Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

37. Дірілді анықтау және өлшеу

Діріл – сұйық немесе қатты зат арқылы болатын механикалық тербеліс. Діріл шығу тегіне байланысты шуға ұқсас. Діріл машиналардан адамдарға берілетін кинетикалық энергия. Ал шу ауа арқылы берілетін механикалық тербеліс энергиясы.

Дірілді өлшеу үшін мынадай құралдар қолданылады: дірілөлшеуіш, шар түрлі өлшемдерін сипаттайтын. Дірілдің эквивалентті деңгейін өлшеу үшін жолақты діріл өлшеуіш жиырма бесте он үш фильтрленген құралы қолданылады. Дозиметр 1618 <Брюль және іъер фирмасы> (Дания) сондай ақ, дозиметр 1084 <Вартсиля> (Финляндия) фирмалары ұсынған дозиметрлерді қолдануға болады. Жұмыстың принципі электрлік тербелістің механикалық энергиясына байланысты. Дірілді өлшеу үшін мына құрылғыларды пайдалану ұсынылады: ДН–7, ДН–13, ДН–19 бұлар Таганрог қаласында өндіріледі, КВ–11, КВ–12 дірілөлшеуіштің датчик түрлері, локальді діріл өлшеу үшін – ДН–3 және ДН–4 қолданамыз.

Мысал ретінде, төменгі жиіліктегі дірілөлшеуіш құрал НВА –1 аламыз. Құрылғыны қосқан соң он бес минут қыздырып өзгерісті тексереміз. Ол үшін тублерді жалпы жағдайға қоямыз, қосқышты <ДБ – I> өзгергішті қалыпты жағдайға қойып, <ДБ – II> – жиырма тілшені нөлге қоямыз, 120 –дан 13 дБ аралығында нөлге қоямыз. Егер индикатор өзгерткіш шкала бойынша қозғалмаса, онда өлшеу диапазоны өзгермейді, <ДБ – H> қосқышты өзгерту арқылы оны оннан нөлге қоямыз. Келесі өлшеу қосқыш арқылы жүзеге асады. Ал ортақ діріл жылдамдығын өлшеу үшін, қосқышын жалпы жағдайға қоямыз. Қосқыш арқылы мәндерге келсек онда активті жағдайға қоямыз, осы жағдайдың сызықтарын өзгерте отырып көрсеткіштің орташа геометриялық жиілігінің мәнін аламыз 250 Гц. Дірілді 8 Гц – тан төмен активті жағдайға қойсақ, онда тумблер баяу, ал 8 Гц тан жоғары болса, онда жылдам жағдайында болады. Көрсеткіштің мәнін <ДБ–1> және <ДБ – Н> және индикатор көрсеткіштері арқылы алуға болады. Бұлардың қорытындысы діріл деңгейін дБ көрсетеді. Дірілге баға беру олардың мәндерін салыстыру арқылы жүзеге асады.

38. Дірілден ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары

Діріл – ортаның физикалық ластануының бір түрі. Ол айнымалы қысымның механикалық көзінен берілу нәтижесніде пайда болатын жилік ауқымы кең күрделі тербелмелі процесс.

Адамға әсер ету жолына байланысты діріл екі түрге бөлінеді:

• Жалпы, ол отырған немесе түрегеп тұрған адамның денесіне салмақ түскен жер арқылы берілетін;

• Локалды (жергілікті), түрегеп тұрған адамның қолы немесе аяғы арқылы денеге өтетін.

Діріл биологиялық активтігі жоғары факторлардың бірі. Шуылмен ластану сияқты діріл децибелмен, немесе діріл жылдамдығымен , діріл шапшаңдату шамасымен өлшенеді. Дірілдің амплитудасы мен жиілігінің маңызы зор. Себебі 6-7 Гц тең резонанстық жиілік адамның жанына бататын етіп асқазаны мен басына әсерін тигізеді. Жиілігі төмен діріл адам организмінде жүретін алмасу процестерін: көмірсуларырының алмасуын, қанның биохимиялық көрсеткіштерін өзгертеді, бұл белоктық, ферментативтік, сонымен қатар витаминдік пен холестериндік алмасуды бұзады.

