Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать
  1. Өндірістік бөлмедегі улы затттарды анықтау.

Өндірістік улар-ағзаға түскен кезде ұлпалармен физикалық және химиялық байланысқа түсіп,денсаулықты бұзады немесе өлімге әкеліп соғады.Олардың әсері жергілікті және жалпы болуы мүмкін.Өндірістік улармен уланудың :1)Жедел улану;2)Жіті улану;3)Созылмалы улану.Ағзаға түсуі:1)тыныс мүшелері арқылы;2)асқазан ішек жолдары арқылы;3)тері арқылы түседі.

Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады,сондай-ақ қоспалар,қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады.Мысалы:химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол,күкірт көміртегі,анилин,хлор және де басқа да улы заттар қолданады.Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін.Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады.Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады.Мысалы,марганецпен уланған нерв жүйесі,бензолмен уланған-қан айналым мүшелерін айтуға болады.Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісуі,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі-әсіресе,қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жқмыс жасау барысында туындайды.Тікелей әсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.Ричардсон ережесі бойынша-қанықпаған байланыстың өсуіне байланысты заттардың уыттылық қасиеті жоғарылайды.

Кейбір өндірістік улардың ағзаға әсер етуі:

Қорғасынмен улану.Қорғасынмен уланғанда ең бастапқыда нерв жүйесінің синдромы пайда болады,шаршайды,басы айналады,ұйқысы бұзылады.Қорғасынмен уланған адамның қан тамыры,асқазн ішек,нерв жүйесі зақымданады.

Тетраэтил қорғасын-тез ұшатын сұйықтық.Улану белгілері:басы ауырады,әлсіздік пайда болады,аузында металл дәмі пайда болады.Адамда қорқыныш,үрей сезімі пайда болады.

Сынап.Сынаппен уланған адамның басы ауырады,тітіркенеді,ұйқысы бұзылады,саусақтары дірілдейді.

Марганец.Марганецпен уланған жағдайда:қол-аяқта әлсіздік болады,баспалдақпен көтерілуі қиын болады,басы аурады,жұмысқа қабілеттілік төмендейді,сөйлеуі қиындайды.Паркенсон аурының белгілері пайда бола бастайды.

Берилий.Улану белгілері:тыныс мүшелерінде қабыну пайда болады,тамағы қырылдайды,қатты жөтел пайда болады.

Хлор.Ол тыныс мүшелеріне әсер етеді,өкпе қабынады,шырышты қабықтардан,көзден жас бөлінеді,адам жөтеледі,тұншығады.

СО-мен уланған кезде,терісі және адамның шырышты қабаттары қызарады.

Бензинмен улану.Орташа және жеңіл уланғанда адам масаяды,аяқ-қолы дірілдейді,қозады,себепсіз күле береді,жылайды,есінен танады,нерв жүйесі бұзылады.

Метил спиртімен уланғанда:нерв жүйесі зақымданады,басы ауырады,айналады,тыныс мүшелері тітіркенеді.

41. Еңбек жағдайын бағалау

Еңбек жағдайы - еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы. Еңбек жағдайын құрайтын факторлардың мынадай негізгі топтары бар: санитарлық-гигиеналық факторлар — зиянды химиялық заттар, өндірістік шуыл, шаң-тозаң, діріл, электр-магниттік өpic пен электр өрісі, сәуле (ионданушы, лазерлік, ультракүлгін), өндірістік үй-жайдағы микроклимат, жарық, т. б.;психологиялық-физиологиялық факторлар — ауысымдағы тұрақты жүктеме, көтеретін жүктің бір жолғы шамасы, жұмыс қарқыны, зейінге түсетін күш, бір сарындылық, жүйке-сезімге түсетін күш, жайсыздық, ауысымдылық, т. б.; эстетикалық факторлaр — үй-жайдын, жабдықтың, арнаулы киім-кешек пен аяқкиімнің сәндік-көркемдік тұрғыдан безендірілуі, жарық-түс композициясының үйлесімі, т. б. Бұл орайда өндірістік фактордың рұқсат етілген шекті деңгейіне, қауіпті деңгейіне және зиянды деңгейіне ажыратылады.

Еңбек жағдайын гигиеналық бағалау жүйесін жетілдіру кəсіби қауіпті анықтауға негізделген. Оның мақсаты – профилактика жəне əлеуметтікқорғау жүйесін құру, санитарлық заңдылықтарды бұзушыларға санкциялар қолдану үшін кəсіби қауіпті шектеу немесе болдырмау. Жайсыз жұмыс жағдайындаістейтіндерді əлеуметтік қорғауды жəне алдын алу шараларын жетілдіру үшін

факторлардың шынайы экспозициялары мен потенциалды медициналық –əлеуметтік зиянды бағалау қажет, ол еңбектің ауырлығы категориясын ескере

отырып кəсіби қауіпті тиімді болжау жəне бағалау үшін қажет Қазіргі кездегі өндірістің сипатты ерекшеліктері болып жұмыс аймағы ауасының зияндызаттармен ластану қарқындылығының төмендеуіжəне кейбір физикалық факторлар деңгейінің жоғарылауы саналады.Маңыздылығы бойынша екінші орында ауысым барысында ауыр заттардыүнемі немесе кезеңмен көтеру немесе тасымалдау қажеттілігінен қалыптасатынеңбектің жоғары ауырлығы (тамақтық азық-түліктер өндірісінде, қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындарында, жиһаз құрастыру жəне жинақтау өндірісінде, автокөлікжөндеу кəсіпорындарындажəне т.б.). Нəтижесінде организмге көпфакторлыəсер етумен сипатталатын ахуал қалыптасады.

Еңбек жағдайына жүргізілген гигиеналық бағалау шағын бизнес кəсіпорындарында неғұрлым жиі кездесетін жұмыс ортасының жəне еңбек процесінің

зиянды факторлары болып микроклиматтың жағымсыз параметрлері (кондитерлікжəне нан пісіру өндірістеріндегі ауаның жоғары температурасы, автожөндеу шеберханаларындағы жылдың суық кезеңінде ашық ауа кеңістігінде жұмыс атқаруқажеттілігіжəне т.б.) болатындығын көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]