Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Берілгендер типтері. Айнымалаларды сипаттау

.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
245.52 Кб
Скачать

Программалау элементтері

Берілгендер типтері. Айнымалаларды сипаттау

Информатикада компьютерде өңделуге дайындалған информация берілгендер деп аталатыны белгілі. VB-те пайдаланылатын берілгендер типтерінің QBasic-тен көп айырмашылығы жоқ: Integer (бүтін), Long (ұзын бүтін), Byte (байт), Single (дара дәлдікті нақты), String ($, символдар саны 0..65535 аралығында болатын жол), Variant (сандық, жолдық не логикалық мәндер), т.б.

Барлық айнымалылар Dim, Static не Private операторлары арқылы сипатталады (Static арқылы сипатталған айнымалының мәні процедура аяқталған кезде де сақталады). Мысалы,

Dіт х%;Dіт х Аз integer static а$

Қарапайым программаларда сандық не жолдық айнымалыларды (х%, у, а$) вариант (variant) типті етіп сипаттау да мүмкін (variant — жан-жақгы). Бұл кезде айнымалы типтері көрсетілмей жазылады, мысалы,

Dіт х,у,а

Тармақталу командасына мысалдар

1-мысал. Тік ұшақтың ағымдық жылдамдығын форма терезесінде көрсетіңіз. Егер жылдамдық мөлшері 450-ге жетсе, "Газды төмендет, жылдамдық артық!" ескертуі МsgВох терезесінде шығарылсын.

1. VВ ортасын ашып, көрінген формада тік белдеуше (VscrollBar) және Label1 өрісін орнату. Белдеушені барынша созу.

2. Нысан қасиеттерін төмендегіше түрде орнату:

Кесте - 1

Нысан

Қасиет

Мән

Form1

Name

FrmUshak

Сарtіоn

Жылдамдық көрсеткіші

VscroolBar

Name

VscGazkors

Мах

100

Label1

Name

Іb1Man

Ғоnt

Тіmes Каz,11

Сарtіоn

Ағымдық жылдамдық

3. Код терезесін ашып, оның (General) (Decleration) бөлімінде айнымалыларды сипаттау және Form Load, vscGazkors Change процедураларын құру (процедура дайындамалары формат және тік белдеушені екі рет шерткен кезде көрінеді):

Option Explicit

Private Gaz As Integer 'газдың ағымдық мәні

Рrivate Const JJ=430 'жылдамдық шегі

Private Sub Form Load()

VscGazkors. Value=100 ‘Газ мәнін инициалдау

End Sub

Private Sub vsc Gazkors Change()

Dim jld As Іпteger 'ағымдық жылдамдық 'белдеушенің төбесінен қашықтық

Gazі=100- VscGazkors.Value

Газ мәні бойынша ағымдық жылдамдықты есептеу jld=Gaz*4.5

lblМап.Сарtіоп="Ағымдық жылдамдық" &_ Тrіт$(Str$(jld))

If jld>=jj Then

МsgВох "Тазды төмендет,", vbCritical, "Жылдамдық артық!"

End if End Sub

4. Проектіні сақтап, іске қосу (Ғ5).

Программада ұшаққа газ беретін тұтқамен жұмыс істеу тәсілі енгізілген (тұтқа баламасы — тік белдеуше) .

Сурет – 6 - Жылдамдық көрсетілген форма

2-мысал. Формада кез келген екі нақты санмен қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындайтын калькулятор моделін дайындау керек.

1. Жаңа форма ашу.

2. Формада Техt1, Техt2, ТехtЗ, Label1, Label2, Label3, Ғrате1, Орtioп1, Орtioп2, Орtioп3, Орtioп4, Label4, Label5, Label6, Label7, Соттапd1, Соттапd2 нысандарын орнату.

