
- •№1 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын жоспарлау
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметі
- •Туризмнің экономикалық табиғи негіздері.
- •Туризм дамуының экономикалық көрсеткіштері.
- •№2 Емтихан билеті
- •Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
- •Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
- •Қр туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi
- •Ұлттық экономикаға туризмнің жанама әсерлері.
- •№3 Емтихан билеті
- •Бизнес-жоспар және оны дайындау тәртібі
- •Бағаның құрылуының нарық үлгісіндегі ерекшелігі
- •Туризмдегі қауiп-қатерді алдын алу негіздері
- •4. Айналыс капиталының түсінігі, құрылымы
- •№4 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның негізгі капитал
- •Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру
- •Туристік қызметтерге ққс-ын салу
- •Баға белгілеу стратегиясының факторлары мен әдістері
- •Әдістері: шығындық, сұранысқа бағдар, бәсекелес бағасына бағдар. №5 емтихан билеті
- •Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
- •Өнімнің сапасын басқару
- •Өндіріс шығыны және оның элементтері
- •Қазақстанда экологиялық туризмнің потенциалы
- •№6 Емтихан билеті
- •Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы
- •Кәсіпорынның импорттық операциясы
- •Туристiк қызметті сипаттайтын экономикалық көрсеткiштер
- •Айналыс капиталын сипаттайтын көрсеткіштер
- •№7 Емтихан билеті
- •Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Ғылыми-техникалық прогресс – өндірісті интенсификацияландыру мен дамытудың негізі
- •Туристік ресурстарға, инфрақүрылым және туристік индустрияны экономикалық бағалау және анализ жасау.
- •Өнімді жасау және өткізудегі экономикалық шығындарды негіздеу
- •№8 Емтихан билеті
- •Салыстырмалы тиімділік
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның айналым капиталымен қамтамасыз етілуі
- •Айналмалы қаражат түсінігі, мәні, маңызы
- •Турбизнес инвестициясының қалыптасу негіздері
- •№9 Емтихан билеті
- •Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
- •Өнім құны және баға анықталатын орта
- •Туризм XXI ғасырдағы социоэкономикалық құбылысы
- •№10 Емтихан билеті
- •Айналым қорларының айналысы
- •Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі
- •Туризм экономикасының теориялық негіздері.
- •Туристік бизнес нарығы
- •№11 Емтихан билеті
- •Айналым қорларын қалыптастыру көздері
- •Кәсіпорынның баға саясаты
- •Туризм салаларының қалыптасу жағдайлары.
- •Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге тигізетін туризмнің ықпалы.
- •№12 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекеттері
- •Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •Экономиканың ғылым ретіндегі туризмге байланыстылығы
- •Туристік бизнестегі үйымдастыру-қүқықтық формалары.
- •№13 Емтихан билеті
- •Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері
- •Экономикалық санаты ретіндегі бағаның мәні
- •Туристік қызмет субъектілері
- •Туристік кәсіпорын.
- •№14 Емтихан билеті
- •Қаржы инвестициялары
- •Туризмнің даму бағыттары
- •№15 Емтихан билеті
- •Инвестициялардың тиімділігін бағалау
- •Еңбекақыны жоспарлау және реттеу
- •Ұлттық шаруашылық жүйесіндегі экономика салалары.
- •Туристік өнім және қызмет қүнын есептеу әдістемесі.
- •№16 Емтихан билеті
- •Инвестициялардың тәуекелділігі
- •Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру
- •Негізгі қор түсінігі, құрылымы, қалыптасу негіздері
- •Туристік мекеменің жүмыс істеу және даму көрсеткіштері. №17 емтихан билеті
- •Кәсіпорын қызметін экономикалық және қаржы жағдайын талдау
- •Өнімнің өзіндік құны және калкулациялау баптары
- •Өнімді өткізудегі экономикалық шығындар.
- •Туристiк қызметтерді көрсету негіздері
- •№18 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның өнімдерінің бағаларын қалыптастыру
- •Туристік ресурс кадастры. Туризм және экология.
- •Инфрақүрылым және туристік индустрияны бағалау.
- •№19 Емтихан билеті
- •Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құнның калькуляциясы
- •Кәсіпорынның инновациялық іс-әрекеті
- •2. Қолданылуына байланысты:
- •4. Қайта өндіру процесіндегі роліне байланысты
- •5. Масштабына қарай:
- •Экологиялық туризм негіздері.
- •География экотуризма[править | править исходный текст]
- •Туризмдегі қауiп-қатер түсінігі.
- •№20 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындардағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
- •Негізгі қор құрылымы
- •Ұлттық шаруашылық жүйесіндегі экономика салалары.
- •№21 Емтихан билеті
- •Еңбекақының жүйелері және нышандары
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Туризмнің негізгі даму көрсеткіштері:
- •Туризмнің экономикалық және әлеуметтік мәні.
- •№22 Емтихан билеті
- •Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері
- •Шаруашылық қызметін бағалау көрсеткіштері және оларды талдау
- •Экономикалық анализ - туристік индустриядағы кәсіпорынның әсерлі қызмет етудің негізгі шарты ретінде.
- •Кәсіпорын нарық экономикасының субъектісі
- •№23 Емтихан билеті
- •Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі
- •Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •Туристік фирмалардың іс әрекет нысандары- туристік өнімді түтынушылар.
- •Туризм экономикасының теориялық негіздері
- •№24 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындағы өнімнің сапасы және бәсекелесу қабілеті
- •Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •Негізгі капиталды сипаттайтын көрсеткіштер
- •Экономика салалары және салалық классификация.