Жеке қорғану құралдары: дірілден қорғану үшін - кеуекті резинкадан дайындалған қолғаптар, табаны қалың аяқ киімдер діріл алаңдары амортизаторланған кілемшелер қолданылады.

Дірілмен күрес жүргізу жөніндегі шараларды дайындамас бұрын алдымен оның өлшемдерінің нақтылы деңгейін, туындау жолдарын және оның дерек көзін анықтап алған жөн. Дірілмен күресудің негізгі бағыттарына: күштің төмендеуі, (тербеліс тудыратын); резонансты тербелістерінің жойылуы, аяқ киімдер, қолғап, құралдар мен жабдықтар жатады.

Дірілді өлшеуге арналған аспаптар 2 топқа бөлінеді:

1. Дірілді электрлік емес әдістермен өлшейтін аспаптар - дірілдеткіш (ВР-і);

2. Дірілді немесе шуылды өлшеуіш (ДШО- ИШВ - 1);

Жұмыс орындарында дірілді өлшеу үшін, яғни өндірістік жағдайларда дірілдеткіш және ДШО-ны қолданады. Ал зертханалық жағдайларда дірілді өлшеу үшін жұмыс орындарын арнайы қондырғылармен жабдықтайды.

Ұжымдық қорғаныс құралдыры:

Діріл өлшеуіштер:

1.BALTECH VP-3405 және BALTECH VP-3405-2 діріл өлшеуіштерi желдеткiштер (түтiнтартқыштар), үрлегiштер, компрессорлар, электр қозғалтқыштар, генераторлар, турбиналар, тағы басқалар сияқты өндiрiстiк жабдықтардың дiрiл күйiн жедел тексеру үшiн қолданылатын жалпы өнеркәсіптiк орындаудағы дiрiлдi тексерушiлер (дірілқалам ). BALTECH VP-3405/VP-3405-2 Діріл өлшеуіштері қарапайым және бiр түймені басу арқылы өлшем жасауға мүмкiндiк беретін ыңғайлы құрал болып табылады.

BALTECH VP-3405/VP-3405-2 діріл өлшеуіштерімен дiрiлдi өлшеу аз уақыт алады, ал өлшеу нәтижелері мамандандырылған диагностикалық құрылғы көмегiмен жабдықтың тексеру қажеттiлiгі туралы шешiм қабылдауға себепкер бола алады. Осылайша, BALTECH VP-3405/VP-3405-2 Діріл өлшеуіштерін қолдану жабдықтың дiрiл деңгейін бақылауға қажетті уақытты қысқартады. Бұл дірілөлшеуіш ISO:10816 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес. құралдар алғашқы тексерiстен өтіліп және жылдық кепiлдiкпен әкелiнедi. Құрылысы: • электрондық блок; • қорғайтын қап; • қоректенудiң элементтерi; • ораушы; • пайдалану нұсқаулығы; • кепiл талоны.

2.BALTECH VP-3410 тасымал дірілөлшеуіші - бұл дiрiлдi өлшеу үшiн ықшам құрал. Кабелдiң электрондық блогымен қосылған оның сыртқы тетіктері дiрiлдi өлшеуді жүзеге асырады. BALTECH VP-3410 тасымал дірілөлшеуіші үдеу, жылдамдық және дiрiл қозғалысын өлшеуге мүмкiндiк бередi. Ол механикалық жабдықтың техникалық күйi мен оның ақаулары диагностикасын барлау үшiн арналған. BALTECH VP-3410 тасымал дірілөлшеуіші 1 кгц- 10кГц аралығында жұмыс iстейдi және мойынтірек түйiндерi дiрiлiнің цифрлық мәндерiн тiркейдi. Оның техникалық мiнездемесi бұл топтаманың басқа құрылғысы сияқты ISO:10816халықаралық стандарттарына сәйкес келедi.Құрылысы: • BALTECH VP-3410 электрондық блогы; • үдеу тетігі; • Магниттi ұстаушы; • Батарея (6F22 ); • Ораушы; • Пайдалану нұсқаулығы; • Сапа сертификаты; • Кепiл талоны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]