Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом канат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.08 Кб
Скачать

2.3.Hicom300 коммутациясының цифрлық жүйесі.

Siemens Hicom 300-бұл телефон бекеттеріне қойылатын талаптарына сәйкес келетін жаңа телекоммуникациялық жүйе.

Hicom 300 бекеті (3.6.суреті) сырттай шкафқа ұқсайды, сөрелеріне АТС-тің зерделі бөлігі болып табылатын электронды модульді нақты санын орнатуға болады. Модульдік шешім порт қуатын 30-дан 10 000-ға дейін біртіндеп өсіру мүмкіншілігін береді. Монымен бірге Hicom 300 бекеті басқа АТС-тан үш-төрт есе кішкентай, қандай болсын климат етпейді.

3.6. Суреті. Hicom 300 упатс-ның сырт пішіні.

Hicom 300 бекетінде әртүрлі масштабты корпоративті телефон жүйесін құруға арналған екі нұсқасы бар. 350 индексті модель Б760 абонентті қамти алады. Бұл серверде 155 мбит/с интерфейсі арқылы қосылатын АТС желілерімен әрекеті. АТС желілеріне қосылатын бекеттер мен абоненттердің өзара қарым-қатынасын қолдайды. Басқа қазіргі телефон желілері тәрізді осы бетте IP протокол құрылымын қолдауға ерекше көңіл бөлінген. Hi Path RG 2500 шлюзі арқылы Hicom 300 станцияларын жергілікті жүйелерге қосу жүзеге асырылады. IP негізінде абоненттік терминалдар ретінде кәдімгі ПК қондырылған OptiGlient бағдарламасы, немесе IP –телефондары, Opti Point жиынтығы беріледі. Enternet желісіне optiset E цифрлық телефондарын қосу үшін арнайы Opti Point IP-adapter адаптері ұсынылады.

Бекеттің максималды сыйымдылығы 5760 порт. Hicom 300 жүйелерінің бір-бірімен біріктіру мүмкіншілігі сыйымдылығы шектелмеген желілер құруға мүмкіншілік береді.

Бекеттің сыртқы құрылымдарымен әрекеті арнайы қондырмасы платалары арқылы жүзеге асырылады.

Ортақ пайдалану жүйелеріне қосылу интерфейсі: SO интерфейсі (базалық интерфейс 2В+Д)-бұл барлық атқарымдармен жұмыс жасау үшін ортақ пайдалану желілеріне қосылуға арналған төрт желілі тармақ. Қажет ақпаратты 64 кбит/с беру жылдамдықты екі канал, ақпаратты 16 кбит/с жылдамдықта беретін бір канал (ортақ жылдамдық 144 кбит/с).

S2 интерфейсі (артық интерфейс 30В+Д)- барлық атқарымдармен жұмыс жасауға ортақ пайдалану желілеріне қосылуға арналған төрт желілі тармақ. Пайдалы ақпаратты 64 кбит/с жылдамдықпен беретін бір канал, ортақ беру жылдамдығы 2048 кбит/с.

ИКМ-30 интерфейсі- Ресейлік интерфейстер.

ГТС-ке қосылатын аналогті барлық интерфейстерді қабылдайтын аналогті интерфейстер. Сигнализациямен кіріс/шығыс байланысының үш желілі жинақтамалары. ADASSE каналдар интерфейсі –әр түрлі жиіліктердің тоналды жиілік каналдары.

Hicom 300 бекетінің абоненттік интерфейсі. Upole интерфейсі –OptiestE тұқымдас (жүйелік телефон аппараты) құрылымдарға қосылуға арналған екі желілі интерфейс.SO/SO (BRI 2B+Д) шина интерфейсі- SO шинасы, максималды бітелген 8 ЦСИС стандартты құрылымдары (ISDN–Integrated Services Digital Network –ЦСИС). DCI арқылы (мысал V-24) мәлімет беру интерфейстеріне бітелген құрылымдарға қосылуы. А/в интерфейстері аналогті бітелген құрылымдар және сөздерді беру жүйелерін, максималды ақпараттарды қосады. Бұл, мысалы, аналогті стандарты телефондар, басқа құрылымдар (домофондар, дауысзорайтқыштар, күзету жүйелері) болуы мүмкін, FXO/FXS мәліметтер беру құрылым порттары.

FXO, FXS немесе F&M аналогті портты интерфейстері арқылыаналогты телефон жабдықтарын қосу мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі. Әр топ абонент жабдығынан қабылданған сигналды цифрлық форматқа (ағымның Е1/Т1 бір тайм слоты) аударуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар осы портқа берілген цифрлық аналогты өзгертулер.

Н каналог интерфейсі бітелген құрылымдарды Н стандартты каналдарымен қосу үшін қажет. Бітелген құрылым интерфейсі қызметін S2 атқарады. V200 интерфейсі –Hicom Set тұқымдас телефондары, телефоншы және V.24 (қосылым DCI адаптері арқылы) ақпарат беру интерфейс терминалымен қосу қызметін атқарады.

Upo интерфейсі, PNT терминалды жабдықты SO шинасымен немесе PNT set телефондарымен қосады.

U2B1Q интерфейсі-жүйелік терминалды жабдықты So шинасымен немесе Optiset E дистанциялық адаптерімен қосуды мүмкін етеді.

Hicom 300 жүйелік интерфейсі:

V.24 интерфейсі-СSTA серверін немесе DMS жүйесінің сервис терминалына қосу үшін қажет.

LAN (Ethernet/ТЭР/IP) интерфейсі- мысалы, ДМS серверін немесе қосымшалар АСД типті шешімдерді бірлестіруге арналған ақпаратты өңдеу жүйелерін қосу үшін қажет.