
- •1.Өндірістік орта,жұмыс аймағы,жұмыс орны дегеніміз не?
- •2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларға түсінік беріңіздер
- •3. «Өндірістік санитария» және еңбек гигиенасының негізгі мақсаттары
- •4. Өндірістегі қауіпті және зиянды факторлардың жүйеленуі
- •5. Еңбек түрлеріне сипаттама беріңіздер
- •6. Дене және ой еңбегі кезінде ағзада қандай физиологиялық өзгерулер болады?
- •7. Қажу, жалығу және зорығу себептері және оны болдырмау
- •8. Өндірістік микроклимат және оның адам ағзасына әсері. Өндірістік микроклиматты гигиеналық нормалау
- •9. Ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа ағыны ағзаға қалай әсер етеді?
- •10.Ағзаны қызудан және тоңазудан сақтау.
- •11. Өндірістік желдету және конденцирлеу жүйелері
- •12.Табиғи және механикалық желдетудің ерекшелігі мен кемшілігі.
- •13.Жергілікті және жалпы желдету жүйелерін қолдану ерекшеліктері
- •14. Жарықтандырудың және жарықталған ортаның негізгі сипаттамасы, олардың өлшем бірліктері
- •15.Өндірісте қолданылатын жарықтандыру түрлері қандай?
- •16. Табиғи жарықтандыру түрлері және оны нормалау.
- •17. Өндірісте жасанды жарықтандыруда қандай шам түрлері қолданылады? Олардың артықшылықтары және кемшіліктері.
- •18.Жасанды жарықтандыру түрлері. Жасанды жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талап
- •19. Электр тоғымен зақымдану себептері
- •20. Электр тоғымен зақымдану қаупі бар бөлмелердің жүйеленуі.
- •21.Өндірістік шаңның физика-химиялық қасиеті және шаң құрамының жүйеленуі.
- •23.Шу,оның өлшемі және жүйеленуі.
- •24. Шудың әсерінен адам ағзасындағы өзгерістер. Өндірістегі шуды төмендету шаралары
- •25. Инфра- және ультрадыбыс дегеніміз не? Олардың ағзаға әсерінтөмендету үшін жүргізілетін әдістер қандай?
- •26. Діріл, оның шығу көздері, дірілдің ағзаға әсері
- •27. Өндірістегі электромагниттік өріс және сәулелену көздері, адам ағзасына әсері және қорғанудың жалпы әдістері
- •28. Өндірістік бөлмелердегі лазер және ук-сәулелер және оларды санитарлық нормалау.
- •29. Кәсіби аурулар.
- •30. Маңызды өндірістік улар және кәсіби уланумен күресудің жалпы шаралары
- •31. Өндіріс бөлмелерінің температурасы және оны анықтау.
- •32.Өндіріс бөлмелерінің ылғалдылығы және оны анықтау .
- •33. Өндіріс бөлмелерінің ауа ағыны және оны анықтау
- •34.Табиғи жарықтандыруды бағалау .
- •35. Жасанды жарықтандыруды бағалау және есептеу
- •36. Шуды анықтау және санитарлық бағалау, шуды нормалау әдісі
- •37. Дірілді анықтау және өлшеу
- •38. Дірілден ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары
- •Өндірістік бөлмедегі улы затттарды анықтау.
- •41. Еңбек жағдайын бағалау
- •42. Шудан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
- •43.Шаңнан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
- •45. Иондаушы сәулелерден қорғанудың ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары.
- •46. Ук және лазер сәулелерінен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары
- •47. Иондаушы сәулелерді нормалау, бақылау және өлшеу құралдары
- •48. Дірілді нормалау әдістері, бақылау-өлшеу құралдары
- •49. Өндірістік шаңды анықтау әдістері мен құралдары
- •50. Өндірістегі шуды бақылау әдістері қандай және шуды өлшеу үшін қолданылатын құралдың жұмыс істеу приципі.
- •51.Өндіріс ауасындағы шаңды анықтау және есептеу әдістері
- •52. Өндіріс ауасын шаңнан, т.Б зиянды заттардан тазарту әдістері
- •53. Өрт қауіпсіздігінің пассивті және активті шаралары.
- •54. Жарықтандыру параметрлерін бақылау (өлшеу) әдістері
- •55. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талап
- •56. Жарықтандыру параметрлерінің адам ағзасына әсері.
- •57. Электр тоғынан туатын ағзадағы зақымданулар
- •58. Электр тоғынан адамды босату жолдары және алғашқы көмек көрсету шаралары
- •59. Діріл деңгейін төмендететін әдістер. Дірілден қорғанудың гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралары
- •60. Электр тоғынан зақымдануды болдырмау үшін жүргізілетін ұжымдық, техникалық қорғаныс шаралары
- •39. Өндірісітік шаңды анықтау әдістері мен құралдары.
