Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.47 Кб
Скачать

20. Электр тоғымен зақымдану қаупі бар бөлмелердің жүйеленуі.

Электр тогы дегеніміз – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы. Бұл зарядталған бөлшектер; өткізгіштерде- электрондар, электролиттерде-иондар(катиондар мен аниондар), газда- иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда- электрондар, жартылай өткізгіштерде-электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.

Электр тогымен зақымдану қауіпі бар бөлмелердің жүйеленуі 3-ке бөлінеді:

  1. Жоғары қауіпі жоқ бөлмелер- құрғақ, ылғалдылығы 60%-тен аспайды, шаң жоқ, температурасы тұрақты, едені ағаштан жасалған бөлмелер(лабораториялар, радиозаводтар, конструк.)

  2. Жоғары қауіпі бар бөлмелер- бөлме баздалған(70%-н артық ылғал) ток өткіз-н едендер(бетон, кірпіш және т.б.) жоғары температура болуы мүмкін 35градустан артық, электр қондыр-ң сырты металмен қапталған.

  3. Өте қауіпті бөлмелер-ерекше баздалған, ылғалдылығы 100%-ке жақын, химиялық белсенді болуы мүмкін, ол бөлмелерде агрессивті газ, сұйық, булар болуы мүмкін немесе органикалық орта (көгерген). Температура және шаң бірге келсе өте қауіпті. Гальваникалық цехтарда, жуғыш, металдық ыдыстар. Жоғары қауіпті 2 немесе одан да көп факторлардың бір мезгілде болуы.

Электр тогын жақсы өткізетіндер: сулы, нервный адамдар,гипертония, температурасы жоғары болса және терлегіш болса. Өлі клетканың токты өтуі әлсіз болады.

Электр тогымен зақымдану себептері:

  1. Қауіпті кернеулі ток бар электр жүйесіне түсіп қалу немесе кездейсоқ жақындау.

  2. Оқшауланбаған немесе зақымдан-н ток бар электр қондырғысының корпусына, дененің түйісіп қалуына.

  3. Сөндір-н электр қондыр-н шатасып, қайта қосқан жағдайда кернеулі токка адамның түсіп қалуы.

  4. Үзілген ток сымының жерге түскен аймағында пайда болатын қадамдық кернеу нәтижесінде.

  5. Токтан басқа адамды құтқарған кезде.

  6. Екі фазаға түйісу-айнымалы токта пайда болады.

  7. Екі полюсті түйісу-тұр. ток жүйе-ң 2 полюсіне түйісу.

Электр қондырғыларын шартты түрде 2-ге бөледі:

  1. 1000 В-қа дейінгі кернеулікте жұмыс істеу қондырғысы.

  2. 1000В-н артық кернеулікте жұмыс істеу қондырғысы.

21.Өндірістік шаңның физика-химиялық қасиеті және шаң құрамының жүйеленуі.

Өндірістік шаң дегеніміз-жұмыс аймағындағы ауада қалқып шөгетін ондаған микрометр мөлшеріндегі қатты ұсақ бөлшектердің кездесуі. Шаң аэрозоль түрінде кездеседі.

Шаңның физика-химиялық қасиеті.

Химиялық қасиеті:кремни тотығы,силикаттар(қышқыл мен тұздар)көміртегі , металдар.

Физикалық қасиеті:ағзада ерімейді, сондықтан фиброзды өзгерістер туғызады. Ал қанға еритін шаңдар кездеседі. Олар химиялық құрамына байланысты. Дисперстілігі ауа тұрақтылы,ымен анықталады. Мөлшері бойынша кіші размерлі шаңдар ауада қалқып тұрақты тұрады өкпеге альбеломаларға жақсы өтеді.Ультрамикроскопиялық шаңдар өкпеде 60-70% ұсталынады, сондықтан ол оны зақымдайды. Пішіннің сфера тәрізді, дөңгелек кристалл түрінде. Конденсацияланған аэрозольдер пішіні (домалақ), дасинтеграциялық аэрозольдер пішіні (сопақ) пішінді болып келеді. Ағзаға сопақ пішінді шаңдар жақсы енеді, ал кристал пішінді тыныс алу жүйесінде микробтар туғызадығ, ал теріге , көзге түссе тітіркендіреді.

Шаңның құрылымы : ол ағзадағы фибрегенді активке және белсенділікке әсер етеді.Атиффты кремний қос тотығының зияндылығы оның кристалды түріне қарағанда (кварц, кристоболит,жіне т.б)аздау болады.

Өндірістік шаңның құрамының жүйеленуі.

Түзілу әдісі бойынша

Шығу тегі бойынша

Диспестілігі бойынша

1.Дезинтеграция аэрозолі

Мысалы:қатты жыныстар бұзылған түзіледі.

2.Концентрация аэрозолі

Мысалы:металдар мен метал емес заттардың буынынан , шуынан немесе концентрацияланған

1.Органикалық

  • Өсімдіктерден

  • Жануарлардан

  • Микорағзалардан

  • Жасанды

2.Бейорганикалық

  • Минералды тастардан, селикаттар,кремний

  • Металлдық

Fe,Al,Pe,Zn шығатын шаң.

3.Аралас

  • Минералды металды

  • Органикалық және бейорганикалық

1.Көзге көрінетін, мөлшері 10мкм-дан жоғары және жылдам жерге түседі.

