- •1 Билет
- •Сенімхат
- •3 Билет хх ғасырдағы ресми іс қағаздары
- •Құрметті Ұлан Жапашқызы!
- •4 Билет
- •2 Сурак:
- •Қазақ тілі кафедрасының ұжымы
- •Құрметпен, қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дың кешті ұйымдастыру комитеті
- •5 Билет
- •Алғысхат
- •Көңіл айту хаты
- •Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер – министрі Нато Канға көңіл айту жеделхатын жолдады.
- •Хадиша Бөкееваның
- •6 Билет
- •Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызына!
- •12.05.2011 Күні сагат 12-де қабылдап алғанС.Шимаева.
- •7 Билет
- •Жеделхат
- •8 Билет
- •2 Сурак: Факс арқылы жіберілетін құжаттар.
- •9 Билет
- •10 Билет
- •2 Сурак: 13билет
- •11 Билет
- •2 Сурак: 14 билет
- •12 Билет
- •2 Сурак: 14 билет
- •13 Билет
- •2 Сурак : Арыз, оның түрлері 10 билет
- •14 Билет
- •Хабарландыру!
- •Ұйымдастыру комитеті Хабарландыру!
- •050013. Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22.
- •Жарнама
- •2 Сурак: Түйіндеме, оның тәсілдері.
- •15 Билет
- •2 Сурак: 9 билет
- •16 Билет
- •2 Сурак: Өмірбаян. Оның түрлері. 8 билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
- •19 Билет
- •2 Сурак: 6 билет
- •20 Билет
- •Анықтама
- •2 Сурак: 6 билет
- •21 Билет
- •Құрметті Гүлдария Рыскелдіқызы!
- •2 Сурак: 8 билетте
- •22 Билет
- •Сауалнама
Қазақ тілі кафедрасының ұжымы
Құрметті Г.Т.Тұрсынова ханым!
Сізді университетіміздің акті залында өтетін Наурыз мерекесіне арналған «Алматы көктемі» салтанатты кешіне шақырамыз. Кеш 2012 жылдың 22 наурыз күні, сағат 16.00-де болады. Кешке қатысушылар: М. Ілиясова, Е.Хасанғалиев, М.Жүнісова, «Дос-Мұқасан» ансамблі және т.б.
Шақыру билетінің саны шектеулі болғандықтан келе алатыныңыз жайлы таяу арада хабарлауыңызды өтінеміз.
Құрметпен, қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дың кешті ұйымдастыру комитеті
5 Билет
Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы
Ресми іс қағаздары терминдерін жүйелі түрде реттеп қалыптастыруда тілші-ғалымдардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, аудармашылардың тіпті көпшілік қауымның жаппай ат салысатындығы белгілі. Терминдерді қолдану барысында іске қосылатын амал-тәсілдер мен пайдаланылатын ішкі мүмкіндіктерді айқындап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше.
Термин – сөз, термин – ұғым дегенді білдіреді. Термин – ғылым, техника, өнер және сол сияқты қоғамның, экономиканың, тұрмыстың белгілі саласында қолданылатын сөздердің атауы.Оны дәл мағынасында беруі дегеніміз басқа ұғымдардан айрықша, өзіне тән басты белгілерін көрсете, ұғым мен атауды бір-бірімен ұштастыра беруі болып табылады.
Әр кезеңде түрлі елдермен қарым-қатынас жасау нәтижесінде кірме сөздер пайда болды. Араб-парсы сөздерінен енген сөздердің көпшілігі негізгі сөздік қордан орын алды.Олар әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің түрлі саласында, іс қағаздар тілінде қолданып жүрген терминдер. Мысалы: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жәрдем, жарнама, хабар, куә, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, мәртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мәжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой,т.б. Іс қағаздарында жұмсалып жүрген бірқатар арыз, есеп, үкім, өкім, шарт, кепілдеме, мәлімет терминдері араб-парсы тілінен енген сөздер.