26. Діріл, оның шығу көздері, дірілдің ағзаға әсері
Діріл – сұйық немесе қатты зат арқылы болатын механикалық тербеліс. Діріл шығу тегіне байланысты шуға ұқсас. Діріл машиналардан адамдарға берілетін кинетикалық энергия. Ал шу ауа арқылы берілетін механикалық тербеліс энергиясы.
Д. шығу себептері:1Қозғалатын жүйелер, механизмдер
2Айналатын жүйелер; 3Соғылатын механизмдер
Діріл екіге бөлінеді: 1Жергілікті, жылына екі рет өлшенеді.; 2 Жалпы, жылына бір рет өлшейміз.
Діріл жұмыстары: ормандағы ағаштарды құлататындар слесарь, бурильщик, шахта забойщиктері, проходчиктер. Дірілден болатын ауруларды алғашқы сатысында емдеуге болады, асқынып кетсе мүгедектік туады. Жергілікті – қолға немесе дененің басқа шектелген бөлігіне беріледі. Ол ұлпаларға, сүйек шеміршектерге жақсы таралады. Жиілігі аз болып, амплитудасы көп болса діріл алысқа таралады. Мысалы: қол инструменті – қол арқылы басқа, ішкі омыртқаларға таралады.Жалпы–бүкіл денеге тарайды. Діріл басқа да факторлармен бірге жүреді: шу, климаттық суды, дененің дұрыс орналаспауы.Кәсіби аурулардың ішінде екінші орында тұр.
Дірілдің ағзаға әсері:
Жалпы және жергілікті әсерінен: -Нейротамырлар бұзылуы.; -Жүйке – бұлшықет жүйесінің бұзылуы.; -Тірек – қимыл апаратының бұзылуы.; -Зат алмасуында өзгерулер болады.; -0,7 теңіз ауруы симптом пайда болады.; -Тепе теңдік бұзылады. 6 – 9 Гц ішкі органдар үзіліп кетеді.
Жергілікті діріл әсері: тамырлары тартылады, шеттегі қан айналымы бұзылады, нерв, бұлшықет, сүйек ұлпаларына әсер етеді, саусақтар бозарып, тартылып қалады.
Жалпы дірілдің әсері: жүйке бұлшықет жүйесін, тірек қозғалу жүйесін бұзады, миға қан жөнді келмейді, остихондрозбен ауырады.
Адамға әсер етуші діріл мөлшері шамадан тыс көп болса, вестибулярлық құрал миға жалған ақпарат беруі мүмкін. Бұл жағдайда ағза жүйесінің жұмысы бұзылып, бас айналу пайда болады.Дірілдің адамға ұзақ әсер етуі діріл ауыруларына алып келеді. Діріл патологиясы шаң патологиясынан кейінгі екінші орынды алады. Дірілдің адам ағзасына әсер ету күшіне қарай ауру өршуінің төрт кезеңі бар.1. Бірінші кезеңдегі ауыру белгілері айқара байқалмайды: қол, иық бұлшық еттері ауырады, ұсақ тамырлар қысылады. Ұйқы бұзылады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, ашушаңдық, тершеңдік. 2. Екінші кезеңде қол ауыруы өрши түседі, сезімталдық төмендейді, дене қызуы төмендейді, қол терісі көгеріп кетеді, артериялық қысым ауытқиды.3. Үшінші кезеңде екінші кезеңдегі белгілер күшейеді. Жұдырық түйген кезде, саусақтардың ағаруы, ұйуы.4. Төртінші кезеңде дене қызуы тым төмендейді. Дене бұлшықеттері түгелімен ауырады. Жүйке жүйе және эндокринді жүйе қызметтері бұзылады, бас айналыды, бас, кеуде бөліктерінің ауыруы.Яғни діріл ауыруына бірінші ұшырайтын қол және аяқтың тобық бөлігі.
