Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_ФАОТӘ_астроном.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Бiлiмдi бағалайтын көп сатылы сүлбенiң негiзгi қағидалары

1. Пәннiң түрiне қарамастан бақылау қортындысы бойынша универсал заңдылықпен баға қойылады; ең жоғары нәтиже Rmax =2к баллмен бағаланады (1-сурет).

Ағымдық бақылау үшiн к = 1. Бақылаудың бұл түрi өзiндiк жұмысты, тестiк тапсырмаларды тексеру, т.с.с. тұрады және кiрiспе сабақ аптасынан белестiк және сынақтық бақылау апталарынан басқа апталарда жүргiзiледi. Сонымен,

- ағымдық бақылау, к = 1, Rm = 2 = 2;

- белестiк бақылау, к = 2, Rm = 22 = 4 ;

- сынақ, к = 3, Rm = 23 = 8 ;

- емтихан, к= 4, Rm = 24 = 16

2. Пәннiң көлемi оқу сағатының санымен емес оқу жоспарында көрсетiлетiн белестiк бақылау арқылы (пәннiң модулi бойынша) ескерiледi.

3. R рейтингтiк балл қойылған бағалардың қортындысымен анықталады:

семестр бойынша - Rатт = (Rа+Rбб);

сессия қортындысы бойынша - Rсес =(Rе+Rе).

4. R  0,43 Rатт.мах, - жағдайда аттестация қойылады. Мұндағы Rатт.мах - семестр бойынша мүмкiн болатын ең жоғары баға ( Rа+ Rбб ) сессияға дейiнгi қортындымен анықталады. Семестрдегi оқу пәнi бойынша рейтiнгтiк балл

Rаб.мах = 2    n - 2 ), Rбб мах = 4n,

мұндағы  - семестрдегi апталар саны: n - белестiк бақылау саны, 2 - бiрiншi апта мен сынақтық аптаны санамағандықтан ескерiледi. Аттестацияның қортындысы аттестацияланды , аттестацияланған жоқ деп белгiленiп, сессияға жiберiлу шешiледi.

5. Сынақ кiтапшасына сынақ және емтиханның қортындысы бойынша баға былай қойылады Rс мах = 8 и Rе.мах = 16

6.Бiлiм деңгейiнiң сапасы былай анықталады:

0,81R/Rmax   жағдайда өте жақсы

0,62R/Rmax  ,81 жағдайда жақсы

0,43R/Rma,62 жағдайда қанағаттанарлық

мұндағы Rmax - бақылау бойынша қойылатын ең жоғарғы баға.

7.Оқу жоспары бойынша сессиялық бақылау жоспарланбаған пәндерден (сынақ, емтихан) аттестация семестр бойы алған рейтингтiк балл қортындысы (Rмах = 8) бойынша қойылады.

8. Ұсынылған баға жүйесiнде бiрде-бiр негiзсiз коэффициент жоқ, ал практикадағы басқа жүйелерде 67 еркiн коэффициент қолданылады. Синергетикалық сандар 0,43, 0,62, 0,81 ғылыми түрде негiзделген. Практикада бұл сандардың жуық мәндерiн (0,4 0,6; 0,8) қолдануға болады.

Бұл сандар кәдiмгi бесбаллдық жүйеге де сәйкес келедi:

R  4/5 0,8 жағдайда өте жақсы

R  3/5 0,6 жағдайда жақсы

R  2/5 0,4 жағдайда қанағаттанарлық.

Күрделiлiгi шартты түрде n санымен(n= 0, 1, 2 . .) сипатталатын бақылауға сәйкес келетiн максимал баллдың 2n-ге тең болуы математикалық түрде де негiзделедi. n элементтен тұратын жиын iшiндегi мүмкiн болатын топтардың қосындысы терулердiң қосындысымен анықталады:

Тест әдiсi

”Тест” деген сөз ағылшын тiлiнде ”есеп”, ”түйiн сұрақ” мағыналарында қолданылады. Тест әдiсi көп адамның аз уақыт iшiнде бiлiмiн тексеруге, бiлiм бойынша конкурстар өткiзуге өте тиiмдi. Тест қабылдауда мына принциптердiң сақталуы қажет.

