Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LСу-туз алмасуKZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.34 Кб
Скачать

Бүйрек ұлпасы метаболизмінің ерекшеліктері.

1. АТФ-ң көп мөлшерде жұмсалуы. АТФ негізінен активті тасымалдау, реабсорбция, секреция және белок биосинтезі үшін жұмсалады. Бүйректің массасы жалпы дене массасының 0,5%, ал оның отгегімен қамтамасыз етілуі қабылданған оттегінің 10% құрайды.

2. Бүйрек жасушасындағы биототығу реакциясындағы субстраттардан - май қышқылы, кетондық денелер, глюкоза және т.б. түзіледі;

3. Белок биосинтезіндегі жоғары жылдамдық;

4. Протеолиттік ферменттердің күшті активтілігі;

5. Аммониогенез және глюконеогенезге қабілеттілігі.

Фосфат-кальций иондары алмасуының реттелуі.

Кальций ионы (Са2+) және фосфат-ионы толыққа жуығы бүйрек каналшаларында реабсорбтелінеді, процесс энергияны АТФ түрінде пайдаланып жүреді. Бұл жолмен Са2+ -дің 99%-дан астамы, фосфат-ионның — 80-90%-ы қайта толықтырылады. Бұл иондардың реабсорбциясы дәрежесі паратгормон (паратирин), кальцитонин және кальцитриолмен реттеледі.

Паратирин, пептидтік гормон (ПТГ), қалқанша маңы безінен синтезделетін, кальций ионы реабсорбциясын стимулдейді, ал сол мезгілде фосфат ионы реабсорбциясын ингибирлейді. Сүйек ұлпасының және ішектің басқа да гормондарымен қосарланып бұл қанда кальций иондарының мөлшерінің жоғарлауына және фосфат иондарының төмендеуіне әкеледі.

Кальцитонин, пептидтік гормон, қалқанша безінің С-жасушаларында синтезделеді. Кальций және фосфат иондарының реабсорбциясын ингибирлейді. Бұл қанда екі ионның да деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Сәйкес түрде, кальций деңгейін реттеуге қатысты кальцитонин паратириннің антогонисі болып табылады.

Кальцитриол, стероидтық гормон, бүйректерде түзіледі, ішектерде кальций және фосфат иондарының сіңірілуін стимулдейді, сүйектің минералденуін қабілеттендіреді, бүйрек каналшаларында кальций мен фосфат иондарының реабсорбциясы реттелуіне қатысады.

Натрий ионы. Na+ ионының бірінші ретті зәрден реабсорбциясы бүйректің өте маңызды қызметі болып табылады. Бұл жоғары тиімді процесс: 97% жуық Na+ кері сіңіріледі. Бұл процессті стероидтық гормон альдостерон стимулдейді, ал артериалдық натрийуретикалық гормон (пептид) [НУФ], жүрекшеде синтезделетін, керісінше, бұл процесті ингибирлейді. Екі гормонда Na++-АТФ-азы қызметін реттеуге қатысады. Бұл фермент бүйрек каналшаларының (дистальдық бөліктегі және нефронның жинақтаушы түтікшелерінің) жасушаларының, қан плазмасымен жуылатын аймағында болады. Бұл натрий насосы Na+ ионын К+ ионына алмастырып бірінші ретті зәрден қанға сорады.

Су. Судың реабсорбциясы — пассивті процесс, ол кезінде Na+ ионымен бірге осмостық эквиваленттік көлемде сіңіріледі (бір натрий ионы 6 су молекуласын бірге жұтқызады). Нефронның дистальдық бөлігінде су тек пептидтік гормон вазопрессиннің (антидиуреттік гормон, АДГ) қатысуымен сіңіріледі. АДГ гипоталамус арқылы секреттеледі. НУФ судың реабсорбциясын ингибирлейді немесе ағзадан судың шығарылуын күшейтеді.

Пассивті тасымалдану жолымен хлор ионы (2/3) және мочевина да сіңіріледі. Реабсорбция дәрежесін ағзадан экскреттелетін зәрде қалатын абсолюттік мөлшері айқындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]