Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

55. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талап

Желдету жүйесіне қойылатын негізгі талаптар:

• үстелетін ауа санының тартып алатын ауа санына сәйкес келуі. Егер үстейтін ауа саны тартып алатын ауадан көп болса Lүс>Lта желдеткіш балансы оң болып саналады, қысым көбейеді. Егер үстелетін ауа саны тартып алатын ауа санынан кем болса Lүс<Lта онда желдеткіш балансы теріс деп саналады. Мынаны еске алған жөн, егер екі учаске қатар орналасқан жағдайда, оның біреуінен зиянды бөлінулер болса, онда бұл учаскеге сирету жүргізеді.

• үстелетін және тартатын желдету жүйесі дұрыс орналасқан болу керек. Ауаны жою үлкен ластанған аумақтан, кіші ластанған аумаққа беру арқылы жүзеге асырылады. Өндіріс орындарында өте қатты ластанған ауа төменгі жақтан бастап, ал жеңіл ластанған жағдайда жоғарғы жақтан бастап жойылады.

•Желдеткіш жүйелері жұмысшылар денесін қыздырмау және тоңазытпау керек;

• Нормадан тыс шу туғызбау керек.

• Электр, өрт және жарылыс қауіпсіздігі сақталуы керек. Пайдалануға тиімді және сенімді болу керек.

Желдету жүйелерін жіберу, жөндеу және пайдалану МСТ 12.4.021-75 ССБТ сәйкестікте жүзеге асырылады. Желдету жүйелері. Жалпы талаптар.

1.Өндірістік бөлмелерде, олардың тағайындалуына байланыссыз, толассыз жұмыс істейтін құйылу - сорылатын механикалық, табиғи немесе аралас түрдегі желдету ескеріледі.

2. Ауаға кенеттен зиянды заттардың (шаңнан басқа),

жарылыс қаупі бар газдардың және булардың көп түсу мүмкіндігінен, жалпы айырбасталатынан басқа, өндірістік бөлмелерде апаттық-сорылатын желдету орнатылады.

3. Апаттық желдету құрылғысы алдын ала ескерілген бөлмелерде, автоматты газ анализаторларымен жабдықталады. Тұтану концентрациясы 20 % төменгі шегіне жеткен кезде немесе олардың шекті концентрациясының жоғарлауы кезде, бөлмелерде газ немесе бу концентрациялары пайда болған жағдайда апаттық желдету газ анализаторымен қоршалады және автоматты түрде қосылады. Автоматты газ анализаторлары жарық және дыбысты сигнал беру үшін құрылғылармен блокталған.Бөлмелерде шекті мүмкін газ немесе бу концентрацияларын анықтайтын газ анализаторы орнатылса, онда бұл бөлмелерді жарылысқа дейінгі концентрацияға сигнализатормен жабдықтаудың қажеті жоқ.Апаттық желдетудің автоматты қосуларынан басқа, қолдық дистанциялық қосу да ескеріледі, бөлменің сыртында негізгі кіріс есіктің біреуінде қосу құрылғысы орналасады. Өнеркәсіптен шығаратын автоматты газ анализаторларының жоқтығы кезінде, жоғарыда аталған жағдайларда ескерту сигналы берілген кезде апаттық желдетуді қолмен қосуға рұқсат етіледі. Апаттық желдетуді қолдық қосуы кезінде, қосу құрылғылары бөлменің ішінде де, сыртында да орналасады..Бөлмедегі газ бен булардың құрамына бақылау жасау, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша зертханамен жүзеге асырылады.

56. Жарықтандыру параметрлерінің адам ағзасына әсері.

Жарық адам өмір сүруіне қажетті маңызды жағдай болып табылады. Ол организмдей жоғарғы психикалық функциялары және физиологиялық процестерге әсер етеді. Жақсы жарықтандыру жақсы көңіл-күй тудырып, жүйке жұмыстарындағы негізгі процесстердің жүру жұмысын жақсартады. Жарықтың спектралды құрамына тәуелділігіне байланысты қозған күй туғызып және жылулық әсерін күшейтеді (қызғылт-сары-қызыл), немесе керісінше тыныштандыратын (сарғыш-жасыл), немесе тежеу процестерін күшейтеді. Бұл өндіріс орындарын эстетикалық безендіруде және қондырғылар мен қабырғаларды бояуда қолданылады: суық тондар жоғары температура кезінде және жылу бөліп шығартын көздер болғанда, ыстық климатта жылы тондар – төмен температура кезінде, жұмысшылардың жұмыс ортасында тон беру керек болған кезде. Жақсы психологиялық әсер ететін жасыл түс кеңінен қолданылады.

Жарықтандыру көру функциясына маңызды әсер етеді, сол арқылы еңбек өнімділігіне әсер етеді. Рационалды жарықтандыру өнеркәсіптік жарақат профилактикасында маңызды роль атқарады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес әртүрлі өндірістік салаларда орта есеппен қайғылы оқиғалардың саны нашар жарықтандырылу салдарынан 30...50% құрайды. Жоғарғы дәлдікті талап етпейтін көру жұмыстары кезіндегі өлімге алып келетін жарақаттардың 1,5% шамасы нашар жарықтандыруға байланысты бұндай жұмыстардағы көз жарақаттары 18%-ден 25%-ға дейінгі шаманы құрайды. Нашар жарықтандырудың салдарынан болған жарақаттар жұмыс зонасындағы көру қабілетінің нашарламуымен қатар жұмысшылардың тез шаршауына алып келеді.

Травматизмнен басқа нашар жарықтандыру көру анализаторының шаршауына (систематикалық әсерлерде – көру дефектерінің дамуы), жұмысқа қабілеттілігін төмендеуіне, кәсіби ауруларға алып келеді.

Жұмысшыларға жарықтандыруға байланысты кері әсер ететін факторлар:

Табиғи жарықтың жетіспеуі немесе аз шамада болуы;

  • Жарықтандырудың төмендігі;

  • Жоғары жарықтығы;

  • Тура немесе шағылысқан жылтырлық;

  • Жарықтандырылудың жоғарғы пульсациясы;

  • Ультрафиолеттік сәуле шығарудың жоғарылығы;

Табиғи жарықтың жоқтығы «жарықтық аштық» құбылысына тәуелді. Жарықтық аштық бұл ультрафиолеттік сәуле шашу жетіпеушілігіне негізделген және зат алмасудың бұзылуы мен организмнің қарсыласуының төмендеуіне шартталған организмнің күйі.

Сонымен қатар, ғимартта табиғи жарық жоқ жерде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу персоналға сыртқы әлеммен байланыс болмауына байланысты жағымсыз психофизиологиялық әсер етеді.

Ультрафиолетті жетіспеушілікті компенсациялау үшін ұзақ уақыт әсер ететін УФ сәулелендіретін (фотациялар) қондырғылар қолданылады. Табиғи жарықсыз ғимараттарда жарықтандыру үшін спектральды құрамды табиғи жарық көздеріне жақын ток көздері сонымен қатар арнайы табиғи жарыққа ұқсайтын архитектуралық әдістер қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]