
- •Бетон араласпасы: қойылатын талаптар; алғашқы құрылымдық беріктігінің пайда болу себептері, оның сыртқы күштердің әсерінен өзгеруі; тиксотропиялық қасиеттері;
- •Виброөңдеудің әсері
- •Бетон араласпасында қабаттану (расслоение) прессінің орын алу себептері.
- •Бетон араласпасының қасиеттеріне әсер ететін факторлар: толтырғыштардың сипаттамалары, ыстық және құрғақ орта, дайындағнаннан жайғастыруға дейінгі уақыттың әсері.
- •Бастапқы судың ролі (әсері)
- •Пластификаторлық қоспалардың ролі
- •Бетон аралспасының су ұстағыштығы, су қажеттілігі. 8
- •Бетон беріктігіне толтырғыштардың, технологиялық факторлардың әсері. 8
- •Толтырғыштардың кеуектігі (%, коэф.)
- •Бетон коррозиясының I I -түрі: бетонның күйреу себебі; коррозиялық процессте Са(он)2 және құрылымының ролі; бетонның I I коррозияға төзімділігін жоғарылату жолдары
- •Бетон коррозиясының I-түрі: бетонның күйреу себебі;коррозиялық процессте Са(он)2 және құрылымының ролі; бетонның I коррозияға төзімділігін
- •Бетонның шөгуі (Усадка бетона)
- •Ерекше қасиетті бетондар. 6
- •Жоғары сапалы бетондар. 6
- •Жол және аэродром жабындылар бетоны. 6
- •Жылдам қататын және жоғары берікті бетон. 6
- •Қалыпты жағдайда бетонның қатуын жылдамдататын факторлар. 8
- •Қатаң бетон араласпасының тиімділік көрсеткіштері. Оның технологиялық процесстерге (араластыру, жайғастыру т.Б.) әсер ету ерекшеліктері. 10
- •Қатты және сұйық заттардан деформациялық ерекшеліктері. 10
- •Қату процессінжегі температуралық деформация
- •Құрастырмалы темірбетон бұйымдарына қажетті бетон. 6
- •Майда түйіршікті бетон. 6
- •Пластификаторлық қоспалардың бетон шөгуіне әсері. 8
- •Портланд цементтің сумен реакцияға түсуі туралы теориялар. 8
- •Портландцемент (минералдардың түрлері, құрамы, қолдануы, қату
- •Портландцемент
- •Пуццоланды цемент (құрамы, қату және жылу бөлу ерекшеліктері, қолдануы). 10
- •Пуццоланды портландцемент (ппц)
- •Силикатты бетон.
- •Қысқаша портландцементтің қатуы туралы
- •Цементтің қату процессінде клинкерлік минералдың біраз бөлігінің гидратацияға түспей қалу себебі. Оның бетон құрылымының қалыптасуындағы ролі. 10
- •Шлакты портландцемент (құрамы, қату және жылу бөлу ерекшеліктері,
- •Шлакты портланцемент (шпц)
- •Ыстыққа төзімді бетон. 6
Толтырғыштардың кеуектігі (%, коэф.)
Кеуектік цемент шығынын азайтуда және бетонның жекелеген қасиеттерін реттеуде маңызды роль атқаратын фактор.
Бір өлшемдегі шар тәрізді толтырғыштардың теориялық тұрғыда екі түрлі жайғасуы болуы мүмкін: жай жайғасу және шахматты түрде.
Жай жайғасу жағдайында түйіршік аралық кеуектік шахматтық жайғасудағы жайғасудай артық.
Бұл заңдылық толтырғыштар құрамында әртүрлі өлшемдегі фракциялардың болу қажеттілігінің дәлелі.
Толтырғыштардың кеуектігіне түйіршіктердің формасы және сыртының жылтырлығы әсер етеді.
Ұзындау және жалпақтау (игольчатые, лешадные) түйіршіктердің болуы кеуектікті көбейтеді.
Толтырғыш құрамында екі өлшемдегі фракциялардың болуы, олардың мөлшеріне байланысты өзгереді.
Майда және ірі толтырғыштардың араласпасында майда толтырғыштың кеуектік мөлшерін біртіндеп көбейтіп оптимальды мөлшерге жеткен соң араласпаның кеуектігі көбейе бастайды.
Толтырғыштардың қустағы мөлшері 20-50%.
Ірі және майда түйіршіктер араласпасының минемальді кеуектігіне қол жеткізуге болады. Егер олардың арақатынас мөлшері оптимальды болса (үйлесімі).
Бетон араласпасының жайғасымдылығын жақсарту үшін майда толтырғыш ірі толтырғыштың кеуектігін толтырып қоймай, ірі түйіршіктердің арасын біршама ашу керек.
Түйіршіктердің арасын ашу мөлшері ажырату коэффициентімен сипатталады.
Толтырғыштар құрамындағы минимальді кеуектікті қамтамасыз ететін майда толтырғыштардың шамалы (ориентированный) көлемін анықтау формуласы:
Түйіршіктерді ажырату коэффициентінің мөлшері цемент және су шығынына байланысты болады.
Толтырғыштадың беттік ерекшеліктері
Түйіршік құрамына байланысты бетон араласпасының және бетонның қаситтеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі – түйіршіктердің меншіктік беті.
