Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

29. Кәсіби аурулар.

Кәсіби аурулар-белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

Кәсіптік аурулар жалпы сырқаттардың ағымын ұзартуы мүмкін, сонымен бірге жағдайының нашарлауына, жүйелер қызметінің жетіспеушілігінің өсуіне әкеледі, жағымсыз факторлардың әсер етуінің арқасында жалпы аурулар ағымдары өзгеруі мүмкін (құрамында кремний бар шаңды жұтқандағы туберкулез, жоғары температура химиялық кәсіби зияндылықтардың әсері жоғарлайды, метеорологиялық факторлар фариниттердің, бронхиттердіқ, пневмониялардың және т.б. дамуына ықпал жасайды).

Кәсіптік аурулардаң жіктелуі.

1. Этиологиялық қағида бойынша: а) Химиялық заттар жедел және созылмала кәсіби улануларға әкеледі. б) Өндірістік шаң силикоз, силикатоздар, амтракоз, слақбронхиті және т.б. әкеледі.в) Физикалық факторлар сәуле, вибрация, кессон; тау ауруларына, кәсіби керендінне әкеледі.г) Шамадан тыс күш түсуден болатын кәсіби аурулар - бұл шахтерлердегі бурсштер, мұғалімдердегі ларингиттер.д) Көсіптік паразитарлық және инфекциялық сырқаттылықтар — кәстын ақшалардағы эхинокониоз, балық комбинатының жұмыскерлердегі описторхоз.

2. Жүйелік қағида бойынша (қандайда бір мүшенің зақымдалуымен жүреді)а) Тыныс алу мүшелерінің сырқаттары (химиялық факторлардың, шанның әсері);

б) Қан жүйесінің сырқаттары (химиялық және физикалық факторлар);в) Гепатотропты улар (негізінен химиялық заттар);г) Терінің зақымдалуы (химиялық, физикалық әсер ету).

30. Маңызды өндірістік улар және кәсіби уланумен күресудің жалпы шаралары

Өндірістік у дегеніміз - белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін шекті-ауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы мүмкін,өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы өнімі болып саналатын у.

Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.

Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар не токсиканттар деп аталады. Кәсіби уланулар жұмыс орнында ,өндірістік орталарда орын алады.Онда сынаптан ,көмірқышқыл тотығы,хлор және фосфордан уланулар бойынша көбірек тіркеледі.

Кәсіби уланулар:

Бұл заттардың жоғары тиімділігі адамға біршама токсикалық әсерімен қатар жүреді.Сондықтан олардың токсикалық қасиеттері уланудың клиникасын ,профилактикалық шаралардың ерекшеліктерін меңгеру кәсіби потологияда өзекті мәселе болып табылады. Гексохлорон-бензоль сақинасына хлордың 6 атомының қосылған өнімі.Инсекфунгицид ретінде дуст,аэрозоль,сықпа,эмульсия түрінде қолд-ы.Организмге ауа арқылы инголяциялық және тері арқылы түседі.Улану негізінен препараттарды дайындағанда,қорапқа салғанда ,өсімдіктерді қолмен өңдегенде болуы мүмкін.

Дихлор-дифенил трихлорэтан-сипаты өзіне тән иісі бар кристал ұнтақ.Ол тыныс алу мүшелері арқылы асқазан ,ішек трактісі арқылы туседі,тері арқылыда түсуі мүмкін.

Жедел интоксикация-сырқаттың алғашқы белгілері уланғаннан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болады және біртіндеп дамиды.Бірінші табылатын симптомдары ауыз қуысы және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының тітіркенуі,сілекей бөлінуінің жоғарылауы,түшкіру.

Созылмалы интоксикация-ДДТ қойма ,улы химикатты өндіретін өнеркәсіптердің жұмыскерлерінің арасында көп кездеседі.Оларға тән белгілері:арықтау,тәбеттің жоғалуы,бас ауру,ұйқысыздық,бұлшық еттің әлсіздігі т.б жатады.

Жедел улану-Клиникасы уланғаннан кейін бірнеше сағаттан не тәуліктен кейін дами бастайды.Басында бас ауру ,айналу,жалпы әлсіздік,көздің ауруы,жастың ағуы,жөтел,мұрыннан қан кету .Содан соң төстің астында шаншу түріндегі ауырсынулар,мазасыздану,күшті ентігу,дірілдеу,темп-ның көтерілуі.Келесі күндері бронхит,токсикалық миокардит,гепатит,нефрит клиникасы дамиды.

Ауыр улану-тез қозу,жүректің ауытқуы,бұлшық еттердің дірілдеуі,токсикалық қалтырау және кома.

Орташа улану-40 С-қа дейін температура көтеріледі.Дипрессия жалпы тежегіштік байқалады.Бронхиальды секреция,жөтел көбейеді.

Алдын –алу шаралары:

Уланудың профилактикасы санитарлы-гигиеналық негізде жұмыс істейді,ол дегеніміз өндірісте,қондырғыларды герметизациялау,коллективті және жеке қорғаныс құралдарын қолдану.

Санитарлы –гигиеналық міндеттері:химикаттармен контактыда болу уақытын анықтау,жүкті әйелдерді,жасөспірімдерді жібермеу.Арнайы киімдерді жуу жургізілу қажет,тамақтанатын орындар бөліну керек,душ тасымалдау,арнайы міндеттемелерге жауап беруді бақылау қажет.

Медициналық профилактика -24,05,99.№278 Қ.Р Д.М.бұйрығына “міндетті алғашқы және кезеңді мед-лық тексеруді ,жағымсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған жұмыскерлерді жургізу және кәсіптік жарамдылығын анықтау”сәйкес жүзеге асады.Кезеңді тексерістер жылына 1 рет өткізіледі.Тексеруге қатысатын мамандар терапевт,невропатолг,дермато-венеролог,стоматолог,офтальмолог,акушер-гинеколог.Тексеруді жүргізетін зерттеу жұмыстары :қан сары суының холестеразасының белсендігі ,зәрдің жалпы анализі.Дәрігерлік еңбек сараптамасы еңбекті қорғау заңына сәйкес өткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]