Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Инфрақүрылым және туристік индустрияны бағалау.

Туристік нарықтың функциялануы анық бейнеленген маусымдық сипатқа ие. Туристік индустрияның маусымдылығына әр түрлi факторлар ықпал етедi. Туристiк нарықтың функциялануына әсер ететін негiзгi факторларға табиғи-климаттық факторлард жатады. Екінші қатардағы факторларға туризм индустриясымен туристке ұсынылған тауарлар мен қызметтердi халықтың тұтынуға деген экономикалық мүмкiндiктерi; потенциялды клиенттерде бос уақыттың бар болуы; жыныстық және жас құрамына қарай демографиялық ерекшелiктері; психологиялық факторлар, жеке алғанда дәстүр, талғам, сән. Сондықтан туристiк фирма жүзеге асырылатын қызметтердiң көлемiн жоспарлауда және талдау процесінде жылдық орта мөлшердегi көрсеткiштерден жеке айлардың көрсеткiштерiнiң ауытқу заңдылығын есепке алуы керек. Бұл есептеулер маусымдық коэффиценті негізінде жүргізіледі, яғни барлық есеп айырысу кезеңiнде жүзеге асырылған қызметтердiң орташа айлық көлемiне жылдардың орташа айлық деңгейлерiнiң проценттiк байланысы болатын маусымдықтың коэффициентi. Аз дегенде есептеулерді соңғы үш жылға жүргізу ұсынылады.

Туризм маусымдылығы туризмдегi қызметкерлердiң жұмыспен қамтылу құрылымына ықпал ететiнiн есепке алу керек, оның ерекшелiктерi болып толық жұмыспен қамтылмау; еңбек жүктемесі мен жұмыспен қамтылу көлемiнің маусымдық ауытқулары.

№19 Емтихан билеті

  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құнның калькуляциясы

Жоспарлы жұмыс істеуде өнімнің өзіндік құнын есептеудің үш әдісінің бірі қолданылады: нормативтік, параметрлік және факторлық.

Нормативтік әдіс қолданылғанда өндірілген өнімнің барлық номенклатурасы, барлық өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер бойынша бағалық және натуралды нормалар мен нормативтердің толық кешені болуы тиіс.

Бұл мөлшерлер және бағаланымдар кәсіпорын экономикасының барлық жақтарын қамтып қана қоймай, ілгеріге бағытталған болуы керек. Ал оны тек техника, технология және өндіріс құрылысының дамуы есепке алыңғандығы ғылыми тұрғыдан негізделген нормативтік базалар мен нормаларды кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізу негізінде қамтамасыз етуге болады.

Параметрлік әдіс өндірістік (техникалық және тағы басқа) параметрлермен өндіріс шығындары арасында тікелей байланыс орнату мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан параметрлік әдіс нормативтік әдіс сияқты кеңінен қолданылмайды.

Факторлар бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеу әдісі едәуір аз мәліметтерді қажет етсе де қанағаттарлық нақты нәтиже береді. Сондай-ақ шығын деңгейіне әсер ететін әр түрлі бағыттар мен факторлардың ролі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

  1. Кәсіпорынның инновациялық іс-әрекеті

Кэсіпорындардакы инновациялық сгратегиянын қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:

-жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша ролі;

-өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;

-жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеггілігі;

-өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы; олардың ғылыми-техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;

-ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;

-жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;

-техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі, және т\б. Инновация дегеніміз - ғылыми-техникалық прогресс же-тістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс - негізгі капиталдың (ондірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды. Инновациялардың мынадай түрлері болады: 1. Жаңалығына байланысты:

-базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді іске асырады;

-жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады.

-жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға колданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]