
- •№1 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын жоспарлау
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметі
- •Туризмнің экономикалық табиғи негіздері.
- •Туризм дамуының экономикалық көрсеткіштері.
- •№2 Емтихан билеті
- •Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
- •Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
- •Қр туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi
- •Ұлттық экономикаға туризмнің жанама әсерлері.
- •№3 Емтихан билеті
- •Бизнес-жоспар және оны дайындау тәртібі
- •Бағаның құрылуының нарық үлгісіндегі ерекшелігі
- •Туризмдегі қауiп-қатерді алдын алу негіздері
- •4. Айналыс капиталының түсінігі, құрылымы
- •№4 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның негізгі капитал
- •Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру
- •Туристік қызметтерге ққс-ын салу
- •Баға белгілеу стратегиясының факторлары мен әдістері
- •Әдістері: шығындық, сұранысқа бағдар, бәсекелес бағасына бағдар. №5 емтихан билеті
- •Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
- •Өнімнің сапасын басқару
- •Өндіріс шығыны және оның элементтері
- •Қазақстанда экологиялық туризмнің потенциалы
- •№6 Емтихан билеті
- •Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы
- •Кәсіпорынның импорттық операциясы
- •Туристiк қызметті сипаттайтын экономикалық көрсеткiштер
- •Айналыс капиталын сипаттайтын көрсеткіштер
- •№7 Емтихан билеті
- •Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Ғылыми-техникалық прогресс – өндірісті интенсификацияландыру мен дамытудың негізі
- •Туристік ресурстарға, инфрақүрылым және туристік индустрияны экономикалық бағалау және анализ жасау.
- •Өнімді жасау және өткізудегі экономикалық шығындарды негіздеу
- •№8 Емтихан билеті
- •Салыстырмалы тиімділік
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның айналым капиталымен қамтамасыз етілуі
- •Айналмалы қаражат түсінігі, мәні, маңызы
- •Турбизнес инвестициясының қалыптасу негіздері
- •№9 Емтихан билеті
- •Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
- •Өнім құны және баға анықталатын орта
- •Туризм XXI ғасырдағы социоэкономикалық құбылысы
- •№10 Емтихан билеті
- •Айналым қорларының айналысы
- •Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі
- •Туризм экономикасының теориялық негіздері.
- •Туристік бизнес нарығы
- •№11 Емтихан билеті
- •Айналым қорларын қалыптастыру көздері
- •Кәсіпорынның баға саясаты
- •Туризм салаларының қалыптасу жағдайлары.
- •Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге тигізетін туризмнің ықпалы.
- •№12 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекеттері
- •Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •Экономиканың ғылым ретіндегі туризмге байланыстылығы
- •Туристік бизнестегі үйымдастыру-қүқықтық формалары.
- •№13 Емтихан билеті
- •Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері
- •Экономикалық санаты ретіндегі бағаның мәні
- •Туристік қызмет субъектілері
- •Туристік кәсіпорын.
- •№14 Емтихан билеті
- •Қаржы инвестициялары
- •Туризмнің даму бағыттары
- •№15 Емтихан билеті
- •Инвестициялардың тиімділігін бағалау
- •Еңбекақыны жоспарлау және реттеу
- •Ұлттық шаруашылық жүйесіндегі экономика салалары.
- •Туристік өнім және қызмет қүнын есептеу әдістемесі.
- •№16 Емтихан билеті
- •Инвестициялардың тәуекелділігі
- •Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру
- •Негізгі қор түсінігі, құрылымы, қалыптасу негіздері
- •Туристік мекеменің жүмыс істеу және даму көрсеткіштері. №17 емтихан билеті
- •Кәсіпорын қызметін экономикалық және қаржы жағдайын талдау
- •Өнімнің өзіндік құны және калкулациялау баптары
- •Өнімді өткізудегі экономикалық шығындар.
- •Туристiк қызметтерді көрсету негіздері
- •№18 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның өнімдерінің бағаларын қалыптастыру
- •Туристік ресурс кадастры. Туризм және экология.
- •Инфрақүрылым және туристік индустрияны бағалау.
- •№19 Емтихан билеті
- •Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құнның калькуляциясы
- •Кәсіпорынның инновациялық іс-әрекеті
- •2. Қолданылуына байланысты:
- •4. Қайта өндіру процесіндегі роліне байланысты
- •5. Масштабына қарай:
- •Экологиялық туризм негіздері.
- •География экотуризма[править | править исходный текст]
- •Туризмдегі қауiп-қатер түсінігі.
- •№20 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындардағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
- •Негізгі қор құрылымы
- •Ұлттық шаруашылық жүйесіндегі экономика салалары.
- •№21 Емтихан билеті
- •Еңбекақының жүйелері және нышандары
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Туризмнің негізгі даму көрсеткіштері:
- •Туризмнің экономикалық және әлеуметтік мәні.
- •№22 Емтихан билеті
- •Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері
- •Шаруашылық қызметін бағалау көрсеткіштері және оларды талдау
- •Экономикалық анализ - туристік индустриядағы кәсіпорынның әсерлі қызмет етудің негізгі шарты ретінде.
