
- •1 Билет
- •Сенімхат
- •3 Билет хх ғасырдағы ресми іс қағаздары
- •Құрметті Ұлан Жапашқызы!
- •4 Билет
- •2 Сурак:
- •Қазақ тілі кафедрасының ұжымы
- •Құрметпен, қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дың кешті ұйымдастыру комитеті
- •5 Билет
- •Алғысхат
- •Көңіл айту хаты
- •Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер – министрі Нато Канға көңіл айту жеделхатын жолдады.
- •Хадиша Бөкееваның
- •6 Билет
- •Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызына!
- •12.05.2011 Күні сагат 12-де қабылдап алғанС.Шимаева.
- •7 Билет
- •Жеделхат
- •8 Билет
- •2 Сурак: Факс арқылы жіберілетін құжаттар.
- •9 Билет
- •10 Билет
- •2 Сурак: 13билет
- •11 Билет
- •2 Сурак: 14 билет
- •12 Билет
- •2 Сурак: 14 билет
- •13 Билет
- •2 Сурак : Арыз, оның түрлері 10 билет
- •14 Билет
- •Хабарландыру!
- •Ұйымдастыру комитеті Хабарландыру!
- •050013. Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22.
- •Жарнама
- •2 Сурак: Түйіндеме, оның тәсілдері.
- •15 Билет
- •2 Сурак: 9 билет
- •16 Билет
- •2 Сурак: Өмірбаян. Оның түрлері. 8 билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
- •19 Билет
- •2 Сурак: 6 билет
- •20 Билет
- •Анықтама
- •2 Сурак: 6 билет
- •21 Билет
- •Құрметті Гүлдария Рыскелдіқызы!
- •2 Сурак: 8 билетте
- •22 Билет
- •Сауалнама
050013. Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ,
Қазақ тілі кафедрасы. ГУК , 610
т: 8 (727) 257-71-82, 257- 70 -96
Ұйымдастыру комитеті
Жарнама
Қазіргі заманға қажетті барлық 47 мамандықты ҚазҰТУ дайындайды. Мамандар өте білікті, сапалы білім алуда. Сізге қандай мамандық керек? ҚазҰТУ-ға келіңіз! ҚазҰТУ-ға келу арқылы сіз дұрыс таңдау жасайсыз. Еңбек жолына да жақсы жолдама алғыңыз келсе, бізге келіңіз!!!
2 Сурак: Түйіндеме, оның тәсілдері.
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес.
Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқыңыз келсе, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және функционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.
1-үлгі Түйіндеме
Аты-жөнi: Айбек Нұргүл Хамитқызы
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер
Телефон: 8 (7272) 45-96-73; ұялы телефон: 8 777 123 45 67
Е-mail : nurgulaibek@hotmail.com
Жұмыс тәжiрибесi: «Аймаусым» ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Алматы қаласы, жетекші маман «Қайсар» АҚ, 2008- осы күнге дейін жетекші маман.
Бiлiмi:
- Орта 1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп
- Жоғары: 2000-2004 жж. Құрылыс-сәулет академиясы – сәулетші, бакалавр.
2004-2006 жж. Құрылыс-сәулет академиясы – магистр
Тiлдi бiлуi:
Қазақ тілі – ана тілі
Орыс тілі – еркін
Ағылшын тілі – еркін
Компьютердi игеруi:
Microsoft Office, Enternet Explorer
Жеке қасиеттері: ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.
Қосымша ақпараттар: Көлік жүргізуші
Құштарлығы: тілдер үйрену, кітап оқу, саяхат жасау
Есте сақтаңыз!
Түйіндемеде жұмсалатын терминдер және термин клишелері:
ұлт _________________ ұлтым – неміс (украин)
азаматтық _______________ Қазақстан Республикасының азаматы
білім _______________ жоғары білімді, орта білімді
отбасы _______________отбасым бар, үйленгенмін, үйленбегенмін,
қыз – тұрмыстамын, ұл – үйленгенмін, ұл-ажырасқанмын, қыз - тұрмысқа шыққанмын, тұрмысқа шықпағанмын
Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды ұнатамын, I разрядты волейболшымын, Компьютерде, интернетте, ЭЕМ машиналарында жұмыс істей аламын. Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгергенмін, меңгермегенмін, орташа меңгергенмін, түсінемін, оқи аламын, сөздікпен аудара аламын, жаза аламын. Жұмыс өтілі, еңбекақы, үстеме ақы, марапаттау, еңбек кітапшасы, дәрігерлік сараптау қорытындысы.