Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

51.Өндіріс ауасындағы шаңды анықтау және есептеу әдістері

Ауаның шаңдануы екі әдіспен анықталады:есептік(шаң түрінің 1 см3 санымен)және салмақтық(мг/м3).Негізгі әдіс бойынша шаңданған ауаның фильтрациясына негізделген салмақтық әдіске қосымша болып табылады.Есептік әдіс салмақтық әдіске қосыма болып табылады,ол көбінесе гигиеналық зерттеулерде қолданылады.Есептік әдіс кезінде зерттеліп отырған ауаның 1 см3 тозаң бөлшектерінің саны микроскоп арқылы саналып,микроскоп немесе кинопроекционды аппаратура көмегімен олардың өлшемдері анықталады.

Өндірістік жағдайларда ауауның шаңдануын лабораториялық қондырғылары АФА аналитикалық фильтрлерін қолданып салмақтық әдіспен анықтау.Бұл әдіс 60ºС температура кезінде ауа ортасындағы аэродисперсті қоспалардың(шаңның,тұманның,түтіннің)концентрациясын анықтау үшін қолданады.Бұл әдістің мәні:фильтрге ауаның белгілі көлемінен аэрозольді қоспалардың тұну,фильтр массасының артуының анықталуы және 1 м3 аэрозоль концентрациясын миллиметрмен есептеу.Өндіріс ауасындағы шаңды анықтау үшін,аппаратуралар мен фильтрлерді дайындап,олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Фильтрдегі шаңның минималды салмағы 1 мг-нан кем,ал рұқсат етілген максималды салмағы 100 мг-нан артық болмауы керек.

Шаң тозаңды анықтаудың салмақтықәдісі.Әдіс шаң тозаңға толған ауаны фильтрлеу арқылы аныықтауға негізделген.Фильтрдің сынамаға дейін және сынамадан кейінгі массасын біле оырып,бірлік аудандағы шаңның таралу коэффициентін анықтауға болады.Өндірістік шаңды есептеу.

V0=Vt * B/760 * 273/273+t

Мұндағы,V0-қалыпты жағдайға келтірілген ауа көлемі; Vt-сорылған ауа көлемі;

В- сынаманы алу барысындағы барометрдің көрсеткен қысымы;

273- абсолют температура;

t- сынаманы алу барысындағы ауа температурасы.

52. Өндіріс ауасын шаңнан, т.Б зиянды заттардан тазарту әдістері

Өндірістік процестерді кешенді механизациялау арқылы жұмысшылардың зиянды заттардың әсеріне ұшырау мүмкіндігін толықтай жою - кәсіптік аурулар профилактикасында шешуші бағыт болып саналады. Жұмыс аймақтарының ауасына зиянды заттар шығарылуын азайтуға жабдықтардың герметизациясы, процестерді вакуумда жүргізу, тұйықталған технологиялық циклдерді, үздіксіз технологиялық процестерді пайдалану, ескірген жабдықтарды дамығандарымен алмастыру, технологиялық жабдықтарды өз уақытында, әрі сапалы түрде жөндеуден өткізіу оң ықпал етеді.Шаңдану деңгейінің төмендеуіне , сонымен қатар, келесі факторлар да әсер етеді: шаңдатушы материалдарды қайта өңдеудің құрғақ тәсілдерінен сулы тәсілдеріне ауысу; ақырлы өнімдерді шаңдатпайтын түрде шығару, бұл шаң түзілуін 5...10 есе төмендете алады; сусымалы материалдарды орау және қаптау кезінде герметикалық желдетілетін, жеңі мен қолғабы бар арнайы киімдерді қолдану.

Өндірістік жабдықтарды желдету құрылғысы бар арнайы кабиналарда орналастыру және басқару мен бақылау құралдарын дәліздерге шығару арқылы жағымды нәтижеге қол жеткізуге болады. Өндірістік ғимараттарда ағындық желдету арқылы берілетін ауаның тазалығын қамтамасыз етуге кәсіпорын аймағын көгалдандыру, желдету құралдарын тиімді орналастыру,ауаға бөлініп шығарылатын заттарды жақсылап тазалау, ашық алаңға шығарылатын жабдықтарды герметизациялау және т.с.с. әрекеттер арқылы қол жеткізіледі.Ғимараттағы ауаны ауыстырып отыруға арналған желдету (вентиляция) құрылғылардың екі түрі болады: механикалық және табиғи. Механикалық желдету жүйесінде ауаның қозғалысы арнайы ауа үрлегіш машиналар – вентиляторлар қолдану есебінен іске асырылады. Табиғи желдету кезінде ауаның ығысуы өндірістік ғимарат пен сырттағы ауаның температураларының әртүрлі болуы арқасында (суық ауа ғимараттан жылы ауаны ығыстырып шығарады), сонымен қатар, желдің әсерінен орындалады (желдік қысым). Мұндай желдету жүйесі ыстық цехтарда және жылу мөлшері артып кеткен бөлімдерде қолданылады. Табиғи желдетудің қарапайым тәсілі – бөлімшелерді терезе немесе фрамуга арқылы желдету. Сонымен қатар, табиғи желдету арнайы әдіспен: дефлекторларды қолданатын аэрация арқылы орындалады.Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар мөлшерінің төмендеуіне зиянды заттар түзілмеуін немесе олардың жұмыс аймағының ауасына тарамауын қамтамасыз ететін технологиялық процестер мен жабдықтарды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, әртүрлі термиялық қондырғылар мен пештерді сұйық отыннан (ол жанған кезде көп мөлшерде зиянды заттар бөлінеді) әлдеқайда таза – газ түріндегі отынға немесе электрлік жылытуға алмастыру.

Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдану деңгейін бақылаудың әртүрлі тәсілдері (сүзгілеуші, седиментациялық, электрлік) болады. Ауадағы шаң концентрациясын лазерлік техниканы қолдану арқылы өлшеу әдістерінің маңызы зор. Қазіргі кезде ауадағы шаң концентрациясын өлшеудің тура салмақтық (гравиметриялық) әдісі кең қолданылады. Оның мәні – тыныс алу аймағындағы шаңның барлығын арнайы аэрозольдік сүзгілерге жинауда.

Қазіргі кезде ауадағы шаң мен тозаңды және басқада зиянды заттарды ұстайтын және тазалайтын 5 түрлі әдісі бар.

Олар:

1. Құрғақ тазалау әдістері.

2. Ылғалды тазалау әдістері.

3. Электр сүзгімен тазалау.

4. Химиялық тазалау әдісі.

5. Термиялық өңдеу арқылы тазалау

Ауаны тазарту — физикалық-химиялық әдістердің көмегімен ауаны бөгде зиянды қоспалардан арылтып, оны табиғи қалыпты жағдайға жеткізу. Ауаны негізінен өндіріс орындары, жылу, қуат өндіру көздері, автокөліктер ластайды. Сондықтан зиянды қоспалардың мөлшерін азайту үшін әр түрлі физ.-хим. әдістер (абсорбтау, адсорбтау, конденсаттау, тотықтыру т. б.) қолданылады.Сонымен қоса өсімдіктер мен ағаштарды көп өсіру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]