Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Туристiк қызмет­терді көрсету негіздері

Туристiк қызметтердiң көрсетілуi келiсiм шарт негiзiнде iске асады. Туристiк қызмет көрсетудің келiсiм шарты жазбаша түрде болады, гид, гид-аудармашы және экскурсоводпен тұжырымдалатын келiсiм шарттарын қоспағанда ҚР-ың заңына сәйкес келуi керек. Туристік қызмет көрсету келiсiм шарты ҚР-ы Үкiметімен бекiтілген типтiк келiсiм шартқа негізделе жасалады.

Тараптардың әрқайсысы маңызды жағдайларға байланысты өзгерiстер енгізуге неме-се шартты бұзуды талап етуге құқылы. Жағдайлардың маңызды өзгерiстерiне саяхат шарттарының нашарлауы; саяхат мерзiмдерiнiң өзгерiсi; көлiк тарифтерінің аяқ асты өсуi; бюджетке төленетін міндетті төлемдер, жиындар мен салық салымының жоғарылауы ж/е жаңаларының пайда болуы; тараптардың келiсiмi бойынша анықталатын басқа да негiздер.

Туристік қызметті ұсынушылар шартта көрсетілген жағдайларды орындамаған неме-се лайықты түрде көрсетпеген жағдайда, турист ҚР-ы заңында көрсетілген ретте және жағдайда шартты бұзуға құқығы бар. Саяхат басталғанға дейін турист келi-сiмшартты орындаудан бас тартуға құқылы, егерде турист туристік қызметті жүзеге асыру-шыға келісім шартты орындаудан бас тартқанға дейінгі кеткен шығындарды төлеген жағдайда.

Егер туристің кесірінен туристік қызмет көрсету шартын орындауға мүмкін есем жағдайда, басқа заң актiлерінде немесе қызметтердi қайтарымсыз өтеу келiсiм шартында ескерiлмесе қызмет толық көлемдегі төлемге жатады.

Егер екі тарап та жауап бермейтін, туристiк қызмет көрсету келiсiм шартын жағдайға байланысты орындауға мүмкiн болмаған жағдайда, басқа заң актiлері немесе келiсiм шар-тымен ескерiлмесе, турист туристік фирманың кеткен шығындарын өтейді.

Туристердің кесiрiнен болған жағдайдан басқа, туристік қызметті жүзеге асырушы тұлға тапсырыс берушіге кеткен барлық шығындарының орнын толтырған жағдайда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Басқа елге келгенде келiсiм шарттың сәйкесінше жағдайда немесе жүру маршруты бойынша келiсiм шарттың лайықсыз орындалуына туристiк қызметті орындайтын тұлға жауапкершiлiк артады. Туристерге келтірілген моралдiқ зиян мен шығындар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өтеледі. Туристік қызметті жүзеге асырушы тұлға шартта ескерілген жағдайлардың өзгерісі және келісім шартқа маңызды өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда туристке мұндай өзгерістердің сипаты мен оның салдары жайлы жазбаша түрде дереу хабарлауы тиіс. Сондай-ақ, туристiк қызметті орындайтын тұлға саяхат барысында туритске дүлей күштің ықпалы салдарынан келтірілген залал үшін жауапкершілік артпайды.

№18 Емтихан билеті

  1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері

Шығын деген ұғымды түсіну үшін, алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор. Отандық тәжірибеде «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» ұғымдары бірдей деп теңестіріліп қаралып, сонымен қатар «өндіріс шығындары», «өндіріске жұмсалған шығындар» терминдері де қолданылады.

