Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

28. Өндірістік бөлмелердегі лазер және ук-сәулелер және оларды санитарлық нормалау.

Лазер – оптикалық генераторларда өндірілетін монохроматты сәуле шоғыры. Өндірісте қатты металлдарды кесу, тесу үшін қолданылады. Кез-келген металлдарды, пластмассаларды, фотохимияда, фотофизикада, спектроскопияда, жердің астындағы кенді табу үшін, корабльдің навигациясында, асыл тастарды өңдегенде, хирургияда қолданылады. Негізгі көздері – оптикалық кванттық генератор (лазер).

Түрлеріне қарай лазерлік сәулелену былайша бөлінеді: тікелей сәулелену;мшашыраңқы сәулелену; айналық шағылысу; диффузиялық. Лазерлік сәулеленудің биологиялық ықпалы толқынның ұзындығы мен сәулелену қарқынына қарай болады, сондықтан толқын ұзындығының бүкіл диапазоны мынадай салаларға бөлінеді: ультракүлгін 0,2 – 0,4 мкм, көрінетін 0,4 – 0,75 мкм, инфрақызыл 0,75 – 1 мкм.

Санитарлық норма және ереже 5804-91 «Лазерді эксплуатациялаудың санитарлық нормасы мен ережесі».

Қалыптаушы параметр – лазерлік сәулеленудің рұқсат етілетін шектік деңгейі (ШРК) Я = 0,2 – 2 мкм. Лазерлік сәулелену ықпалынан қорғану шаралары: ұйымдастырушылық, техникалық, жоспарлау, санитарлық-гигиеналы. Техникалық шаралардың ең көп таралған түрлері:

- экрандау (жұмыс орнын, лазерлік сәулелену);

- егер экран орнында болса, лазер жұмыс жағдайына келетіндей етіп блоктау.

Бақылау аппараттары: лазерлік дозиметрлер

Лазер қондырғыларына арналған бөлмелерді жобалағанда лазердің құрылымы мен пайдалану ережелерінің талаптары сақталуы қажет.

Ультракүлгін сәуле – көзге көрінбейтін электромагниттік сәуле, ол электромагниттік толқындар шкаласында көрінетін сәулемен рентген сәулесі аралығын алып жатыр.

Ультракүлгін сәуленің толқын ұзындығы - 100 ден 400 нм (1 нм = 10 м) аралығында. Жарықтандырудың Халықаралық комиссиясының (CIE) классификациясы бойынша ультракүлгін сәуле үш диапазонға бөлінеді:

UV-A – ұзын толқынды (315 - 400 нм) UV-B – орта толқынды (280 - 315 нм) UV-C - қысқа толқынды (100 - 280 нм) Ультракүлгін сәуле спектрі:

--сызықтық (атомдары, иондары және жеңіл молекулалары);

--жолақ (ауыр молекулалары);

--үздіксіз (электрондардың тежелуі кезінде және рекомбинациясы кезінде туындайды).

Ультракүлгін сәуле көздері:

--Температурасы t>10000С болатын барлық қатты денелер, сондай-ақ сынап буында

--Жұлдыздар (соның ішінде Күн)

--Лазерлі құрылғылар;

--Трубкасы кварцтан (кварцты лампа), сынапты болып келген газ разрядты лампа.

Жұмыс орнындағы өндірістік көздерден ультракүлгін сәулеленудің (әрі қарай - УС) мүмкіндік деңгейі: ұзын толқынды УС-А-400-315 нм, орта толқынды УС-315-280 нм, қысқа толқынды УС-280-200 нм облыстары үшін сәулеленудің спектралды құрамын ескере отырып қабылдануы керек. 

 Сәулеленуинтенсивтілігініңгигиеналықнормативтеріжұмысшыларғаәсеретуұзақтығын, сәулеленуденқорғайтынарнайыкиімдіміндеттітүрдекиюді, баскиімдіжәнекөздіқорғайтынқұралдардыпайдалануынескереотырыпбелгілейді.

Өндіріс бөлмелерінің жарық беретін құрылғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздіктің алдын-алу үшін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары қарастырылуы керек. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары ультракүлгін сәулеленудің өндірістік көздері бар бөлмелерде қарастырылмайды.

Көздің оптикалық-физиологиялық қасиетін, сондай-ақ У сәулеленуді (толқындық) ескере отырып, көру органы мен терінің бетін қорғайтын энергия ағынының рұқсат етілетін тығыздығы белгіленген. УК – А 0,005 тен, УК – С 0,001 (Вт/м)2-тан аспауы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]