Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
персонал шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.02 Кб
Скачать

30. Кәсіби оқыту бағдарламасының тиімділігін қалай бағалау болады.

Персонал – бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық қасиеттері басты рол атқарады, персонал – кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің маңызды бөлігі. Компанияның кәсіби даму, оқу және біліктілігін жетілдіру бағыттары Кадрлық саясаттың басты бағытының бірі - деп біледі және ол өз ретінде Компанияның алдына қойылған стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін орындауға септігін тигізеді.Персоналды кәсіби оқыту деп жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағыталған іс – шаралардың жиынтығын айтамыз. Ол ең алдымен төмендегіні қамтиды:

  • Жалпы және кәсіби білім түріндегі қажетті білім, тәжірибе жинақтатып және кәсіпті игеруге оқыту:

  • Біліктілігін жоғарылату, оның мәселесі-дамушы ҒТП-ке байланысты кәсіби білімі мен тәжірибесін жақсарту;

  • Жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын қалыптастыруда қажет болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебінде оқыту;

Кәсіби оқыту бағдарламасының тиімділігін келесі әдістер бойынша бағаоауға болады:

1. Дональд Кирпатрик әдәсі.

Уақыт интервалы бойынша 4 деңгейлі бағалауды ұсынады:бірінші деңгей-эмоциялық ( ұнайды-ұнамайды); екіншідеңгей – білімді бағалау деңгейі ( кәсіби тесттілеу, ауызша емтихан ); үшінші –жүрістұрыс деңгейін бағалау (кәсіби оқытылу барысында қызметкерлердің жүріс тұрысының өзгеруі.) ; соңгы деңгей нәтиже деңгейі – сарапшылар бағасы беріледі. Оқыту процесінен кейін ұйымдағы позитивті өзгерістердің бары немесе жоқтығы.

2. Джек Филипс әдісі

Джек Филипс айтуы бойынша, экономикалық тиімділікті адам капиталына салынған инвестицияның қайтарымы деп түсінеді. Тиімділікті анықтаудың келесі формуласын ұсынған: ROI (%) пайдалылық/оқыту құны X 100%*****.

3. Бипараметрикалық бағалау әдісі:

Персоналды кәсіби оқытудан пайдаболатын тиімділікті келесі формула бойынша есептеуге болады:

егер - яғни, компания үшін персоналды оқыту тиімді .

31. «Мансап» ұғымының мәнін анықтаңыз, және мансаптың дамуы ұйымға, қызметкерлерге қалай әсер ететіндігін түсіндіріңіз

Мансап – бұл адамның өз еңбегі жайлы субъективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс - әрекетіне қанағаттанғандық білдіру әсерлері. Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөлген. Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді. Әлемдік менеджмент тарихында табысты мансаптың ең ашық мысалы: Ли Якоккидің «Форд моторс» компаниясының инженер-стажерынан оның президенті қызметіне дейін жеткен жолы куә бола алады. Қазір ол әлемдегі ең ірі «Крайслер» автогигантының жетекшісі. Мансаптың екі түрі болады: кәсіби және ұйым ішіндегі. Кез келген мансап бір нәрсеге қол жеткізу үшін жасалады, осылайша жылдар бойы өзгеріп отыратын қоғаушы мотив пайда болады. Осылардан бастау ала отырып, олардың нақты мақсаттарына жету үшін адамдар белсенді түрде өз күшін жұмсайды.Мансапты дамыту деп қызметкерлер өз жоспарын орындаудағы жасаған іс - әрекеттерді айтады. Мансаптың әр алуан түрінің болуы, оның төрт негізгі «трамплин», «баспалдақ», «жылан», «шатырман» сияқты модельдерінің бір – бірімен үйлесуі арқылы негізделеді.