Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру

Кәсіпорынның табысы = Өнімді сатудан түскен табыс + Басқадай өткізуден алынған табыс + Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы)

Өнімді сатудан түскен табыс = Өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім + Қосылған құн салығы + Акциздер + Өнімнің өзіндік құны

Басқадай өткізуден алынған табыс = Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс

Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс = Құнды қағаздар дивидендтері + Жалға алғаны үшін төлем + Өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К):

ОТ = ЖТ/К

Шекті табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

ШТ = ЖТ/К

Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.

  1. Өнім құны және баға анықталатын орта

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.

Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.

Баға белгілеу – тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.

Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:

- қандай да бір тауар нарығында сатып алушылар сұранысы мен сатушылар ұсынысы арасында өзара әрекет ету негізінде нарықтық баға белгілеу.

- орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу – шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы.

Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсі порынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.

Ішкі факторлар:

- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады);

- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);

- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды);

-  өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);

-  өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;

-  өндірістік процестің жинақылығы;

-  тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;

-  сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;

- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.

Бағаның құннан ауыткуына әсер ететін сыртқы факторлар:

- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;

- еркін нарықта кандай да бір кажетті  ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;

- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;

- инфляцияның деңгейі және динамикасы;

- нарык көлемі;

- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;

- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі

Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

-  сатып алу және сатудың көтерме сауда бағасы. Көтерме баға деп өндірушілер шығарған тауарларын басқа кәсіпорындарға, өткізуші ұйымдарға ірі партиямен сататын бағаны айтамыз;

-  сатып алу бағасы бойынша ауыл шаруашылык өндірушілері өз өнімдерін мемлекетке, кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қайта өңдеу үшін сатады;

-  бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар жеке немесе үсақ са­тып алушыларға негізінен халықка өткізіледі;

-  смета құны – салынған құрылыска (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;-  халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері

-   тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстык қызмет көрсету қызметтеріне койылған бөлшек бағаның ерекше түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]