- •Кәсіпорын нарық экономикасының субъектісі
- •№23 Емтихан билеті
- •Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі
- •Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •Туристік фирмалардың іс әрекет нысандары- туристік өнімді түтынушылар.
- •Туризм экономикасының теориялық негіздері
- •№24 Емтихан билеті
- •Кәсіпорындағы өнімнің сапасы және бәсекелесу қабілеті
- •Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •Негізгі капиталды сипаттайтын көрсеткіштер
- •Экономика салалары және салалық классификация.
- •№25 Емтихан билеті
- •Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы
- •Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
- •Кәсіпорын және экономикалық орта.
- •Кәсіпорынның ішкі ортасы.
- •№26 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын жоспарлау
- •Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
- •Туристік қызметті іске асыру аспектілері
- •Туристер үшін кеден жеңілдіктер.
- •№27 Емтихан билеті
- •Бағаның құрылуының нарық үлгісіндегі ерекшелігі
- •Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
- •Туристік индустрия.
- •№28 Емтихан билеті
- •Өнімнің сапасын басқару
- •Ғылыми-техникалық прогресс – өндірісті интенсификацияландыру мен дамытудың негізі
- •Айналым қүралдарына қажеттілікті анықтау негіздері
- •Туризмнің экономикада және әлеуметтік саясатта алар орны мен рөлі.
- •№29 Емтихан билеті
- •Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның айналым
- •Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
- •Туризмнің инновация саласындағы орны
- •Туризм және еліміздің үлттық байлығы.
- •№30 Емтихан билеті
- •Айналым қорларын қалыптастыру көздері
- •Кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекеттері
- •Амортизациялық жарна түсінігі, мәні, қажеттілігі
- •Туризм және жұө.
№14 Емтихан билеті
Қаржы инвестициялары
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің маңызды объектісі болып табылады.
Борыштық бағалы қағаздар – заттай емес активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа, қарызға берілген қаражат болып есептелінеді.
Акция – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын, осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады. Акциялар эмиссиясы дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, компанияның жарғы капиталын көбейту.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтылайды. Қарыздық міндеттемелерге – облигациялар, мемлекеттік заемдар, банкілерде депозиттік және сақтау сертификаты, вескельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар – иелерінің акцияларды және қағаздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді. Олар – опциондар, фьючерстік келісімдер.
Опцион – еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құнының беретін бағалы қағаздар.
Қаржылық фьючерс – белгілі бір базистік активті болашақ тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім.
Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орнына берілген бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен, қандай сомада бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдаң көп), қысқа мерзімді (1 жылдан аз) қаржылық инвестициялар болады. Көрсетілген активтерге қаражат қуюшылар – инвесторлар, ал бағалы қағаздар шығарушылар – эмитенттер деп аталады.
Инвестициялардың негізгі мақсаттарына жататындар:
салымдардың қауіпсіздігі;
салымдардың табыстылығы;
салымдардың өсуі;
салымдардың өтімділігі.
Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижесінде анықтау қажет.
Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі. Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру. Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады. Негізгі талдау аспектілері:
техникалық талдау. Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау;
коммерциялық талдау (маркетингтік). Инвестициялық жобаны іске асырғаннан кейін, шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау;
институционалдық талдау – жобаны іске асырудың ұйымдық-құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау. Осы ортаны мемлекеттік ұйымдардың талабына сай келтіру; тағы бір басты жай – фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру;
әлеуметтік (әлеуметтік-мәдени) талдау – жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу;
қоршаған ортаны талдау – жобаның қоршаған ортаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы және ондай кері әсерлерді болдырмау әдістерін қарастыру;
қаржылық талдау;
экономикалық талдау.
Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
Өнімнің өзіндік құны - бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнына, өндіріс процесінде өнім өндіруге жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді.
Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатакхана, мектеп, клуб) кірмейді. Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
әлеуметтік сақтандыруға;
банк кредитінің пайызы;
негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға кететін шығын;
айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар;
тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлік пайданың минималды мөлшері кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.
Өнімнің өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтық, фабрика, зауыттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны - бұған өндірілетін өнімге цехта, учаскелерде, бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн - бұл цехтық шығындар + жалпы зауыттық, өндірістік шығындар.
Өндірістік өзіндік құн - цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны, салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзіндік құны жоспарлы, болжамды, нақтылы деп бөлінеді.
Жоспарлы өзіндік құн - бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.
Болжамды өзіндік құн - бұл техникалық-экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.
Нақтылы өзіндік құн - бұл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтеріне бөлінеді:
шикізаттар мен материалдар элементі;
жалақы қоры;
әлеуметтік сақтандыруға бөлу;
негізгі капитал амортизациясы;
басқа да шығындар.
Шығындарды экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары бойынша «негізгі» шығындар және «қосымша» шығындар деп бөлінеді.
Негізгі шығындар өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал қосымша шығындар - бұл өндірістік техникалық даярлау, басқару ұйымдастыру шығындары жатады.