
- •1.Өндірістік орта,жұмыс аймағы,жұмыс орны дегеніміз не?
- •2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларға түсінік беріңіздер
- •3. «Өндірістік санитария» және еңбек гигиенасының негізгі мақсаттары
- •4. Өндірістегі қауіпті және зиянды факторлардың жүйеленуі
- •5. Еңбек түрлеріне сипаттама беріңіздер
- •6. Дене және ой еңбегі кезінде ағзада қандай физиологиялық өзгерулер болады?
- •7. Қажу, жалығу және зорығу себептері және оны болдырмау
- •8. Өндірістік микроклимат және оның адам ағзасына әсері. Өндірістік микроклиматты гигиеналық нормалау
- •9. Ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа ағыны ағзаға қалай әсер етеді?
- •10.Ағзаны қызудан және тоңазудан сақтау.
- •11. Өндірістік желдету және конденцирлеу жүйелері
- •12.Табиғи және механикалық желдетудің ерекшелігі мен кемшілігі.
- •13.Жергілікті және жалпы желдету жүйелерін қолдану ерекшеліктері
- •14. Жарықтандырудың және жарықталған ортаның негізгі сипаттамасы, олардың өлшем бірліктері
- •15.Өндірісте қолданылатын жарықтандыру түрлері қандай?
- •16. Табиғи жарықтандыру түрлері және оны нормалау.
- •17. Өндірісте жасанды жарықтандыруда қандай шам түрлері қолданылады? Олардың артықшылықтары және кемшіліктері.
- •18.Жасанды жарықтандыру түрлері. Жасанды жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талап
- •19. Электр тоғымен зақымдану себептері
- •20. Электр тоғымен зақымдану қаупі бар бөлмелердің жүйеленуі.
- •21.Өндірістік шаңның физика-химиялық қасиеті және шаң құрамының жүйеленуі.
- •23.Шу,оның өлшемі және жүйеленуі.
- •24. Шудың әсерінен адам ағзасындағы өзгерістер. Өндірістегі шуды төмендету шаралары
- •25. Инфра- және ультрадыбыс дегеніміз не? Олардың ағзаға әсерінтөмендету үшін жүргізілетін әдістер қандай?
- •26. Діріл, оның шығу көздері, дірілдің ағзаға әсері
- •27. Өндірістегі электромагниттік өріс және сәулелену көздері, адам ағзасына әсері және қорғанудың жалпы әдістері
- •28. Өндірістік бөлмелердегі лазер және ук-сәулелер және оларды санитарлық нормалау.
- •29. Кәсіби аурулар.
- •30. Маңызды өндірістік улар және кәсіби уланумен күресудің жалпы шаралары
- •31. Өндіріс бөлмелерінің температурасы және оны анықтау.
- •32.Өндіріс бөлмелерінің ылғалдылығы және оны анықтау .
- •33. Өндіріс бөлмелерінің ауа ағыны және оны анықтау
- •34.Табиғи жарықтандыруды бағалау .
- •35. Жасанды жарықтандыруды бағалау және есептеу
- •36. Шуды анықтау және санитарлық бағалау, шуды нормалау әдісі
- •37. Дірілді анықтау және өлшеу
- •38. Дірілден ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары
- •Өндірістік бөлмедегі улы затттарды анықтау.
- •41. Еңбек жағдайын бағалау
- •42. Шудан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
- •43.Шаңнан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
- •45. Иондаушы сәулелерден қорғанудың ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары.
- •46. Ук және лазер сәулелерінен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары
- •47. Иондаушы сәулелерді нормалау, бақылау және өлшеу құралдары
- •48. Дірілді нормалау әдістері, бақылау-өлшеу құралдары
- •49. Өндірістік шаңды анықтау әдістері мен құралдары
- •50. Өндірістегі шуды бақылау әдістері қандай және шуды өлшеу үшін қолданылатын құралдың жұмыс істеу приципі.
- •51.Өндіріс ауасындағы шаңды анықтау және есептеу әдістері
- •52. Өндіріс ауасын шаңнан, т.Б зиянды заттардан тазарту әдістері
- •53. Өрт қауіпсіздігінің пассивті және активті шаралары.
- •54. Жарықтандыру параметрлерін бақылау (өлшеу) әдістері
- •55. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талап
- •56. Жарықтандыру параметрлерінің адам ағзасына әсері.
- •57. Электр тоғынан туатын ағзадағы зақымданулар
- •58. Электр тоғынан адамды босату жолдары және алғашқы көмек көрсету шаралары
- •59. Діріл деңгейін төмендететін әдістер. Дірілден қорғанудың гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралары
- •60. Электр тоғынан зақымдануды болдырмау үшін жүргізілетін ұжымдық, техникалық қорғаныс шаралары
- •39. Өндірісітік шаңды анықтау әдістері мен құралдары.
25. Инфра- және ультрадыбыс дегеніміз не? Олардың ағзаға әсерінтөмендету үшін жүргізілетін әдістер қандай?
Инфрадыбыс. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының деңгейі децибелмен (дБ) көрінеді.
Инфрадыбыстардың ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз болғандықтан олар олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтарды тудырады.
Су және ауа транспорттары, өздігінен жүретін машиналар, дизелді двигателдер, айналмалы бөлшектері бар ауыр машиналар, мартеновты және электрлі доғалы пештер, вибрациялық алаңдар, өндірістік вентиляторлар, кондиционерлер, компрессорлар қазіргі кездегі өндірістердегі және транспорттардағы инфрадыбыстардың көздері болып табылады. Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады: тітркенгіштік, жүрек айну.
Алдын алу: жұмыс орындарындағы инфрадыбыстар деңгейі гигиеналық тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын қолдану керек. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек. Жұмысқа қабылдаған кездегі медициналық қарсы көрсеткіштеріне жатады: құлақтың сүлелі аурулары, вестибуллярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары, наркомания, токсикомания, гипертониялық аурулар.
Ультрадыбыс дегеніміз 2·104 нен 1013 Гц жиілікті толқынды айтады. Ол децибелмен өлшенеді. Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу жиіліктері төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды.
Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады. Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады.
Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ құрайды.
Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары болу керек.
Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек.