
- •2.Техникалық бөлім
- •2.1 Атсц-та телефондық сөйлесулер құнын есептеу.
- •2.2. Мекемелік автоматты телефондық бекетінің құрылысының өзгешеліктері.
- •2.2. «Мини Ком Дх 500 жт» интералды жүйенің мүмкіншіліктері
- •2.2.1. «Мини Ком Дх 500 жт» жүйесінің техникалық мінездемелері
- •2.2.2. Миником дх-500 жт жүйесінің архитектурасы
- •2.1. Суреті. Миником Дх-500 жт бекетінің структуралық сызбасы 256 номерге.
- •2.2. Суреті-Миником Дж-500 жт бекетінің структуралық сызбасы 512 номерге.
- •2.2.3. Абоненттік кластерлердің функциялық мүмкіншіліктері.
- •2.2.4. Миником Дх-500 жт протоколдары және Демеу интерфейсі.
- •2.2.5. Миником Дх-500 жт негізіндегі линиялық-тартылыс жүйесі.
- •2.6.Суреті. Бақылау нысанынан түсетін диагностикалық хабарламалар графикалық көрінісі.
- •2.7. Суреті. Бөлек коммутациялық жүйе күйінің экрандық формасы
- •2.2.7. Миником Дх- жт жүйесінің сенімділігі.
- •2.3.Hicom300 коммутациясының цифрлық жүйесі.
- •3.6. Суреті. Hicom 300 упатс-ның сырт пішіні.
- •2.4. Атсц-дағы телефондық сөйлесулер құнын есептеу.
- •4.2. Монтаж реті.
4.2. Монтаж реті.
Тиектің бұрандасын ағытып шкафтың артқы және екі жақ қабырғасын ашыңыз. Ілгектің Г-тәрізді серіппелі белдігін тартып шкафтың алдынғы есігін шешіңіз. Бекетке кабелді беру жобада көрсетілген нұсқасына сәйкес, технологиялық терезенің, бекет корпусынан бұрауыштың көмегімен қажетті бұқтырмаларды сындырып тастаңыз. Егер үстімен қосылса шкафтың үстіңгі жапқышын, астымен қосылса-шкафтың төменгі сөресінде. Тістеуіш арқылы қалған қылауларды алып тастаңыз (метал жаңқалары статив ішіне түспеуі керек).
Шкафты нұсқауға сәйкес орналастырыңыз;
Шкафты қондырғаннан кейін оның артқы, алдыңғы, аяқтарын реттеу арқылы орнықтыр.
Кросс плата, кассета және қуат блогты шкафқа нық бекітілгенін текср. Керек болған жағдайда бекіту бұрандаларын тарт. Кассета және қуат блогі бағыттаушыларға тыңыз бекітілуі керек. Люфт болмауы керек.
Жерлендіру және қоректендіру тартылымдары кассетаға қосылғанын тексеріңіз (кросс платаның артқы жағында) керек болған жағдайда клеммаларды лайықты қатынастарға бекітіңіз
Кросс платаның артқы жағындағы жалғағыш кабельдердің сенімді қосылғанын тексер.
Арнайы бұранды және статив жинақтамасының сүңгісі арқылы арнайы шинаға жерлендіруді қосыңыз. Ол үшін жерлендіру кабелін тазалап сүнгіні бекітіңіз, содан соң бұрандымен сүңгіні жерлендіру шинасына бекітіңіз. Бұл шинаға бекеттің барлық жерлендіру желілері қосылған. Қосылған қорғаныс жерлендіру параметрлері сәйкес болуы керек.
Сыйымдылығы 20А/Ч АКБ-ны шкафтың төменгі сөресіне қондырыңыз. Егер АБК-лар сыйымдылығы үлкен болса қосымша сөрені пайдаланып екі ярусқа орналастырыңыз. АБК-ні шкафтан тыс орналастырған жағдайда, жобада оларға бөлінген жерге орналастырыңыз.
Ауыспалы 220 В кернеу электр қуат желілерін кепілді қоректену жиынтық құжаттарына сәйкес электр қуат жүйесіне қосыңыз. Электр қуат кернеулері сәйкес болуы керек
Абонеттік қосу кабелдерін ішкі крос немесе ВКУ-дің линиялық жағына алып келіп, шкафтың артқы жағына бекіту темір хамуттары арқылы бекітіңіз;
Тартылған желілер мен кабелдер абоненттік желілер талаптарына сәйкестеніп, таналды жиілік кабелдерін 2.5х2.3 типті тартыңыз. Төрт желілі цифрлық беру жолдарына 5 категориялы «бұрама» кабелін тартыңыз.
Егер бекет сыртқы кроспен қамтылатын болса, жобаға сәйкес сыртқы кросс қондырып, бекет кассеталарына дейін (Дх-500 МК1, Дх-500 МК2) немесе Дх-500 МК3) монтаж жиынтық кабелін салыңыз.
Мультиплексор Е1 ағымы құжаттарына сәйкес, мультиплексор құрылғысын статикада ескерілген орнына қондырыңыз. Назар аударыңыз. Кіріктірме кроссы немесе ВКУ бар жағдайында Миником Дх-500 ЖТ негізгі жабдықтар шкафына цифрлық ағым Е1 мультиплексорын қондырған жағдайда, төрт желілі кабельдерді қолданыңыз. Кіріктірме кроссы жоқ болған жағдайда монтаж жиынтығында қарастырылған Дх-500 МК1, Дх-500 МК2, Дх-500 МК3 кабелін қолданыңыз
4.3.Монтаждан кейінгі соңғы жұмыстар
Миником Дх-500 ЖТ жабдығын қондырғаннан кейін, белгілі нысанда желілердің, шкафаралық қосылулардың дұрыстығын тексеріңіз
Құжаттар жиынтығы қолдануға ыңғайлы және зиян факторлардан қорғайтын жерде сақталуы керек (шаң, су, кислота т.б.)
«Информатика және Промсвязь» ЖАҚ-ты монтаж жұмыстары біткені туралы ескертіңіз. Жөндеу жүргізу жұмыстарына дайындықты жұмыс комиссиясы анықтап нысанның жүргізу жұмыстарына дайын екендігі жайлы Акт жасалады.