1. Тест сұрақтарының саны статистикалық заңдылықты қамтамасыз ететiндей мөлшерде (шамамен алғанда он бес сұрақтан кем емес) көп болуы қажет. Сұрақтар тексерiлетiн пәннiң, тақырыптың мазмұнын бiркелкi қамтиды. Сұрақтар қысқаша тұжырымдалады, әр сұраққа 3-5 бiркелкi жауап берiледi. Жауаптардың бiреуi дұрыс, қалғандары дұрыс емес болса да, формалары дұрыс жауапқа ұқсас болады. Бүл айтылған талаптар тест сұрақтарының жарамдылығын ("валидность") қамтамасыз етедi, яғни тексеру нәтижесi қажет бiлiм көлемiн қамтиды.

2. Тест сұрақтары бiркелкi болады, өте оңай, немесе, өте қиын сұрақтар болмайды. Сондықтан конкурстық тест құрастырғанда алдыңғы тәжрибе ескерiледi. Бүл талап тестiң сенiмдiлiгiн ("надежность") қамтамасыз етедi, яғни бiр сыныптан тест екiншi рет қабылданса, нәтиже алғашқыға жақын болады. Ғылыми негiзге сүйенсек конкурсты тест сұрақтарына оқушылардың дұрыс жауап беру ықтималдылығы (алдын-ала зерттеулер бойынша анықталған) 0,806 ÷ 0,194 аралығында болу керек.

Тест нәтижесi бақылаудың күрделiлiк сипатына сай өңделедi. Тоқсан (семестр) iшiндегi ағымдық бақылау тест түрiнде жүргiзiлсе, оның нәтижесiн әрбiр дұрыс жауапқа бiр балл жазып, олардың жай қосындысы ретiнде анықтауға болады.

Конкурстық (жылдық бақылау, қабылдау емтихандары, т.с.с.)тест нәтижесi әрбiр сұрақтың қиындық (маңыздылық) коэффициентiн ескеру арқылы шығарылады. Көпшiлiк оқушы жауап берген сұрақтың коэффициентi аз, ал тек кейбiр оқушы жауап берген сұрақтың коэффициентi көп болуы тиiс. Мұндай заңдылықты информация теориясы ескередi. Дүрыс жауап табылу ықтималдылығы (Р) аз сұрақтың (яғни, қиын сұрақтың) информациясы (I): I= - lnP. Сонда салыстырмалы бiлiм деңгейi информацияның орта мәнi - информациялық энтропия

арқылы анықталады.

Осы айтылған әдiстi қолдану мысал ретiндегi мына кесте арқылы түсiндiрiледi.

Бұл кестедегi L - оқушылар нөмiрi (барлығы 7), i-сұрақтар номiрi ( барлығы 5), + - дұрыс жауап белгiсi, + - дұрыс жауаптар қосындысына тең балл.

Бiраз оқушының (L = 1, 3, 4, 7; 2,5 ) тiкелей қосынды арқылы есептеген балы бiрдей болды, бiрақ олардың кейбiрi қиын сұраққа ( Pi аз, i=1,3), басқалары оңай ( Pi көп, i=2,5) сұраққа жауап бердi, қайсысы жеңiмпаз болуы керек? Әрине, сұрақтардың қиындық коэффициентiн ескеру керек. Ол үшiн әрбiр бағандағы + саны 7-ге бөлiнiп Pi - ықтималдық табылады, ол арқылы Ii=-lnPi - информация есептелiнедi.

Қатардағы дұрыс жауаптарға сәйкес келетiн көбейтiндiлерiнiң қосындысының, яғни нәтижесiнiң ең көп мәнi салыстырмалы жоғары бiлiмге сәйкес келедi. Конкурстық орын (№ бағаны) энтропияның мәнi бойынша тағайындалады. Нәтиже қойылған талаптарға сәйкес келедi. Дүрыс жауаптар саны бiрдей болғанмен, қиын сұрақтарға жауап берген оқушылардың конкурстык орындары жоғары. Егер дұрыс жауап берген сұрақтардың саны да, нөмiрлерi де бiрдей болса, онда конкурстық орын да бiрдей болады (L=2,5).

Лекция 7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]