Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

4. Өндірістегі қауіпті және зиянды факторлардың жүйеленуі

Мемлекттік стандарт √12.0003 – 84 бойынша төрт топқа бөлінеді:

  1. Физикалық

  2. Химиялық

  3. Биологиялық

  4. Психофизиологиялық

Физикалық – қозғалмалы машиналар және механизмдер, құрал– жабдықтар, жұмыс алаңы ауасындағы шаң мен газдың жоғарғы болуы, құрал жабдықтар мен материалдардың беттік температурасының жоғарғы және төмен болуы, жұмыс алаңы ауасы температурасының жоғарғы немесе төмен болуы, жұмыс орнындағы шудың жоғарғы деңгейі, дірілдің жоғарғы деңгейі, инфрадыбыстың және ультрадыбыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы немесе төменгі барометрлік қысым, ауа ылғалдылығының жоғарғы немесе төмен болуы, ауа иондалуының жоғары не төмен болуы. Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі, электр тогы кернеуінің жоғары деңгейі, электр тогының, магниттик сәуленің жоғары, табиғи жарықтың жетіспеуі не тым артық болуы, жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы, жасанды жарықтандырылудың артық болуы, дірілдеп тұруы, ультракүлгін сәулесінің артық болуы.

Химиялық әсері.

Химиялық заттардың ағзаға ену жолдары: асқазан, тыныс қуысы, тері арқылы.

Жалпы улағыш: тітіркендіргіш, сансибилизациялық, концерогенді, мутагенді, адамның өсіп өнуі функцияларна әсер етуші. Сансибилизациялық – аса сезімталдық туғызатын,аллергия.

Концерогенді – қатерлі ісік туғызатын(бензопирен, фенол, формальдегид).

Мутагендік – гендік және хромосомалық заттар туғызатын , өсіп өнетін функция.

Бологиялық – микроағзалар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, спирохеталар, қарапайымдылар, риккетсиялар). Микроорганизмдер (өсімдіктер мн жануарлар, витаминдер, гармондар, антибиотиктер, әр түрлі белоктар).

Психофизилогиялық – физикалық жүктеме, қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, жүйке психиқалық жүктеме.

Динамикалық жұмыс –жүкті жоғары немесе төмен немесе көлденең қозғалту.

Статикалық жұмыс – адамның аяқ қолы, денесі кеңістікте қозғалмай жұмыс жасайды.

5. Еңбек түрлеріне сипаттама беріңіздер

Еңбектің түрлеріне келетін болсақ, олар дене ж\е ой еңбегі. Дене еңбегінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендірліеді. Осы вегативтік жабдықтау қамтамасыз етіледі. Негізінен жұмыс әрекетіне тікелей 3әрекеттік жүйе: қозғалыс,талдағыш ж\е ақыл ой қатысады. Ой еңбегі ғылыми техникалық дамудың салдарынан ой еңбегімен шұғылданатын адамның саны көбеюде. Сонымен қатар көптеген дене еңбегі бар кәсіпкерде де ой әрекетінің үлесі артуда.

Дене еңбегі. Адамның дене еңбегі бұлшықетіне шамадан тыс күш түсуі және жүрек тамырлары, нерв жүйесі, тыныс алу және т.с.с.функционалды жүйемен сипатталады. Дене еңбегі бұлшықеттің және ағзадағы зат алмaсу процесін жақсартады, бірақта кері әсерлері де бар, көп жағдайда дұрыс жүйеленбеген және ағзаға шамадан тыс интенсивтілік болса ол опорно-двигательді аппарат ауруына әкеледі.

Ой еңбегі. Ой еңбегі ақпаратты қабылдау және есте сақтау, ойлау қабілетіне шамадан тыс күш түсуі, сонымен қатар жүрек тамырларының бұзылуы – гипокинезияға әкеп соғады. Ой еңбегінің ағзаға кері әсері психикаға әсер етеді, яғни есте сақтау қабілеті азаяды. Еңбек түрлерінің ішінен дене еңбегі ең аз кездеседі. Адамның еңбек етуі энергия жұмсуына байланысты. Адам жұмыс істеу нәтижесінде 20-25 МДж тәулігіне энергетикалық шығын құрайды.

Механикаланған еңбек. Энергия аз жұмсалуын қамтамассыз етеді. Тез жылдамдықты және адамның монотонды қозғалысын қамтиды. Монотоды еңбек тез шаршағандыққа және аз назар аударуға әкеледі.

Конвейрдегі еңбек. Жылдамдықты және бір қимылды сипаттайды. Конвейрдегі еңбек ететін адам бір немесе бірнеше операцияны орындайды, себебі ол шынжырлы адамдар жүйесінде жұмыс істейді.

Орташа автоматтандырылған және автоматтандырылған өндірістегі еңбек. Орташа автоматтандырылған және автоматтандырылған өндірістегі еңбек энергия жұмсалуы және шиеленісушілік конвейрдегі еңбекке қарағанда аз.

Ой еңбегінің формасы. Ой еңбегінің формасы әр түрлі болып келеді, мысалға алатын болсақ операторлық, басқармалық, творчествалық, мұғалімдердің еңбегі, врачтардың және де басқалардың. Оператордың жұмысы үлкен жауапкершілікті және эмоцияны қажет етеді. Ой еңбегінің күрделі формасы – творчествалық еңбек (конструкторлар, жазушылар, композиторлр, суретшілер). Творчествалық еңбек жүйке-жүйесінің қозуына, қан қысымының жоғарлауына, электрокардиограмманың өзгеруіне, дене температурсының жоғрлауына және де басқа ағздағы өзгерістерге әкеліп соғады.

Схема

Адам еңбегінің түрлері →1.Дене еңбегі(Қол еңбегі. Механикаланған еңбек. Конвейрдегі еңбек. Орташа автоматтандырылған және автоматтандырылған өндірістегі еңбек.)

→2.Адам еңбегінің аралас түрі

→3.Ой еңбегі(Басқармалық . Творчествалық. Операторлық. Мұғалімдердің, врачтардың және де басқалардыңеңбегі)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]