Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Туризмнің негізгі даму көрсеткіштері:

-туристік ағымның көлемі;

-материалдық-техникалық базаның жағдайы мен даму деңгейі;

-туристік фирма қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштері;

-халықаралық туризмнің даму көрсеткіштері.

Туристік ағым ретінде қабылдайтын елге келетін туристердің тұрақты ағымын атайды.

Туристік ағымының көлемін сипаттайтын көрсеткіштерге туристердің жалпы саны, оның ішінде ұйымдасқаны мен өз бетінше барғандары; қонған түндерінің санын көрсететін тур күндерінің саны; төсек-күндері; орташа ұзақтығы, яғни осы өңірде өткізген уақыттың орташа көрсеткіштері жатады.

Тур күндерінің мөлшері туристердің жалпы санын әр туристің осы өңірде өткізген уақытының орташа ұзақтығына көбейтілгенімен тең болады.

Туристік ағым біркелкі кұбылыс емес. Сондықтан туристтік ағымның біркелкі еместігін сипаттау үшін әркелкілігінің коэффициенты қолданылады. Оны есептеу үшін түрлі тәсіл пайдаланылады.

Туризмнің даму деңгейін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерге туристік ағымның көлемін көрсететін туристердің жалпы саны, тур күндерінің саны және осы өңірде өткізген уақыттың орташа ұзақтығы жатады.

  1. Туризмнің экономикалық және әлеуметтік мәні.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1 Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3 Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызмет түрінде жүзеге асады. Бұл қызмет материалды немесе материалды заттармен байланысты, бірақ материалды емес болуы мүмкін.

Адамның әрекеттері еңбек күндерінен кейін дем алуға мүмкіндік беретін іс-қимылдарға бағытталған. Егер адам дұрыс демалып, көңіл көтермесе, оның физикалық және рухан күшін қалпына келтіруі қиын болады. Бұл әсіресе қалаларда тұратын адамдарға қатысты. Қазіргі адамдарда көптеп кездесетін стресс әртүрлі ауруларға, күйзеліске ұшыратады. Сондықтан да туризмді заманауи адамдар ұшырайтын көптеген қиындықтарға емдік құрал деп те айтуға болады.

Туризм эстетикалық, ақпараттық, физикалық рақат алуға мүмкіндік беретін кешен. Сондықтан да көп табыс таппайтын тұлғалар да мүмкіндігіне қарай саяхаттауға тырысады. Күн санап күшейіп келе жатқан халықаралық байланыс туристік қызметтерді ұсынатын кәсіпорындардың қызметін пайдалануға мүмкіндігін береді. Қазіргі күні ең танымал демалу түрі – жанұялық демалыс болып отыр. Туристік кәсіпорындар әртүрлі жас өкілдерінің қажеттіліктерін қанағаттандыра білулері тиіс. Туризм дамуы тұрғылықты халықтың еңбекпен қамтамасыз етеді. Сәтті бизнес жүргізу үшін бірінші ретте сауатты, білікті, бәсекелестерге қарағанда тиімді және арзан, ерекше туристік өнім ойлап шығара алатын мамандар қажет.

Қазіргі күні Қазақстаның туристік нарығында айтарлықтай бірнеше қиындықтар бар. Олар: инфрақұрылымның халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, қандай да бір қызығушылық туристік обьектілерде көпкүндік демалысқа жағдай жасалмағандығы, туристік обьектілерге жеткізетін ыңғайлы жолдың жоқтығы, білікті маман жетіспеушілігі және т.б.

Туристік қызметті тұтынушылар тыныш демалыстардан кейін экстремалды туризммен шұғылданғанды қалайды, ал мұндай туризм түрлері көп жағдайда туристік қызмет көрсетуге бейімделген елдер тобына жатпайтын елдер ұсына алады. Сондықтан да аталған елдерге қажетті туристік маршрут және қызмет туралы толық және шынайы ақпарат беруге бейімделу қажет. Осы жерде туристік саланың басты факторларының бірі толық және уақытында берілген ақпарат болып саналады деп те айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]