Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

53. Өрт қауіпсіздігінің пассивті және активті шаралары.

Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Активті шаралары. Оперативті түрде әрекет ету үшін өрт қауіпсіздігінің мобильді бригадалары құрылады.Өрт сөндірушілердің жеке қорғаныс құралдары.Адамды өрттен қорғау адамды жоғарға температурадан және көміртек монооксидінен қорғау болып бөлінеді.Өрт сөндірушілер термо-изоляциялы киім БОП(боевая одежда пожарного),изоляциялы газқағарлар мен сығылған ауадағы изоляциялы газқағарлар ,газқағар типті ауаны тазалайтын капюшендермен жабдықталады.Адамды өрт қаупінен қорғаудың маңызды құралы-ғимараттың жоспарлы шешімдері.Эвакуация жолдары конструкцияны қоршап тұрған сыртқы проемдар арқылы жарықтандырылып тұруы қажет.Бұл проемдардың терезелері оңай лақтырылмалы материалдан жасалуы қажет.Табиғи жарықтандырылу жоқ баспалдақтарға қосымша ауа жеткізуді қамтамасыз ету қажет.Табиғи жарықтандыруы жоқ ұзын дәліздерде эвакуация жолдарынан түтінді алып тастау қарастырылуы қажет.Түтінді алып тастау және қосымша ауа жіберу өрт сигнализациясы жүйесімен қосылуы қажет.Өртпен активті кұрес өрттің әрмен қарай өршуі мен жануына тосқауыл болатын әр түрлі құммен және басқа жанбайтын материалдармен толтырылған өрт сөндіргіш құралдар арқылы жүзеге асады.Егер ғимарат автоматты өрт сөндіру құрылғысымен жабдықталған болса оны өртті сөндіру үшін қолдану керек.Сонымен қатар кейде отты соққы тоқынымен өшіреді. Бұл әдіс орман өрттерін сөндіру үшін қолданады.Бұл әдіс өрт таралуының бағытын өзгертеді.Жанып жатқан ғимараттан жоғарғы қабаттардағы адамдардың өзіндік эвакуациясы үшін терезе жанында бекітілген лебедка арқылы төмен түсу жүргізіледі.Бағалы заттар мен құжаттарды өрттен қорғау үшін жанбайтын сейфтер қолданылады.

Пассивті шаралар.Сонғы кезде кәсіпорындарда, өнеркәсіптік және өндірістік объектілерде пассивті өрт қауіпсіздік шаралары көптеп қолданылуда.Бұл шара адамның қатысуынсыз жүреді және де өрттің тұтану көзін максимал тез уакыт аралығында жояды.Өрт қауіпсіздігінің бұл әдісіне мыналар жатады:

  1. кабельдер мен кабельді сымдардың өрттен қорғанушылығы

  2. ағаштың өрттен қорғанушылығы

  3. өртке қарсы металлқұрылымдар

  4. өртке қарсы есіктер

  5. өртке қарсы муфталар

­Өрт қауіпсіздігінің мұндай пассивті шаралары барлық ғимараттарда қолданыла алады.Өрттен қорғану құралдары құрамына қарай былай бөлінеді:

1) өрттен қорғағыш маиериалдар

2) өрттен қорғағыш құрамалар не құрамдар

3) өрттен қорғағыш беттер

54. Жарықтандыру параметрлерін бақылау (өлшеу) әдістері

Күнделікті санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.

Алынған мәліметтер СанНменЕ, ҚНменЕ сияқты нормаландыру құжаттарының талаптарымен салыстырылады. Қажетті жағдайда ұсыныс, нұсқаулар беріледі. Негізгі бөлмелердің терезелерінің бағыты барлық климаттық аудандарда, барлық оқу-тәрбие мекемелері үшін оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс болып табылады. Терезе өлшемдері мен конфигурациясы және саны - жарық коэффициентін, яғни оның жеткіліктілігін анықтап біркелкілігін сипаттайды. Стандартты типтік терезелердің биіктігі 2-2,5м, кеңдігі 1,8-2,0м, формасы жарық ағынын (әсіресе жоғарғы жағынан) жақсы өткізуі керек. Сондықтан терезенің жоғарғы жағы мейілінше төбеге жақын (0,15-0,3м) орналасқаны дұрыс. Екі терезенің аралығы 0,5м көп болмауы керек.

Жұмыс орынынан терезеге дейінгі қашықтық 3,2 м. Бұл сызықтың тереземен қиылысу нүктесінен шыныланған бөлігінің жоғарғы шетіне дейінгі аралық – 1,6 м. Бұрыш тангенсы 1,6 / 3,2 = 0,5, бұл 27о түсу бұрышы мәніне сәйкес.

Саңылау бұрышы (β) өлшеу нүктесінен терезенің шыныланған бөлімінің жоғарғы жағына шығатын сызықпен және ғимарат сыртында орналасқан көлеңкелейтін заттың жоғарғы нүктесіне баратын сызықпен түзіледі. Саңылау бұрышы мөлшері 5о кем емес болуы тиісті. Саңылау бұрышын анықтау үшін өлшеу нүктесінен көлденеңі бойынша терезеге дейін және көлеңкелейтін заттың (cd) жоғарғы нүктесіне бағытталған жоғарғы сызықпен қиылысу нүктесіне дейінгі терезе биіктігін табады. Содан соң dac бұрышы мөлшерін анықтайды. Саңылау бұрышы bac және dac бұрыштарының айырымдарына тең. 

Мысалы: Жұмыс орынынан терезеге дейін аралық 2 м, көлеңкелейтін заттың жоғарғы нүктесіне бағытталған жоғарғы сызықпен қиылысу нүктесіне дейінгі терезе биіктігі, 1,4 м. Түсу бұрышы 39о тең. dac бұрышының тангенсі 1,4/2,0 = 0,7 болады, ол 35обұрышты құрайды. Саңылау бұрышының мәні (bad) 39о – 35о= 4о болады. Жарықтық–техникалық әдіс – жарық күшін, бөлменің жарықтануы мен сыртқы жарықтың қарқындылығын фотометр немесе люксметр 

құралдарының көмегімен өлшеуге қажет.  Табиғи жарықтану коэффициенті деп бөлме ішіндегі көлденең жарықтанудың (Ев), бірмезгілдегі ашық аспан астындағы жарықтануға (Ен) көлденең аудандағы қатынасын айтады. 

КЕО = Ев/Ен · 100% мұнда: Ев – бөлме ішіндегі жарықтану, лк; Ен – бөлме сыртындағы жарықтану, лк.

Жарық күші 1 люмен жарық ағынымен 1 м2 беттің жарықтануын сипаттайтын люкспен (лк) анықтайды. Люмен жарық ағыны 5305 ондаған миллиард шаршы метр ауданды платинаның қату температурасындағы қара дене шығаратын абсолютті толық сәулеленумен сипатталады. Объективті люксметр Ю-117 өзара иілгіш сыммен байланысқан, люкспен градуирленген шкаласы әртүрлі тығыздықтағы жарық сүзгілері немесе кедергі шунттарынан, жарыққа сезімтал селен фотоэлементінен, тілшелі гальванометрден тұрады. Гальванометрдің 50 бөлікке бөлінген жарықты өлшеудің үш диапазонымен берілген айналы шкаласы бар (лк): 0-25, 0-100,0-500. Жарықтанудың күшті қарқындылығында (500 лк жоғары) фотоэлемент корпусына күңгірт жарықжұтқыштарды кигізеді, олар шектерді 100 есеге, яғни 50000 лк дейін арттырады. Жарықжұтқышты қолданғанда сандық көлемді 100–ге көбейтеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]