Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать

№1 Емтихан билеті

  1. Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсетуші кәсіпорынның құрылымы мен жұмысын жоспарлау

Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады.

Қонақ үйлік бизнес – туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын алып сегменттің құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Туризм индустриясында орналастыру құралдарына маңызды орын бөлінеді. Туристерді орналастыру құралдары болып кез келген нысандар табылады, олар туристерге жүйелі немесе эпизодтық қонуға деген орындарды ұсынады. Әлемдік туристік ұйымының (ӘТҰ) кепілдемесіне сәйкес барлық орналастыру құралдарын екі дәрежемен көрсетуге болады – ұжымды және жеке.

Туристерді ұжымдық орналастыру құралдарына қонақ үйлер, мамандан-дырылған мекемелер және оған ұқсас мекемелер, сондай-ақ басқадай туристерді ұжымдық орналастыру мекемелері кіреді.

Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсету нарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді. Бұл сала: сатудан бастап көліктік, қаржылық, сауықтыру және басқа да қызмет түрлерінің ауқымды деңгейін қамтиды.

Қонақжайлық өнім сапасының төмендегі дәрежелері ескеріледі (қызмет көрсету түрлерінің бәріне қолданылады) :

  • ұнамды интерьері: қонақ үй ауласы мен бөлмелерінің күтімді және тартымды болуы;

  • қызметшілердің біліктілігі, білімі мен қабілеттілігі;

  • қызмет көрсетуші адамдардың кішіпейілділігі, білімділігі, сыпайылығы, қонақжайлылығы, әдептілігі және қонақты қадірлеуі;

  • сөйлесу, тұтынушыларды хабардар ету, оларды таңдай білу;

  • кәсіпкерлік жарамдық (қызмет көрсету аясында): сенімділік, силастық, парасаттылық, кіршіксіз адалдық, тартымдылық;

  • жауапкершілік: қайрымдылық, тілектестік, және қызметкердің қызмет көрсетуге даярлығы;

  • даярлық: қонақжайдың қызмет көрсету және басқару қызметшілерінің теориялық білімі мен қажетті іскерлік даярлығы;

  • сырт пішіні: қызметшілердің сымбатты тартымдылығы (қызмет түріне қарай арнайы киім, ұнамды әдеттер);

  • тұрақтылық: қонақжайдың жұмысы, оның технологиялық үрдісінің ойланбағандығы қонақтарға қолайсыздық тұғызбау керек;

  • қауіпсіздік: қауіп-қатердің, тәуекелділіктің және белгісіздіктің жоқтығы;

«Жоғары сапа – жоғары өзіндік құнды білдіреді» деген себеп дұрыс емес, өйткені қызмет ету орнына тұтынушыны тарту мүмкіндіктерін ескермейді.

Тұтынушының қадірін, сапаны, баға мен өзіндік құнның тепе-теңдігін дұрыс түсінуі, пайданы молайта алады және қонақ үй кәсіпорнына бағаны көтеру мен сатуды көбейтуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]