2.микроскопиялық, мөлшері 10-0,25мкм ауадан жерге баяу түседі.

3.Ультрамикроскопиялық

0,25мкм-ден кіші ауада қалқып жүреді.

22. Шаңның ағзаға әсері, шаңды нормалау және профилактикасы +

Өндірістік шаңның ағзаға әсері. Өндірістік шаң өте кең тараған қауіпті әрі зиянды өндірістік фактор болып табылады. Шаңның әсеріне тау-кен, машина жасау өнеркәсіптерінде, металлургияда, құрылыс материалдары және тоқыма өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Шаң адам ағзасына фиброгенді, тітіркендіргіш және уландырушы (токсиндік) әсер етуі мүмкін. Кейбір заттар мен материалдардың шаңы (шыны талшықтың, слюданың, т.с.с.) жоғарғы тыныс алу жолдарына, көз бен терінің кілегейлі қабықтарына тітіркендіргіш әсер етеді. Улы заттардың (қорғасын, хром, бериллий және т.б.) шаңы өкпе арқылы адам ағзасына өтіп, физикалық, химиялық және физика-химиялық қасиеттеріне байланысты өздеріне тән токсинді әрекет етеді. Фиброгенді эффект деп өкпенің қалыпты құрылымы мен қызметін бұзатын байланыстырушы ұлпалардың ұлғаю әрекетін атайды. Шаңның зақымдау әрекеті, көп жағдайда, оның дисперстілігімен (шаң тозаңдарының өлшемімен) анықталады. Ең үлкен фиброгенді белсенділікке тозаңдардың өлшемі 5 мкм дейін жететін дезинтеграция аэрозольдері, өлшемдері 1­2 мкм тозаңдар және өкпеге барынша терең еніп, сақталып қалатын 0,3­0,4 мкм-ден кіші тозаңдардан тұратын конденсация аэрозольдері ие болады. Шаңның қауіптілік дәрежесі тозаңдардың түріне, қаттылығына, талшықтылығына, электр зарядталғандығына, үлестік беттік ауданына байланысты болады.

Шаңды ұзақ уақыт жұту салдарынан оның фиброгенді әсеріне байланысты өкпенің әртүрлі кәсіптік аурулары – пневмокониоздар туындайды. Құрамында кремнийдің еркін диоксиді (SiO2) бар шаңды жұту кезінде пневмокониоздың ең кең таралған және ауыр формасы – силикоз дамиды. Егер кремний диоксиді басқа қосылыстармен байланысқан күйде болса, силикатоз ауруы туындайды. Силикатоздардың ішіндегі ең кең тарағандары: асбестоз, талькоз, цементоз, каолиноз. Өндірістік шаң тітіркендіргіштік әсер ете отырып, кәсіптік шаң бронхиттерін, өкпенің қабынуын, демікпелі ринит, тыныс демікпесін тудырып, ағзаның қорғаныштық қасиетін төмендетуі мүмкін. Металдардың аэрозольдері, улы химикаттардың шаңы осы заттарға тән созылмалы және асқынған улануларға душар етуі мүмкін. Адам ағзасының өндірістік шаң әсерінен зақымдану деңгейіне жұмыс аймағының ауасындағы шаңның концентрациясы және әрекеттесу ұзақтығы шешуші әсер етеді. Өндірістік шаңды гигиеналық нормалау. Ағзаға енетін химиялық заттар мен шаңның ауадағы мөлшері әр зат үшін анықталған шамадан жоғары болған жағдайда ғана олар денсаулықтың бұзылуына алып келеді. Сондықтан, кәсіптік аурулар профилактикасы үшін зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясын анықтаудың маңызы зор. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілгенконцентрациялары ГОСТ 12.1.005 – 76 стандартында келтірілген және олардың қауіптілік кластары көрсетілген. ШРК 1 куб метр ауаға келетін зиянды заттардың миллиграммен (мг) берілген мөлшерімен анықталады, яғни өлшемі – мг/м3.

Шаңның профилактикасы (өндіріс ауасында шаң болған жағдайдағы алдын алу шаралары) :1. Заңдарды орындау. ­арнайы заңда медициналық тексеруден (жұмысқа алынған адамды) өткізу; ­жұмысшыларды жылына бір рет толық медициналық бақылаудан өткізу; ­шахталардағы жұмысқа 20 толмаған адамды алуға болмайды; ­жұмыс уақытын қысқарту; ­зейнетақыға шығу жасын қысқарту; ­демалыс (отпуск) ұйымдастыру; 2.Шаң түзілуіне және таралуына қарсы шаралар жүргізу: жаңа технологиялар енгізу; жұмысты механизациялау (бұрғылағанда шаң көп түседі, су бүрку арқылы бұрғылау); жалпы желдеткіш жүйесін арттыру. 3.Жеке бастың профилактикасы: респираторлар кию; арнайы киім, көзілдірік, скафандрлар кию. 4. Профилактиканың биологиялық әдісін қолану. Биолгиялық әдіс ­ фотарий (арнайы бөлме) ішінде УК сәулесі орнатылған сілтілі ингаляция жүргізіледі. 5.Адамның тыныс алу гимнастикасы. 6.Диета сақтау. Тағамға арнайы метионин қосады, ол гормондардың жұмысын арттырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]