«Өндіріске жұмсалған шығындар» (Затраты на производства) өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» (Издержки производства) сату шығындарын қоса қамтиды

Шығындарды - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты - шығындар тікелей және жанамаға бөлінеді. Тікелей деп өнімнің нақты түрлерін өндіру мен байланысты шығындарды және оларды өнімнің өзіндік құнына ешқандай тарату әдістерін қолданбай-ақ тікелей енгізуге (бастапқы құжаттарының, жиынтық ведомостерінің мәліметтері бойынша) болатын шығындарды айтамыз. Жанама шығындарға бірнеше өнім түрлерін өндіру үшін жалпы сипатта болатын және олар өнімнің өзіндік құнына тарту әдістерінің көмегімен таратылатын шығындар (үстеме шығындар, құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап күту шығындары) жатады. Шығындарды тікелей және жанама шығындарға сыныптау өндіріс шығындарының толық және ішінара (толық емес) есеп жүйесін ұйымдастыруда маңызы зор. Жанама шығындардың басты ерекшелігі, олардың кейбір элементтерінің белгіленген базаның шеңберіне өзгермейтіндігі мен тұрақтылығы болып табылады.

Тікелей және жанама шығындарының жиынтығы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының көрнісі десек, оның ішінде негізгі және үстеме шығындарының үлесін және олардың сипатын анықтаудың қажеттілігі туындайды. Негізгі дегеніміз өнім өндіру мен тікелей байланысты шығындар.

Үстеме шығындарының табиғаты жанама шығындармен тамырлас. Осы тұрғыдан алып қарағанда үстеме шығындарына, жалпы өндірістік шығындары мен кезендік шығындарын жатқызуға болады. Жалпы өндірістік шығындарға, негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдарды жөндеу, сақтандыру шығындарын, кезендік шығындарына жалпы және әкімшілік өнім сатуға байланысты, сыйақы бойынша төлеуге тиісті шығыстар шығындар жатады.

Шығындар өнімнің өзіндік құнына енетін (өндірістік) және өндірістік емес деп топталады.

Өндірістік шығындар - бұл түгендеу объектісі болып саналатын өнімнің өзіндік құнына енетін материалданған шығындар. Олар үш элементтен тұрады:

- тікелей материалдық шығындар;

- тікелей еңбек ақы шығындары, аударымдарымен;

- жалпы өндірістік шығындар (жанама шығындар).

Бұл аталған элементтердің жиынтығы, өнім өндіру мақсатында өндіріске жұмсалған шығындардың, дайын өнім аяқталмаған өндіріс шығындары түріндегі таратылған көрінісі.

Өндірістік емес шығындарға, қорларды бағалауға қатыспайтын, өнім сатуға байланысты және әкімшілік шығыстары жатады. Өндірістік емес шығыстар негізінен өнімнің көлеміне емес, кезеңнің ұзақтығына байланысты.

Өндіріске жұмсалған шығындарды біртекті (бір элементі) және кешенді (бірнеше элементі) деп топтау қабылданған. Бір элементі (бір текті ) дегеніміз - өндіріске жұмсалған бір текті шығындар. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындарды осы белгісі бойынша мынандай элементтер бойынша топтайды:

- материалдық шығындар;

- еңбек ақы төлеу шығындары;

- әлеуметтік салыққа аударым;

- амортизациялық аударым;

- басқа да шығындар.

Жоғарыда айтылғандай кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұрады. Бұндай шығындарға үстеме шығындар мен жалпы өндірістік шығындар мысал бола алады.

Айнымалы шығындарына, сомасы өндіріс көлеміне тікелей байланыста өзгеретін , яғни олар ұйымның іскерлік деңгейіне де байланысты шығындар жатады. Тұрақты деп өндірістің көлемінің өзгеруіне де, яғни ұйымның іскерлік белсенділік деңгейіне де тәуелді емес шығындарды айтамыз. Тәжірибеде тұрақты шығындар мен айнымалы шығындардың шекарасын дәл анықтау мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты немесе жартылай айнымалы болып табылады. Сондықтан оларды шартты-тұрақты немесе шартты-айнымалы деп жиі атайды.

Жоспарланған – бұл нормаларға, нормативтерге, шектеулерге сәйкес белгіленген өндіріс көлеміне есептеліп өнімнің жоспарланған өзіндік құнына енетін шығындар. Жоспарланбайтын – тек қана өнімнің нақты өзіндік құнында көрсетілетін шығындар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]