Түйіршіктер өлшемдерінің кішірейуі олардың меншіктік бетінің көбеюіне әкеледі.
Толтырғыштар беріктігінің ролі
Бетонда толтырғыштарды пайдаланудың мақсаттары:
цемент тасымен ұстасу нәтижесінде бетон массасында каркастың ролін атқара отырып бетонның беріктігін және деформациялану көрсеткішін реттеу.
Каркастың беріктігі толтырғыштың және цемент тасының беріктігіне байланысты.
Толтырғыштардың беріктігінің тау жыныстарының ерекшеліктеріне байланысты түрлері: жоғары берікті, орташа берікті және осал берікті.
Бетон беріктігін қамтамасыз етуде беріктікпен қатар толтырғыштардың формалары, бетінің тазалығы белгілі роль атқарады.
Толтырғыштардың бетон қасиеттеріне әсер ететін факторлардың бірі – су қанықтырғыштығы.
Бетон және темірбетонның ұзақ мерзімге төзімділігін зерттеудің қажеттілік
Ұзақ мерзімде бетонды пайдалану барысында оның кеуектік құрамы өзгеріп, кейде деструкциялық процесстер бетон қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі.
Пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты бетонның негізгі көрсеткіші – беріктігі өсу процесінде болады.
Бетонның қасиеттері құрамымен қатар басқа да технологиялық талаптардың орындалуымен байланысты өзгереді.
Бетон коррозиясының I I I -түрі: бетонның күйреу себебі; коррозиялық процессте Са(ОН)2 бетон құрылымының ролі; бетонның I I I коррозияға төзімділігін жоғарылату жолдары
Бетон коррозиясы деп атмосфералық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен болатын бұзылуды айтамыз. Бетон коррозиясы негізінен ондағы цемент тасының бұзылуынан болады. Коррозияға әр түрлі себептермен: экзотермия кезінде болатын цементтің кеңеюінен, күн сәулесінің қызуынан, алма-кезек ылғалдану мен аязданумен, соққылы әсерлерден болатын сызаттың не жарықтың болуы ықпал жасайды.
Бетон коррозиясының ең көп тарағаны - кальций гидроксидінің еріп, шайылып кетуі. Са (ОН)2 еруі аз болса да (мысалы,1000г суға 1,3мг), ол біртіндеп сүзгілеу шайылады, әсіресе тұщы су, жаңбыр, қар.
Коррозияның
ІІІ – түрі
- бетонға күшті минералданған су әсер
еткенде оның кеуектері мен капилярларында
тұздың кристалдары, сондай-ақ сулы ауада
цементті таспен әрекеттесу кезінде
түзілген реакциялық өнімдер жинақталып
қалады. Кристалдардың мөлшерінің көбею
нәтижесінде кеуектер мен капиллярлардың
қабырғаларында айтарлықтай кернеу
күштері пайда болады, осы күштердің
әсерінен олар қирай бастайды. Цементті
тастың мұндай өзгеріске ұшырауына
құрамында күкірт қышқылды кальцийдің
ерітінді күйіндегі сульфаттары (гипс)
және басқада сульфаттары бар сулар
қозғау салады. Ерітіндіден бөлінген
гипс цементті тастың кеуектеріне шөгіп
қалады. Алғашқы кезеңде түзілген CaSO4
2H2O
кейіннен үш кальцийлі гидралюминатпен
реакцияға түсіп, кальцийгидроалюмасульфатын
түзеді. Одан басқа күкірт қышқылды
магний үш кальцийлігидроалюминатпен
реакцияға түсіп алюминий тотығының
гидратын бөліп алып ыдыратады.
3CaO
Al2O3
CH2O
3MgSO4
6H2O
3(CaSO4
2H2O)
3Mg(OH)2
2Al(OH)3
Бетонға күкірт қышқылды натрий әсер еткенде де қирау немесе мүжілу пайда болады.;
Ca(OH)2
Na2SO4
2H2O
CaSO4
– 2H2O
Бетонның ұзақтұрақтылығын қамтамасыз ететін барлық іс-шаралар, бетон құрамын есептеу және технологиялық процесс кезінде жүзеге асырылады. Коррозиядан сақтаудың 2 әдісі бар: белсенді әдіс; белсенді емес әдіс. Қорғаныстың іс-шараларын коррозияның қауіптілігінің түріне байланысты таңдалады.
1.Белсенді әдіс – бетон ұзақтұрақтылығын арттыру үшін барлық іс-шараларды қолдану болып табылады. Ол бетон құрамы мен технологиялық процесті бақылаудың нәтижесінде іске асады.
1) Ca(OH)2 – мөлшерін азайтады; (цемент таңдағанда құрамында бос Ca(OH)2 аз болу керек ). Ол цемент технологиясына байланысты.
2) Алит сумен әрекеттескенде Ca(OH)2 түзіледі; яғни цемент құрамындағы алит мөлшерін азайту керек.
3) Клинкерге Ca(OH)2 – н байланыстыратын қоспалар енгізу қажет. Оларға: SіO2 жатады.
4) С/Ц қатынасын азайту керек. Су мөлшері аз болса, цемент тасы тығыз болады.
2. Белсенді емес әдіс – коррозия процесі күшейген жағдайда қолданатын қосымша қорғаныс, материалдың бетіне су өткізбейтін заттарды жағамыз, сіндіреміз.