27. Өндірістегі электромагниттік өріс және сәулелену көздері, адам ағзасына әсері және қорғанудың жалпы әдістері
Өндірістегі электромагниттік өріс
Электромагниттік өріс және сәулелену көздері: атмосфералық сәулелену, радио сәулелену, жердің электрлік және магниттік өрісі, жасанды көздер (радиохабарлағыш және телекөрсетуші, радиолокация т.с.с. құрылғылар орнату). Электромагниттік энергияның шығу көздері болып қуатты телекөрсетуші және радиохабарлағыш бекеттер, жоғарғы жиілікті жылуы бар өнеркәсіптік қондырғылар және басқа да өлшегіш зертханалық құралдар табылады. Медициналық ғылыми зерттеулерде ультражоғары жиілікті токтарды, радиотехникада ультражоғары және өте жоғары жиілікті токтарды қолданады. Жоғарғы жиілікті токтарды қолданғанда адам организіміне әсер ететін электромагниттік өріс пайда болғандықтан, одан қорғану шараларын жасау қажет. Жоғарғы жиілікті токтар ауада инфрақызыл, көрінетін, рентген және гамма-сәуле сияқты сәулелерді туғызады. Бұлардың арасындағы энергиялық айырмашылық олардың толқын ұзындығында, тербеліс жиілігінде және кванттың энергия көлемінде. Кеңістіктің кез келген нүктесіндегі электромагниттік өрістің күші генератор қуаттылығынан және арақашықтыққа байланысты. Өрістің ортада таралуына сол ортадағы өткізгіш болып табылатын металл заттар мен құрылғылар әсер етеді.
Электромагниттік өріс пен сәуленің адам ағзасына әсері. Бұйымдар мен жабдықтарды электротермиялық өңдеу үшін радиожиілікті токтарды қолдану халық шаруашылыған және шұмыс істеу шарттарын жеңілдетеді, өндірістік процесстерде қолданылатын шикізатты үнемдеуге қол жеткізеді, бірақ радиожиілікті қондырғылар шығаратын электромагниттік сәулелерді мөлшерден көп қабылдаған жағдайда, ол адамда кәсіби ауруға әкеліп соғады. Нәтижесінде нерв жүйесі, жүрек қантамырлары, эндокриналық жүйе және басқа да ағзаларға әсер етуі мүмкін. Электромагниттік өріс әсерінде ұзақ уақыт болған жағдайда адам тез шаршайды, ұйқысы бұзылады, жиі–жиі басы аурады, нерв жүйесі бұзылады және т.с.с. систематикалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру, қан қысымының өзгеруі, жүрек соғысының баяулауы, шашының түсуі байқалады.
Электромагниттік өрістен және сәулелерден қорғану әдістері.Электромагниттік сәулеленуден қорғанудың негізгі әдістері: сәуле шығару көзіндегі сәулеленуді азайту (жұмыс істеу орны мен шығу көзі арасын алшақтату); өте жоғарғы жиілікті және ультра жоғарғы жиілікті қондарғыларды дұрыс орналастыру (қуаттылығы 10 Вт–тан асатын қондырғыларды сәулелерді жұтатын материалмен (кірпіш, шлакобетон) қапталған бөлмеде орналастыру); экрандалған бөлмелердегі қондырғыларды алыстан басқару және бақылау (көзбен бақылау үшін арнайы металл тормен қапталған қарағыш терезелер жасалады); жұмыс істеу орнын және сәуленің шығу көзін экрандау (болаттан, алюминидан немесе мыстан жасалған жоғарғы өткізгіштік қасиеті бар тор металдарды шағылдырғыш жерлету(заземление) экраны ретінде пайдалану); ұйымдық шаралар (электромагниттік сулеленуді дозиметр көмегімен кемінде 6 айда 1 рет тексеру, жылына 1 рет медициналық тексерістен өту, қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күн жасау, жасы 18–ге толмаған және орталық нерв жүйесі, жүрегі, көзі ауратын тұлғаларды жұмысқа қабылдамау); Жеке қорғанысты қолдану (арайы киім, қорғаныс көзілдірігі т.с.с.)
Әрбір өнеркәсіптік қондырғы техникалық құжатпен жабдықталған. Онда оның электрлік сызбасы, қорғаныс құралдары, қолдану ортасы, толқын ұзындығы, шектік қуаттылығы т.с.с. көрсетіледі. Электромагниттік өріс ортасында жұмыс істеу уақыт ұзақтығын белгілеу. Жоғарғы жиілікті ток генераторлары, жеке, өртке төзімді бөлмелерде, ал машиналық генераторлар дыбыс өткізбейтін кабиналарда орналасады. Қуаттылығы 30кВт–қа дейін жететін қондырғыларға 40 кв. метр, ал одан жоғарғыларға 70 кв. метрден кем емес аудан бөлінеді. Қондырғылар арасы кем дегенде 2 метрден және олар міндетті түрде экрандалған болу керек. Ол бөлмелер желдетілуі керек. Экрандау – қорғанудың ең тиімді әдісі болып табылады. Экрандар шағылдырушы және жұтушы болып бөлінеді. Экранның қалыңдығы электромагниттік сәулені жұту немесе шағылдыру арқалы әлсіретеді. Олар жұмсақ және қатты поролон немесе ферромагнитті пластиналардан жасалады. Электромагниттік сәуледен қорғанудың жеке құрылғысына жұқа металдан жасалған комбинезон, шапан жатады. Олар адам ағзасын жерлетілген экран принципі бойынша жұмыс істейді.