3. Нысандар қасиеттерін орнату:

Кесте -2

Нысан

Қасиет

Мән

Техt1

Техt

Бос ету

Техt2

Техt

Бос ету

ТехtЗ

Техt

Бос ету

Label1

Сарtіоn

1-айнымалы

Label2

Сарtіоn

2-айнымалы

LabelЗ

Сарtіоn

Нәтиже

Label4

Сарtіоn

Қосу (+)

Label5

Сарtіоn

Азайту (-)

Label6

Сарtіоn

Көбейту (*)

Label7

Сарtіоn

Бөлу (/)

Соттапd1

Сарtіоn

Іске қосу

Соттапd2

Сарtіоn

Еnd

4. Код терезесін ашып, процедуралар енгізу:

Рrіvаtе Sub Соттапd1_Сliск()

Dіт Віrіnсhі, Екіnсhі

Віrіnсhі=Val(Техt1.Техt) Екіnсhі=Val(Техt2.Техt)

If Орtіоп1.Vаlие=Тrие Тhеп

ТехtЗ.Техt=Віrіnсhі+Екіnсhі

End if

If Орtіоп2. Vаlие=Тruе Тhеп

ТехtЗ.Техt=Віrіnсhі-Екіnсhі

End if

If ОрtіопЗ.Valие=Тrие Тhеп

ТехtЗ. Техt=Віrіnсhі*Ekinchi

End if

If Орtіоп4.Vаlие=Тrие Тhеп

ТехtЗ. Техt=Віrіnсhі/Екіnсhі

End Sub

Рrіvаtе Sub Соmmаnd2_Сlіск() Еnd

End

End Sub

5. Іске қосу қосу командасын беру (Ғ5). Калькулятор іске қосылады. Онда 1-ші және 2-ші айнымалы өрістеріне сәйкес нақты сандар мәндерін енгізіп, амал орындау тұсындағы ауыстырып қосқышты орнату керек. Одан кейін Іске қосу түймесін шерту жеткілікті.

Сурет - 7 - Қарапайым калкульятор

3-мысал. Формада қолдан сурет (жалау) салу керек.

Суретті форманың MouseDown (тышқан түймесін басу), MouseMove (тышқан көрсеткішін қозғалту), Раіnt (сурет) оқиғаларын өндеуіш процедуралардан тұратын программа арқылы салуға болады.

1. Ортаны, одан кейін форманы екі рет шертіп, код терезесін ашу. Терезеден форманың жоғарыда аталған оқиға атауларын таңдап, процедура дайындасын дайындау.

2. Дайындамаларды толтыру:

Рrіvatе Sub Form_МоuseDown(Виttоп Аs Іпtegіеr, Shift As Іпteger,

Х Аs Single, Ү Аs Single) СurrentХ=Х

СurrentҮ=Ү

DrawWidth=2

Pset(х,у)

End Sub

Рrіvаtе Sub Form_MouseМоvе(Button As Integer, Shift As Integer,

X Аs Single, Ү As Single)

If Виttоп=1 Тhеп

Line -(х,у)

End if

End Sub

Рrіvаtе Sub Form_Раіпt() SсаlеМоdе=2:DrawWidth=2 Line(100,30)-(150,200) End Sub

З. Программаны іске қосу. Форма терезесі көрінеді. Стандартты Раіnt графикалық редакторы тереземінде фигура сызу әдісі бойынша, көрсеткішті қаламұш түрінде пайдаланып кез келген фигураны сыза беруге болады (7-сурет).

Сурет - 8 - Көрсеткіш арқылы сурет салынған форма

Тандау комаңдасы

Бірнеше тармақтан (блоктан) тұратын таңдау командасын Select Case операторын пайдаланып құрған ыңғайлы. Оның жазылу форматы Qbasiс'тегі сияқты:

Select Case <айнымалы>

Саsе т1: S1

Саsе т2: 52

………………

End Select

Мұндағы m1, т2, ... - енгізілген сұрыптаушы айнымалы мәнімен салыстырылатын мәндер. Мәнге сәйкес блок орындалады да, басқару таңдау командасынан соңғы операторға беріледі.

Ескерту. Саsе n операторын Саsе іs = m, Саsе іs<m, Саsе is>m түрінде жазу да мүмкін. Мысалы, үш тармақтан тұратын таңдау командасы денесі төмендегідей жазуға болады:

Саsе is<т :S1

Саsе is=т : S2

Саsе is>т : S3

То кілттік сөзін пайдаланып, Саsе ауыстырып қосқыш операторының параметрлері ретінде бүтін сандық аралықтарды енгізуге де болады. Мысалы, Саsе —4 tо 1; Саsе 2 tо 15; Саsе 12 tо 18; ...