Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать

№15 Емтихан билеті

  1. Инвестициялардың тиімділігін бағалау

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвестициялар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

Осы Методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

  • таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);

  • инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ);

  • табыстың ішкі нормасы (ТІН);

  • қайтарым уақыты (Тқай).

Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиіміділігін есептегенде инвестордың – инвестициялық, операциялық, қаржылық іс-әрекеті қаралып, есепке алынады. Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.

Нақты ақшалардың ағыны – инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс-әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма. Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) – инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс-әрекеттен болған ақша қаражаттарының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаны қабылдаудың қажетті критерийі ретіндегі нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептеледі. Ал егер сальдо (қалдық) – жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат бөлуі, не болмаса қарызға қаражат алуы тиесілі.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.

Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады.

Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:

  • жалпы инфляция – экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал, қызмет, еңбек т.б.) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;

  • инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) – өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;

  • инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]