Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

48. Дірілді нормалау әдістері, бақылау-өлшеу құралдары

Діріл – ортаның физикалық ластануының бір түрі. Ол айнымалы қысымның механикалық көзінен берілу нәтижесніде пайда болатын жилік ауқымы кең күрделі тербелмелі процесс.

Дірілмен күрес жүргізу жөніндегі шараларды дайындамас бұрын алдымен оның өлшемдерінің нақтылы деңгейін, туындау жолдарын және оның дерек көзін анықтап алған жөн.

1. «Протон-Эстет» ықшам дірілөлшеуіші (стетоскоп) - бұл электрондық акустикалық тетік, оның көмегімен агрегаттар немесе басқа бұйымдардың түйiндерiнiң механикалық дiрiлiндегi шуылдарды тыңдауға, сонымен бiрге жабдықтың техникалық күйi және түйiндердi құрастырудың дұрыстығын бағалауға болады. «Протон-Эстет» ықшам дірілөлшеуіші кең спектрде қолданылатын стетоскоп болып табылады. Оның көмегімен дiрiлді тексеруге және шуыл бойынша жасырын электр кабелдiк трассаларын дәл iздестiруге болады.

Сонымен бiрге ол домалау және сырғанау мойынтірек түйiндерiндегi кез келген айналмалы жұптардың техникалық күйiнің диагностикасы үшiн, кезеңдік дыбыстық дабылдардың ұзақтығын және бiр қалыптылығын бағалау үшін (клапандар, электромагниттiк форсункалардың iстеуi, реле тағы басқалар), шуылдардың деңгейi бойынша түйiндердiң жұмысқа қабiлеттiлiгін бағалау үшiн қолданылады.

«Протон-Эстет» әмбебап ықшам дірілөлшеуіші диагностикаға және құралдар және тетiктердiң басқа да кең гаммасын: электр қозғалтқыштарды, генераторларды, турбиналарды, компрессорларды, редукторларды және үрлегiштерді жөндеуде қолданылады. «Протон-Эстет» әмбебап ықшам дірілөлшеуіші қазіргі уақытта энергетикада, металлургияда, автомобилдiк өнеркәсiпте және автосервисте кең қолданылады.

Бұл электрондық акустикалық тетіктің ерекшелiктерi:

• құрылымның қолайлылығы құралды қолдануда ыңғайлылықты қамтамасыз етедi;

• қол жетімділігі қиын түйiндерден акустикалық дабылды сүңгiмен өлшеуге (дiрiлді өлшеу) мүмкiндiк бередi;

• сезгiштiгі жоғары;

• негiзгi дабылды бұрмалайтын құрамдарды алып тастайтын сүзгiлері бар.

Жоғарыда айтылған «Протон-Эстет» ықшам дірілөлшеуіші ерекшеліктері және оның оның техникалық мүмкiндiктерi оған қуатты диагностикалық аспап болуға мүмкіндік береді.

Қрылысы: • электрондық блок; • өткiзушi сүңгi;

• құлақ телефондары; • қуат алу элементтерi (4 дана);

• пайдалану нұсқаулығы; • тасымалдау кейсі.

2. BALTECH VP-3450 дірілөлшеуіш талдауышы мойынтіректердің күйiн жедел диагностикалауға арналаған компьютерлік ықшам тексерушi (екпiндi импульстi тестілейдi) болып табылады. Ол екпiндi пульстердiң әдiсi бойынша жұмыс iстейдi (SPM) (соққылардың дiрiлi). Бұл домалау мойынтiректерiнiң жұмысының техникалық күйiн барлау үшiн қолданылатын сирек кездесетiн технология. BALTECH VP-3450 дірілөлшеуіш талдауышының көмегімен кез келген кезеңiнде домалау мойынтiректерiнiң жұмысы туралы мәлiмет алуға болады. BALTECH VP-3450 дірілөлшеуіш талдауышы өте қарапайым және жұмыста ыңғайлы құрал болып табылады. Мойынтіректiң күйiн анықтау үшiн онда түс индикаторлары(жасыл - жақсы, сары - ескерту, қызыл - жаман), сонымен бiрге құлаққа қалқанмен жұмыс істеу кезінде ең жоғарғы мәндерді жазу функциясы қолданылады.

BALTECH VP-3450 дірілөлшеуіш талдауышы жөндеу жұмыстарымен шұғылданатын мамандарға бiр рет тексеру кезінде жабдықтың механикалық күйiн сипаттауғажәне оның механикалық зақымдануын анықтауға, сонымен бiрге превентивтік тексерудің және жөндеудің қажеттiлiгі туралы мәлiметтi алуға мүмкiндiк бередi. BALTECH VP-3450 дірілөлшеуіші талдауышын өндiрiсте қолдану мынадай жұмыстарды атқаруға мүмкiндiк бередi:

- машинаның күйі жақсы болған жағдайда керексiз тексерулер мен жөндеуден құтылуға;

- әлi жұмыс iстей алатын мойынтіректерді алмастырмауға;

- жасырын мәселелерді уақытында анықтауға, апаттық жағдайларды болдырмауға, жоспарлы жұмыстарды тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Құрылысы: • BALTECH VP-3450 электрондық блогы

• Екпінді импульс тетігінің ұстағышы • құлаққалқан

• Екпiндi импульс тетігі• Бұрауыш (5?75mm)

• Ораушы кейс• Пайдалану нұсқаулығы• Сапа сертификаты• Кепiл талоны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]