Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Туризм экономикасының теориялық негіздері.

Ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру – ұзақ уақытқа жалғасатын үдеріс. Ол экономикалық өзгерістердіңі нәтижесі ғана емес, сонымен бірге экономикаға тікелей қатысы жоқ бірқатар факторлардың салдары болып табылады. Саяси бағыттың өзгеруі, соғ,ыстар мен басқа да күйзелістер ұлттық дамудың үлгісін нақтылайтын, сонымен бірге оны түбегейлі өзгертетін шешуші фактор болып табылады. Мысал ретінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар елдерде ұлттық даму модельдері мен ұлттық экономикалық жүйелердің өзгеруін атауға болады. Теориялық талдауда бастапқыда дамуға ықпал ететін форс-мажорлық жағдайларды ескермеу қажет. Бұл жағдайда ұлттық экономикалық модельдер факторлар қоғамдық дамуына іштей тән өзінен-өзі қалыптасатын үдеріс ретінде қалыптасады. Ұлттық экономкиалық жүйенің маңызын теориялық талдау оның осы кезеңде қоғамның экономикалық жүйесінің қалыптасуынан пайда болған өнім екенін көрсетеді. Экономикалық жүйелердің қалыптасу заңдылықтары әмбебап болып табылады. Олар елдің ерекшеліктеріне байланысты емес, дамудың жалпы заңдылықтарының іс-әрекет жасауының өнімі болып табылады. Екіншіден, экономикалық жүйелердің бір тұрпатының әр алуан нұсқаларының болуы (нарықтың еркіндігінің әр түрлі дәрежесі, мемлекеттің экономикалық дамудың реттеушісі ретіндегі рөлі және т.б.) экономикалық жүйелердің сол немесе басқа тұрпатының алуан түрлі және көп нұсқасының барын растайды. Ең соңында ұлттық даму үлгісін қалыптастыратын осындай нұсқаларды қалыптастырудың объективті үдерісі оның экономикалық өмірі дамитын ел мен оның жағдайының экономикалық емес ерекшеліктерінің өнімі болып табылады. Осы ерекшеліктер ұзақ уақыт жалғасатын тарихи кезең бойы сақталады. Олар экономиканың тарихымен бірге дамиды, алайда экономикалық үдерістердің тегімен салыстырғанда осы факторлардың тегі мен өзгеру қисыны басқадай. Мұның өзінде көп жағдайда жүйені, сондай-ақ мемлекетті басқару нысанын таңдау еркіндігін шектейтін өркениеттік факторлар, мәдениет негіздері ерекше тұрақты әрі олар өзгермейді.. Сөйтіп, ұлттық экономика модельдерінің қалыптасуының екі белгіленген қағидасын жеке атап өту қажет. Біріншіден, қоғамның экономикалық жүйесі мен экономикалық құрылымының қалыптасуының объективтік үрдісі. Осы үрдістерді, заңдылықтарды талдау ел экономикасының дамуының қандай нысандары, тарихи келешекте оның «мінсіз» экономикалық жүйесі қандай болатынын көрсетуі тиіс. Осы болжамның нормативтік және ол сол немесе басқа кезеңде жүзеге асырылатыны міндетті емес. Алайда қоғам жүзеге асыратын өзгерістер осы үрдістердің ауқымында болуы және мемлекет экономикалық саясатын қалыптастырғанда оларды ескеруге тиіс. Екіншіден, елдің экономикалық емес ерекшеліктері. Осы ерекшеліктерді талдау ұлттық экономикалық жүйенің жұмысын бағалап, ерекшеліктерін болжауға мүмкіндік береді. Осы орайда мына факторлардың тобын ескерген орынды. ♦ Елдің табиғи ерекшеліктері. Елдің орналасу, оның ресурстық мүмкіндіктері, пайдалы қазбалардың запастары, елдің аумағының көлемі мен ауа-райы жағдайлары мен т.б. экономикалық үлгіні қалыптастырудың елеулі факторы болып табылады. Елдің өндіргіш күштерінің дамуы ұзақ уақыт жалғасатын үдеріс. Ол әрбір уақыт сәтінде өткен ұрпақтар жинақтаған дағдыға, білімге, біліктілікке, қолда бар ресурстарға сүйенеді. Мысалы, қазіргі заманғы жапон экономикасының үлгісі осы елдің аумағының тарлығы мен табиғи ресурстардың, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі үшін әжептәуір жетіспеу факторына орай қалыптасқаны белгілі. Жапон экономикасының жоғары технологиялығын көп жағдайда осы фактор ынталандырды. Герман үлгісінің қалыптасуына көбінесе осы елдің Еуропаның орталығында орналасуы ықпал етті. Қазақстандық экономиканың ерекшеліктері еліміздің табиғи ресурстарға бай болуымен және орасан зор аумағымен (Қазақстан өзінің аумағы бойынша әлемнің ең ірі он мемлекетінің арасында тоғызыншы орынды алады), халықтың шағын санымен және халықтың төмен тығыздығымен (1 шаршы метрге 5,6 адам) байланысты. Экономика мен капитал салымының құрылымының ерекшелігі, өңірлік ерекшеліктердің маңызы да осыған байланысты. ♦ Тарихи дамудың ерекшеліктері – ұлттық экономиканың қалыптасуының аса маңызды факторы. Осы орайда әрбір уақыт сәтінде елдің жалпы тарихи дамуы мен оның жаңа тарихы да экономикаға әр түрлі ықпал етеді. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының аумағында басқа да мемлекеттердің бірлесіп тарихи дамуы олардың экономикалық өмірінің барлық жақтарын, яғни шаруашылық ұйымдастырудың құрылымы мен нысандарын, халықаралық байланыстарды және т.б. негізінен ұқсас болуына әсеріе тигізді. Жаңа тарих – біртұтас мемлекеттің ыдырауы Қазақстанды қоса алғанда бұрынғы КСРО-дың барлық мемлекеттерінің экономикалық дамуына әлі ұзақ уақыт бойы ықпал ететін болады. Еркін бәсекеге негізделген американдық даму үлгісінің өзіндік ерекшелігі елдің кең байтақ аумағына халықтың көшіп келіп оны игерген кездегі АҚШ-тың қалыптасу тарихынан басталады. Тарихи фактор сол немесе басқа экономсикалық іс-шаралардың радикалдығының дәрежесіне және көп жағдайда мемлекеттердің экономикалық шешімдеріне де айтарлықтай ықпал етеді. Бұл әсіресе сыртқы экономикалықө қызмет жөніндегі әріптестерді таңдағанда, мемлекет сол немесе экономикалық топтарға бағыт белгілегенде білінеді. ♦ Ұлттық экономика үлгісінің қалыптасуына өркениеттік факторлар өте терең ықпал етеді. Қалыптасқан мәдени, діни және басқа да дәстүрлер мен елдің құндылықтарынан құралатын өркениеттік факторлар ұрпақтан-ұрпаққа көшеді, елдегі өзгерістерді көтермелейді немесе оларды шектейді, оларға өзіндік түр береді. Экономикалық саясаттағы осы ерекшеліктерді ескеріп өзгерістерді қарқындатуға және нақты елдің дәстүрлеріне жауап беретін ұлттық экономика үлгісін құруға мүмкіндік береді. Экономикалық тәртіп жүйесі әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың элементі ретінде, мысалы, Германияда көбінесе неміс мәдениетіне тән қызметті реттеу жөніндегі қалыптасқан дәстүрге байланысты. Жапонияның мәдени және діни дәстүрлерінің ерекшеліктері елдің қазіргі кезеңдегі экономикасының ерекше менеджмент жүйесінің, әр түрлі басқару деңгейлерінің арасындағы арақатынастардың ерекше болуына, басқа ерекшеліктерге ықпал етті. Қазақстандық қоғамда этникалық, тілім емн мәдениеті жағынан әр түрлі, алайда тарихи тағдырлары тоғысқан 130 халық пен ұлттың өмір сүру ерекшелігі қоғамдық, сонымен бірге экономикалық өмірдің барлық салаларына да өз әсерін тигізеді. Объективтік үрдістер мен ұлттық ерекшеліктерді талдаумен қатар тағы екі факторды, яғни елдің жаңа ұлттық экономикалық жүйенің қалыптасу сатысындағы дамуының бастапқы деңгейі мен қоғамның саяси ұйымының ерекшеліктерін зерттеп, есепке алу қажет. Жүйенің бастапқыда қалыптасу деңгейіне елдің өндіргіш күштерінің жай- күйі мен экономикалық әлеуеті ғана емес жаңа экономикалық жүйенің қалыптасу алғышарттарының жеткіліктілігі де кіреді. Осы алғышарттардың жеткіліктігіне елдегі қайта құру өзгерістерінің жалдымдығы ғана емес, сонымен бірге даму үлгісін таңдау да байланысты. Қазіргі кезеңдегі нарықтық өзгерістер барысында, мысалы, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында пайда болған басқа елдерменс алыстырғанда бұрын жеке меншік сектор мен тауарлық өндіріс дамыған Польша Венгрия сияқты елдерде трансформациялану жылдам жүзеге асырылуда. Ұлттық экономиканың үлгісін қалыптастыруға мемлекеттің экономикалық саясатты таңдауы да ерекше ықпал етеді. Экономикалық саясаттың бағыты, әдетте, мемлекеттік билік пен оны ұйымдастырудың ерекшеліктерімен байланысты таңдалады. Мысалы, ТМД елдерінің ұлттық экономикалық жүйелеріндегі қайта құру нұсқасын таңдаудағы ерекшеліктер осы фактордың іс-қимыл жасауымен байланысты. Қазақстанның саяси үлгісіне тұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын аумағы бар, барлық мемлекеттермен халықаралық құқық қағиадарына негізделген қатынас жасайтын егемен мемлекет ретінде анықтама беруге болады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк, президенттік басқару нысанындағы, идеологиялық және саяси әр алуан мемлекет. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстандық жол» деп аталатын кітабінің алғысөзінде «Қазақстанның көшбасышылығы өтпелі кезеңнің сәтті таңдалған саяси-экономикалық үлгісіне негізделеді. Теориялық талдауда өзінің негізінде құрылатын экономикалық жүйені қайта құру мен жаңа экономикалық жүйені қалыптастыруды айыра білу қажет. Егер бірінші жағдайда ұлттық экономиканың үлгісін жетілдіру жөнінде айтылса, екіншіде – ұлттық экономиканың үлгісін құру жөнінде сөз қозғалады. Қазақстанда жаңа экономикалық жүйе қалыптастыру үдерісі жүріп жатыр, сол себептен бірінші кезекте жаңа ұлттық экономика құрудың күрделі үдерісінің барлық қағидалары мен факторларын ерекше талдау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]