- •Адам ұлпасының минералдық заттары. Ағза сұйықтарының электролиттік құрамы. Ағза сұйығының көлемін, электролиттік құрамын, рН-н реттеу механизмдері.
- •Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
- •Бүйрек және зәр биохимиясы.
- •Зәр түзілуінің мезанизмдері.
- •1. Ультрасүзілу.
- •2. Реабсорбция.
- •3. Секреция.
- •2) Бүйректердің қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттеуге қатысуы
- •Б) аммониогенез
- •В) глюконеогенез
- •Бүйректің метаболиттік қызметі.
- •Бүйрек ұлпасы метаболизмінің ерекшеліктері.
- •Фосфат-кальций иондары алмасуының реттелуі.
- •3. Зәрдің химиялық құрамы
- •Зәрдіц қалыпты және патологиялық компоненттері және қасиеттері.
- •Зәрдің органикалық және бейорганикалық патологиялық компоненттері
Зәрдіц қалыпты және патологиялық компоненттері және қасиеттері.
Зәрдің тәуліктік мөлшері 0,5 - 1,5 л (негізінен қабылдаған сүйықтық мөлшеріне байланысты).
Полиурия - тәуліктік зәрдің қалыпты мөлшерден жоғары болуы. Полиурия қантты және қантсыз диабетте, созылмалы нефритте, пиелонефритте, тағам арқылы сұйықты көп мөлшерде қабылдаған кездерде байқалады.
Олигоурия — тәуліктік зәрдің қалыпты мөлшерден төмен болуы (0,5 л дейін). Көбінесе лихорадкада, жедел диффузды нефритте, бүйректе тас жиналуында, тағам арқылы сұйықты аз мөлшерде қабылдаған кездерде байқалады.
Анурия — зәр түзілуінің болмауы. Уланғанда, стресс кезінде, бүйректің зақымдалуында байқалады. Созымалы анурия кейде уремияға әкелуі мүмкін (аммиакпен улану).
Зәрдің түсі қалыпты жағдайда янтарь немесе сабан тәрізді сары түсті, урохром, уробилиноген пигменттерінің болуына байланысты болады.
Зәрдің қызыл түсті болуы — гематурия, гемоглобинурия кезінде байқалады.
Зәрдің қоныр түсі — зәрде билирубин мен уробилиногеннің жоғарғы концентрациясында (бауырдың зақымдалуы) және гомогентизин қышқылының концентрациясы жоғарлағанда (алкаптонурия) кездеседі.
Зәрдің жасыл түсі — кейбір дәрілік препараттарды қолданғанда, индоксилкүкірт қышқылының концентрациясы жоғарлауынан пайда болған индиго, немесе ішектегі белоктың шіруінің күшеюінде байқалады.
Зәрдің мөлдірлігі - қалыпты жағдайда мөлдір, толық лайлану зәрде ақуыз болғанда, жасушалық элементтер, бактерия болуынан және олардың тұнбаға түсуінен болуы мүмкін.
Зәрдің тығыздығы - қалыпты жағдайда 1,002-ден 1,035-ке дейін. Тәулігіне зәр құрамында 50-ден 70 гр дейін тығыз заттар шығарылады. Орташа есеппен қаддық тығыздығы: 35 х 2,6 = 71 г. 35 — бүл аңықталған тығыздықтың есептелген ақырғы екі саны, 2,6 —. тәулік бойы зәр тығыздығы жоғарлауы және төмендеуінің коэфициенті, яғни оның концентрациялануы және ерітілуі, негізінен, қанның осмостық қысымының тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін қажет.
Изостенурия — тығыздығы төмен зәрдің бөлінуі. Мұндай жағдайда зәрдің тығыздығы бірінші ретті зәрдің тығыздығымен – 1,010-ге тең болады. Көбінесе қантсыз диабетте байқалады.
Жоғарғы тығыздықтағы зәр (1,035 шамасында) қант диабетінде, зәрде глюкоза концентрациясы жоғарыланғанда және жедел нефритте байқалады.
Зәрдің қалыпты қалдықтары ұзақ тұрғанда пайда болады.
Зәрдегі жентектелген бөлшектер — зәр шығару жолдарының зақымдалуынан мукопротеидтердің, белоктардың, зәр шығару каналшаларының эпителиалдық жасушаларынан пайда болады.
Зәрдегі қалдықтар оксалат және ураттардың тотығуынан түзілген нашар еритін қалдықтардан түзіледі.
Зәрдің қалыпты жағдайдағы рН - 5,5 — 6,5.
Зәрдің қышқылдылығы күкіртқұрамды аминқышқылдардың катаболизмі кезінде түзілетін күкірт қышқылынан, фосфолипидтердің, фосфопротеидтердің нуклеин қышқылдарының ыдыраған кезінде түзілетін фосфор қышқылынан, ішектерде тағамдардан адсорбцияланған аниондардан құралады.
Сурет 3.
Зәрдің органикалық және бейорганикалық патологиялық компоненттері
Зәрдің патологиялық компоненттері |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
