын арттыру нарықтық экономикадағы кәсіпорынның алар орнын, ғылыми-техникалық прогресс жағдайын, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды тиімді пайдалануды анықтайды

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар.Тагайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыг бойынша қолданудан алынған экономикалык пайдалы тиім-ділікті көрсетеді.оӨндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгікөрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынад^ Ол баға-ланатын өнімнің көмегі арқылы шығарьшатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет. Сенімділік көрсеткіштері енімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді. Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлык-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті техно-логиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысынд;І материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайда-лануға жағдай жасайды. ' Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарыл-ған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөлік терінен тұрады. Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардыи арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері). Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, I формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді. Тасымалдауга шыдамдыльщ көрсеткіштері өнімнің тасы-I малдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. Патенттік-қуқықтык; көрсеткіштер - патенттік тазалық, I патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық ; шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді \ керсетеді. Экологиялык керсеткіштер - өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радияциялық сәулелердің болу мүмкіндігі). Қауіпсіздік кәрсеткіштері (өнімді жөндеу, сақтау, тасы-малдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау). Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]