- •№25 Емтихан билеті
- •Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы
- •Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
- •Кәсіпорын және экономикалық орта.
- •Кәсіпорынның ішкі ортасы.
- •№26 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын жоспарлау
- •Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
- •Туристік қызметті іске асыру аспектілері
- •Туристер үшін кеден жеңілдіктер.
- •№27 Емтихан билеті
- •Бағаның құрылуының нарық үлгісіндегі ерекшелігі
- •Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
- •Туристік индустрия.
- •№28 Емтихан билеті
- •Өнімнің сапасын басқару
- •Ғылыми-техникалық прогресс – өндірісті интенсификацияландыру мен дамытудың негізі
- •Айналым қүралдарына қажеттілікті анықтау негіздері
- •Туризмнің экономикада және әлеуметтік саясатта алар орны мен рөлі.
- •№29 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның айналым
- •Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
- •Туризмнің инновация саласындағы орны
- •Туризм және еліміздің үлттық байлығы.
- •№30 Емтихан билеті
- •Айналым қорларын қалыптастыру көздері
- •Кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекеттері
- •Амортизациялық жарна түсінігі, мәні, қажеттілігі
- •Туризм және жұө.
№20 Емтихан билеті
Кәсіпорындардағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
Еңбекақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбекақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.
Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уаөыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.
Еңбекақы мына формула бойынша есептелінеді:
ЕА=ТС + ПУ;
мұндағы: ЕА – еңбекақы;
ТС – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлемесі;
ПУ – нақты пайдаланылған уақыт.
Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:
ЕА = КБ х ОМ,
мұндағы: ЕА – еңбекақы;
КБ – өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;
ОМ – дайындалған өнімнің мөлшері.
Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нысанын талдау бірнеше факторларға тәуелді:
қолданылатын жабдықтың сипатына;
технологиялық процестің ерекшелігіне;
еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;
материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;
өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.
Еңбекақының мерзімдік және кесімді нысаналары тәжірибеде әр түрлі жүйелер түрінде қолданылады.
Қазіргі кезде еңбекақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған.
Еңбекақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттық (күндік) тарифтік ставкасының сағаттағы (күндегі) пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.
Мерзімдік-сыйлық жүйесі кезінде белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде тағайындалады (қосылады). Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнемділігі болуы қажет.
Соңғы уақытта, нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы төлеу немесе кесімді мерзімдік еңбекақы төлеу кең қолданыла бастады. Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар, белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбекақысымен төленетін жұмысты орындауға тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады (қосылады). Мысалы, егер де жұмысшы немесе бригада 7 сағат нормаланған тапсырмаға сәйкес келетін жұмыс көлемін 6 сағат ішінде орындап шықса, онда ақы оған 7 сағатқа төленеді.
Нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы төлеу өндіріске қызмет көрсетумен байланысты (әсіресе жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарында жиі қолданылады).
Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:
тікелей кесімді;
кесімді-сыйлықақы;
үдемелі кесімді;
жанама кесімді;
аккордтық.
Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнімнің бірлігіне қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке кесімді бағаламаны, уақыттың нормасында орындалатын жұмыстың разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік ставканы өнім бірлігіне көбейту арқылы немесе сағаттық тарифтік ставканы өндірім мөлшеріне бөлу арқылы табамыз. Жұмысшының жалпы табысын уақыттың есептелінген кезеңінде өндірілген өнімнің мөлшерін кесімді бағаламаға көбейту арқылы табамыз.
Кесімді сыйлықақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала белгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді.
Үдемелі кесімді еңбекақы төлеу жүйесі норманы орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал нормадан тыс өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды. Бұл еңбекақы төлеудің жүйесі, әдетте, жаңа техниканы меңгеріп алумен байланысты жұмыстарда уақытша қолданылады.
Еңбекақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әрбір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады. Бірақ еңбекақы төлеудің мердігерлік нысаны кең таралған. Бұл еңбекақы төлеудің нысанының маңызы мынада, яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бір жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын күтеді.
Жанама кесімді еңбекақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және т.б.) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады. Олардың табысының мөлшері негізгі қызмет көрсетуші, жұмысшы-істеушілер қызметінің нәтижесіне тікелей тәуелді.
Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған нормалар мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз. Еңбекақы төлеудің осы жүйесі ең алдымен жұмысшылардың аз санымен және қысқа уақытта жұмыстың барлық көлемінің орындалуына жағдай жасайды.
Ғылыми-техникалық прогресс және мұнымен байланысты өндірісті автоматтандыру кесімді еңбекақының мерзімдік еңбекақыға ауысуындағы беталыстардың пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Мұндай еңбекақы төлеудің нысаның пайдаланған кезде, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін төмендетпейтін барлық мүмкіншілік шаралар қолданылуы керек. Мұндай шаралардың қатарына, еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны кезіндегі еңбекті нормалаудың жоғарғы деңгейін қолдайтын және сақтайтын шаралар жатады.
Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік жіне кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз. Мұндай жүйені ұжымның әрбір мүшесінің жалпы жауапкершілік және мүддесі кезіндегі қызметкердің еңбек нәтижесін бағалауға мүмкіншілік бар кезде қолданған орынды.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін қолданушы ұйымның тәжірибелік қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады (мысалы, тоқтапқалу уақытының ақысы, қызметкерлердің кесірінен болмаған ақаулар және т.б.)№ Осыған қарай еңбекақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйесінің элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.