- •1 Билет
- •Сенімхат
- •3 Билет хх ғасырдағы ресми іс қағаздары
- •Құрметті Ұлан Жапашқызы!
- •4 Билет
- •2 Сурак:
- •Қазақ тілі кафедрасының ұжымы
- •Құрметпен, қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дың кешті ұйымдастыру комитеті
- •5 Билет
- •Алғысхат
- •Көңіл айту хаты
- •Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер – министрі Нато Канға көңіл айту жеделхатын жолдады.
- •Хадиша Бөкееваның
- •6 Билет
- •Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызына!
- •12.05.2011 Күні сагат 12-де қабылдап алғанС.Шимаева.
- •7 Билет
- •Жеделхат
- •8 Билет
- •2 Сурак: Факс арқылы жіберілетін құжаттар.
- •9 Билет
- •10 Билет
- •2 Сурак: 13билет
- •11 Билет
- •2 Сурак: 14 билет
- •12 Билет
- •2 Сурак: 14 билет
- •13 Билет
- •2 Сурак : Арыз, оның түрлері 10 билет
- •14 Билет
- •Хабарландыру!
- •Ұйымдастыру комитеті Хабарландыру!
- •050013. Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22.
- •Жарнама
- •2 Сурак: Түйіндеме, оның тәсілдері.
- •15 Билет
- •2 Сурак: 9 билет
- •16 Билет
- •2 Сурак: Өмірбаян. Оның түрлері. 8 билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
- •19 Билет
- •2 Сурак: 6 билет
- •20 Билет
- •Анықтама
- •2 Сурак: 6 билет
- •21 Билет
- •Құрметті Гүлдария Рыскелдіқызы!
- •2 Сурак: 8 билетте
- •22 Билет
- •Сауалнама
Сенімхат
2011 жыл 1 желтоқсан
Алматы қаласы
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғаннан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:
- менің атымнан өтініш жазуға;
- анықтамалар мен құжаттар алуға;
- менің орныма қол қоюға;
- мұрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.
Сенімхат 2012жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.
01.12.2011 С.Маметовтың қолын растаймын
3 Билет хх ғасырдағы ресми іс қағаздары
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өміріндегі саяси-әлеуметтік және ғылым, білім өнер саласындағы өзгерістер жаңа атаулар, ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдарының пайда болуына әкелді.
1929-30 жылдары іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, ана тілдерінде мектеп ашу, кеңсе жұмыстарын ана тілінде жүргізу, газет, журнал, кітаптарды ана тілінде шығару шараларына ерекше көңіл бөлінді. Ресми іс қағаздар стилі жедел дами бастады. Әртүрлі қатынас қағаздары, қаулы-қарарлар, нұсқаулар, указдар, актілер, мінездеме, рапорт, шарт, бұйрық, есеп, протокол, өкім сияқты құжаттардың құрылысын, терминологиясын, стилдік ерекшеліктерін қалыптастыру қолға алынды.
Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар ресми-іс қағаздар стилінің қалыптасып, ары қарай дамуына әсерін тигізді.Өнер мен білім, ғылым және техника саласындағы жаңа терминдер, жаңа мағыналы сөздер 1920-30 жылдары аударма атаулар түрінде көбірек байқалды. Мысалы: тоқтам – қаулы, қарар, шешім; жоғарғы өркендер – жоғарғы орындар; алушы – подписчик; есеп-хисабы – отчет; қол баспа машинесі – жазу машинкасы; қадірлі сақшы – құрметті карауыл; орындау комитеті – атқару комитеті; жасау құралдары - өндіріс құралдары; үндеунама – обращение т.б. сөздері қазіргіден гөрі өзгешелеу айтылып, кейбірі аударма атаулар түрінде кездесті. Сол кезеңде жаңа атауларды, термин сөздерді қазақша аударып беру басым болды. Соның салдарынан кейбір съезд, конференция, мәжіліс ұғымдары «топ» деп қолданылды. Мысалы «партияның съезінде» деген сөздің орнына «партианың тобында» деп жұмсалды. Сол сияқты радио, полиграф, экспортная комиссия, реалист, стипендия, институт, коммунист, бюллетень сөздері де ретсіз аударылды. Ол баспасөз материалдарындағы көптеген термин сөздердің аудармасының дұрыс берілмегендігінен көрінді.
2 сурақ: Жолдау хат коммерциялық іскери хат. Бұл құжат қандай да бір мәселе бойынша ақпаратты алу мақсатында құрастырылады: тауар сипаттамасын, тауардың болуын, жеткізілім мерзімін егжей-тегжейлі білу, прайс парағын, тауар үлгісін алу және т.б. Жолдау хаты жауап хаттың жазылуын қажет етеді. Бұл құжат мәселенің басын ашу, яғни негіздемесінің болуын мазмұндау керек.
Жолдау хатты қалай жазу керек? Бұл құжаттың құрылымы қызметтік хаттың құрылымы сияқты. Алушы мен жіберушінің реквизиттері, құжаттың жіберілген күні мен шығыс нөмірі (егер бұл жауап хат болса, онда жауап берілетін хаттың нөмірі мен күні) көрсетілуі керек. Жолдау хатта мәселенің мәні, мазмұны, ынтымақтастыққа үміт білдіру, алғыс білдіру, жіберушінің қолы, қызметі, аты-жөні, қолы көрсетіледі. Жолдау хат ұйымның фирмалық бланкісіне толтырылады. Жолдау хатқа әдетте ұйым жетекшісі немесе өкілетті тұлға қол қояды.
