Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LСу-туз алмасуKZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.34 Кб
Скачать

Бүйрек және зәр биохимиясы.

Бүйрек — жұп мүше, оның қүрылымдық бірлігі — нефрон. Бүйректе І минутта 1000 – І300 л қан сүзіледі. Бүйрек қанмен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен басқа мүшелермен, ұлпалармен тығыз байланыста болады және ағзаның жалпы ішкі ортасына ықпал етеді.

Бүйректің қызметі:

1. Экскреторлық: а) катаболизмнің соңғы өнімдерін шығаруы - бүйрек ағзадан керексіз затгарды сыртқа шығарады, мысалы, мочевина, креатинин және басқа да токсикалық өнімдер; б) ішектен сіңірілген және метаболизм процесінде пайда болған қажетсіз заттарды шығарады: судың артық мөлшерін, органикалық қышқылдарды, витаминдерді (дәрілік препараттарды), гормон және т.б. в ) ксенобиотиктерді шығарады — бөтен заттар (дәрі-дәрмек, никотин).

2. Гомеостазды тұрақтандыру. Бүйрек гомеостаз реттелуіне қатысады: а) су гомеостазының; б) тұз гомеостазының; в) қышқылдық-негіздік қалыптың.

3. Метаболиттік қызмет: а) белок, май, көмірсу алмасуына қатысуы; б) бүйректе кейбір биологиялық активті заттар синтезделеді: ренин, Дз витаминнің активті түрі, эритропоэтин, простагландин, кинин. Бұл заттар артериялық қысымға, қан ұюына, фосфор-кальций алмасуына, эритроциттердің дамуына ықпал етеді.

Зәр түзілуінің мезанизмдері.

Бүйрек зәрді плазма компоненттерінен түзеді және оның құрамының қалыптасуына қатысады.

1. Ультрасүзілу.

Ультрасүзілу процестерінде бірінші ретті зәр түзіледі. Қан бүйрек каналшарынан шайылып арнайы сүзгіш 3 қабатты дәнекер ұлпалы капсуладан өтеді де Мальпиги шумағында сүзіле бастайды. Бірінші қабат қан капилярларының эндотелиі. Ол үлкен өлшемді саңылаулардан тұрады. Екінші қабат коллаген талшықтарынан тұратын базальдық мембрана. Оның саңылауларының диаметрі 4нм. Базальдық мембрана молекулалық массасы 30 кДа артық белоктарды өткізбейді. Үшінші қабат капсуланың эпителиалды жасушалары. Мембрана беткейі теріс зарядталған, сондықтан қан плазмасының теріс зарядталған альбуминдері, макромолекулалық белоктар, пішінді элементтерді бірінші реттік зәрге өткізбейді. Үшінші қабаттағы саңылаулар қүрылысы жағынан қүрделі және өте кіші болады, сондықтан үлкен белоктар олардан өте алмайды. Егер белоктың құрылысы, заряды өзгеретін болса, немесе аномальды белок болса, ол сүзгіш арқылы өтіп бірінші ретті зәрдің құрамына өтеді. Бұл қан плазмасын ақаулы белоктардан тазарту механизмдерінің бірі болып табылады.

Қалыпты жағдайда, ультрасүзіндіде немесе бірінші ретті зәр құрамында белоктар және пептидтер болмайды. Бірақ, құрамында әртүрлі ионы бар кіші молекулалық белок емес компоненттер кездеседі. Сондықтан, бірінші ретті зәрді кейде «қан плазмасының белок емес сүзіндісі» деп те атайды.

Түзілген ультрасүзінді мөлшері шумақтық каналшалардағы қанның гидростатикалық қысымына тәуелді. Капсула (70 мм.сн.бғ.) кеңістігіндегі ультрасүзіндінің гидростатикалық қысымы (15 мм.сн.бғ.) және қан плазмасы белоктарының онкотикалық қысымы (25 мм.сн.бғ.) ультрасүзгіштік күшке қарсылық көрсетеді.

Ультрасүзілу күші: 70 - (25 + 15) = 30 мм.сн.бғ. бұл сүзгіштің тиімді жұмысының қысымы болып табылады.

Ультрасүзілу АТФ энергиясын қажет етпейді.

Капсула кеңістігінде гидростатикалық қысым немесе артериялық қысымның төмендеуі бірінші ретті зәрдің түзілуін төмендетеді немесе ол түзілмейді, нәтижесінде анурия дамиды.

Тәулігіне бүйрек арқылы өткен 1500 л қаннан 180 л бірінші ретті зәр түзіледі, немесе 1 минутта 125 мл.

Құрамындағы кіші молекулалы компоненттері болатын бірінші ретті зәр ары қарай проксимальдық түтікшеде реабсорбцияға түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]