Қазіргі уақытта іс қағаздары тіліндегі терминдердің көбі орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Мысалы, орыс тіліндегі делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасты. Ал іс жүргізу сөзі заң саласында істі жүргізу, істі болды, ісі сотта қаралды, іс тоқтатылды деп аударылғандықтан, делопроизводство - іс қағаздарын жүргізу, деловые бумаги – іс қағаздары болып қолданысқа енді. Іс қағаздары терминдерінде орыс тіліндегі нұсқасы да, қазақ тіліндегі нұсқасы да қатар қолданылып жүрген сөздер бар. Мысалы, резолюция – бұрыштама, резюме – түйіндеме, акт – кесім т.б.
Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданысқа түсуі ұлттық терминологияның дамуымен тығыз байланысты.
2 сурак: Алғысхат Қазақстанда соңғы мерзімде қалыптасып келе жатқан іскерихат түрі. Алғысхатты жұртшылыққа өз еңбегімен танымал болған қайраткер, жазушы, зиялы қауым өкілі жазады және ол баспасөзде жарияланады.
Ескертухат жеке тұлғаның, заңды тұлғаның белгілі бір міндеттерді орындамауы жағдайында жазылады. Хаттың бұл түрінде ескертумен қатар міндеттерді орындау талабы да көрсетіледі.
Алғысхат
Менің 80 жасқа толған мерейтойыма орай құттықтауларын жолдаған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, сондай-ақ ҚР Парламентінің Сенатына, Астана және Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан облысы мен Аягоз ауданының әкімдеріне, ТМД, Қазақстан Жазушылар одақтарының басшыларына шын жүректен алғыс айтамын.
Құрметпен Мыңбай Рәш
«Ана тілі» 25 мамыр 2011ж
Ескертухат үлгісімен танысып шығыңыз.
«Ана тілі» баспасының директорына
2011 жылы 11 қаңтарда жасалған №3 келісімге сәйкес Сіз басқарып отырған «Ана тілі» баспасы Алматы қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кітапханасына Л.Дүйсембекованың «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу» атты еңбегінің жүз данасын бөлуге тиіс болатын. Келісімге сәйкес біздің тарапымыздан 8750 теңге (сегіз мың жеті жүз елу теңге) төленді. Алайда, өкінішке орай, 2011 жылдың 15 тамызына дейін біз жоғарыда көрсетілген еңбекті алған жоқпыз. Келісімнің шарттары орындалмаса, мәселенің сот арқылы шешілетінін ескертеміз; тапсырыс жасалған оқулықты осы жылдың 21 тамызына дейін жіберуіңізді сұраймыз.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУдың
оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ұ.Е. Сыдықов
Көңіл айту – қазақ халқының ұлттық мәдениетінде ежелден қалыптасқан берік дәстүрлердің бірі.Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ауызша көңіл айтумен қатар жазбаша көңіл білдіру нысаны орныққан. Мерзімді басылымдар арқылы көңіл айту хат түрінде жасалады. Мемлекеттік деңгейдегі ауқымды қайғылы оқиғаларға байланысты, белгілі қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениетке еңбегі сіңген ғалымдар мен ақын – жазушылардың отбасындағы ауыр қазаға ортақтасу мақсатында жазылады.
Көңіл айту хатының мазмұны мен стилі жағынан ерекшеліктері бар. Бұл қайғылы оқиғаның сипатына, адресаттың қайтыс болған адамға қарым – қатысына, сондай – ақ дүниеден өткен адамның қоғамдағы орнына байланысты.
Мемлекеттік ауқымдағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту хаты ресми-іскери тілде жазылады. Стиль мен ниет (интенция) – барынша шынайы. Мұндай хатты, әдетте, мемлекеттің басшысы қайғылы оқиға болған мемлекеттің басшысының жеке өз атына арнайды. Ол баспасөзде жарияланады.
