Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать

№12 Емтихан билеті

  1. Кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекеттері

Кәсіпорындардың өндірістік—шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік—эконмикалық потенциялын сақтау және әр қарай дамыту.Кәсіп орындардың бұл саладағы іс-әрекеті—инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы» бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады. Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар(инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар,сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар(банкілер,қамсыздандыру ұйымдары,инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процесстің қатысушылары жатады.Тапсырыс берушілерге—инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаның іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады. Кәсіпорындағы инвестициялық әс әрекеттің басты мехнаизмінің бірі инвестициялық жобалаудың тиімділігі болып табылады.

  1. Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

Өндірістің экономикалық тиімділігі өндіріс әрекетінің нәтижелігі, шаруашылық әрекетінің өзара ара-қатнасының нәтижесі және шығындар мен ресурстар, өндіріс күшінің белгілі бір деңгейде және кезеңде қолданылуы болып табылады. Берілген анықтамадан мына ұғым шығады, яғни экономикалық тиімділік деңгейінде екі шама бар: экономикалық әсер мен өндіріс шығыны және ресурсы. Экономикалық әсер қандай да бір қажетті нәтижені баға құнымен болжамдайды. Әдетте қажетті нәтиже болып пайда немесе экономикалық шығын және ресурс табылады. Кәсіпорында алынған экономикалық әсер абсолюттық шама, өнім өндірісінің масштабына және экономикалық шығынына байланысты.

  1. Экономиканың ғылым ретіндегі туризмге байланыстылығы

Экономикалық қатынастар үлкенді-кішілі дәрежедегі құрылымды білдіреді. Экономикалық жүйелерді әр түрлі өлшемдер бойынша бөлуге болса да, бірқатар елдердің елдік айрымашылықтарына қарамастан үйлестіру тәсілдері (негізінен), меншік нысандары, экономикалық басқару органдары және т.б. бірдей сол бір экономикалық жүйесі болуы ықтимал. Осының айқын мысалы ретінде нақты социализмнің бұрынғы жүйесінің мемлекеттерін және капиталистік жүйесі бар елдермен, яғни экономиканы нарықтық ұйымдастыруды жоспарлы үйлестірумен; капиталистік емес елдердегі жеке меншіктің басым рөлімен қоғамдық меншіктің өктемдігімен; нарықтық институттар мен ұйымдардың болмауын дамыған нарықтық инфрақұрылыммен салыстыруға болады, көптеген КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық жүйесі Батыс елдерінің экономикалық жүйелерінен осы және басқа да белгілермен ерекшеленді. Осының барлығы осы елдердің экономикалық қатынастарының басқа да нақты нысандарында да байқалды. Экономикалық жүйелердің айырмашылықтары сол немесе басқа елде және қазіргі кезеңдегі жағдайдағы экономикалық құрылыстың ерекшелігіне де айтарлықтай ықпал етеді. Мәселен, дәстүрлі табиғи құрылым басым дамушы елдердің экономикасымен қатар дамыған елдерде технологиялық базасы постиндустриалдық технологиялар мен өндірістік күштерге негізделген қазіргі заманы аралас экономикалық жүйелер дамуда. Демек, біз, мысалы, АҚШ пен Мали, Германия мен Того және т.б. сияқты елдердің экономикалық құрылымындағы айырмашылықтың жер мен көктей екеніне көз жеткіздік. Сөйтіп, экономикалық құрылым экономикалық қатынастардың бағанышты жүйесі ретінде өзінің экономикасын сол бір қағидалармен дамытатын бірқатар елдерге тән. Аталмыш қағидалар экономикалық жүйелердің дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген. Қағидалардың ішінен экономикалық жүйелердің экономиканың технологиялық базисінің, оның өндіргіш күштерінің өзгеруінің ықпалынан дамуын атап өту қажет. Осы байланыс тек соңында ғана байқалса да, ол сол немесе бақса елдің экономикалық құрымында өзгеріс туындататын елеулі әрі тұрақты фактор болып табылады. Экономикалық құрылымға ықпал ететін тұрақты фактор ретінде қоғамдағы құқықтық институттардың қоғамның саяси құрылымы тарапының технологиялық факторларының негізгі рөлін ішінара толықтыратын ықпалын да жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]