Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру

Еңбекақы (жұмысақы) төлеудің мағызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілген сыйақы деп түсінеміз.

Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкереңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.

Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

Қызметкерлер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататыны құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылатындықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік (мотивациялық) қызмет атқарады.

Еңбек ақы төлеудің ақшалай және заттай (натуральный нысандары бар). Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нысандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нысанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.

Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың механизмі (тетігі) жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық реалияға (жағдайларға) қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.

Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номинальдық еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге еңбек ақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

  • мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт ішінде төлемдер;

  • еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

  • қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

  • сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

  • демалыс уақыттарына ақы төлеу;

  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

  • кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

  • жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]