Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать
  1. Айналмалы қаражат түсінігі, мәні, маңызы

Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

  1. Турбизнес инвестициясының қалыптасу негіздері

Инвестициялар мемлекеттің экономикалық даму қарқынын және ерекшелігін айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Кез келген инвестицияның мақсаты – болашақта қандай да бір табыс табу, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Туризмге инвестиция салу жұмыссыздықты азайтады. Жұмыссыздықтың азаюы тауарлар мен қызметтерді пайдаланудың үлесін арттырады, бұл өз кезегінде ішкі жалпы өнімнің өсуіне жалғасады. Жұмыссыздық деңгейі тауарлардың толық еместігін көрсетеді. Артур Оукен келесідей жұмыссыздық пен ішкі жалпы өнімнің деңгейін көрсететін математикалық тәуелділікті есептеп шығарған: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен 1% артық асып түссе, бұл ішкі жалпы өнімнің 2,5% - ға төмендеуіне әкеледі.

Инвестирование в туризме – это размещение капитала инвесторов в туристском бизнесе с целью получения прибыли. Поскольку капитал является одним из главных факторов производства, возможность туриндустрии проводить продукты напрямую зависит от инвестируемого капитала.

На уровне отдельного туристского предприятия (фирмы) инвестиции представляют собой финансовые вложения конкретных физических или юридических лиц в развитие данного предприятия. При этом вкладываться могут как собственные, так и заёмные средства.

Главными анализиру­емыми показателями на данном уровне инвестиционной де­ятельности являются:

– ожидаемая прибыль (доходность инвестируемых средств);

– сроки окупаемости инвестиций;

– права инвестора на управление инвестируемым пред­приятием;

– степень коммерческого риска инвестора.

№9 Емтихан билеті

  1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы мен құрылымы

Айналым қорлары – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысаның сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Айналым қорларының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қорлары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қорларының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғаның, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Айналым қорлары екі бөлімнен тұрады:

  • өндірістік айналым қорлары;

  • айналыс қорлары (фонды обращения)

Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70% машина өндіру мен металл өндеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

  • өндіріс қалдықтары (запастар). Оларға – шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы (запастар), бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады;

  • аяқталмаған өндіріс, оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер;

  • болашақ кезеңдердің шығындары – жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.

Айналыс қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады.

Дайын өнім – техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім. Олар өндіріс процесс аяқталған соң, әрі қарай орап, қораптан сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті құжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.

Ақша құралдары – кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған қызметтері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.

Дебиторлық қарыз – заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастың қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген қарыздың сомасы.

Кәсіпорынның дебиторлық қарыздың болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.

Кәсіпорынның қаржылары айналым қорларын нормалау – кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажетсінудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылықтардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т.б. септігін тигізуге жағдай жасайды.

Бұл арада айналым қаражатының нормативін қолданылады. Айналым қаражатының нормативі – қаржы жоспарында белгіленетін ақшалай қаражаттың ең аз мөлшері. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар-материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құрау үшін қажет.

Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаты және қарызға берілген айналым қаражаты.

Меншікті айналым қаражат – кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұыймдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.

Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі.

Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қорларының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]