- •Физика сабағының түрлерi
- •Физика сабақтарын жоспарлау
- •Физика пәнi, оның мазмұнының құрылымы
- •Физика пәнi мазмұнының құрылымы
- •Физика пәнiнiң мазмұнын анықтаудың актуальды мәселелерi
- •Оқыту әдiстерiнiң ғылыми негiздерi
- •Физиканы оқыту әдiстерiнiң түрлерi
- •Информациялық-репродуктивтi әдiс
- •Iздену- эвристика әдiсi
- •Физиканы оқытуды жандандыру әдiстерi
- •Бiлiмдi бағалаудың ғылыми негiздерi
- •Бiлiмдi бағалайтын көп сатылы сүлбенiң негiзгi қағидалары
- •Тест әдiсi
- •Механика курсының негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдiстемесi. Кинематика ұғымдары
- •Механика курсының негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдiстемесi. Динамика ұғымдары
- •Сақталу заңдары
- •Молекулалық физика курсының әдiстемелiк мәселелерi
- •Молекулалық физика курсының әдiстемелiк мәселелерi
- •Электрдинамика ұғымдарын қалыптастыру мәселелерi
- •Тербеліс пен толқындар теориясының әдістемелік сұрақтары
- •Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы бөлiмiнiң мазмұнына әдiстемелiк талдау
- •Астрономияның негізгі бөлемдерін оқыту ерекшіліктері
Физика пәнiнiң мазмұнын анықтаудың актуальды мәселелерi
Қазiргi кездегi ғылыми-техникалық прогрестiң, қоғамның дамуы физика пәнiнiң мазмұнына да сәйкес талаптар қояды. Ең алдымен физика пәнiнiң мектептегi, жоғарғы оқу орындарындағы орны, ролi қайта қаралуда. Жалпыға бiрдей орта бiлiм қазiр дифференциалданған, яғни сараланған, 8 жылдық оқудың мазмұны жалпыға бiрдей болса, 11 жылдық мектепте бiлiм арнаулы кәсiптiк, ғылыми бағытта берiледi.
Мысалы, физика-математикалық, химия-биологиялық, гуманитарлық, экономикалық т.б. орта бiлiм ұйымдастырудың жаңа формалары (лицей, гимназия, колледждер) енгiзiлуде.
Көп елдерде қалыптасқан практика бойынша лицей деп аталатын оқу орындары техникалық бағыт алады, оларда физика, математика көбiрек көлемде оқытылады. Гимназия- гуманитарлық, өнертану бағыттарындағы оқу орны. Колледж ғылыми еңбекке, университеттерге дайындау оқу орны болып табылады.
Оқыту мазмұны мектептiң мақсатына байланысты өзгередi, бiрақ барлық жағдай үшiн физика пәнiнiң мазмұнын таңдауда мынандай негiзгi талап қойылып отыр: болашақ физика курсы өмiрмен бұл кездегiден гөрi тереңiрек байланысуы қажет.
Физика ғылымында үлкен актуальды проблемалар бар. Олар элементар бөлшектер, бүкiл әлем, галактика, өрiстер физикасы т.с.с. Бүл проблемалар маңызды, бiрақ бұлармен қатар күнделiктi өмiрде кездесетiн әлi ашылмаған әрi қызықты, әрi аса қажет түбегейлi мәселелер көп. Әлi күнге дейiн тiрi табиғат заңдылықтары толық негiзделген жоқ. Тiрi организмде молекулалардан тұрады. Қай деңгейде молекулалар жиынтығы тiрi организм қасиетiне ие бола бастайды Бүл сұрақтың да тiкелей физикаға қатысы бар. Қазiргi микробиологияның дамуы физиканың соңғы жаңалықтарына байланысты болып отыр. Сонымен қатар күрделi, ашық жүйе физикасы даму үстiнде. Күрделi ашық жүйеге Жер планетасы жатады. Оның экологиялық проблемалары өте актуальды мәселе болып табылады.
Адамзат энергияны өте көп қолдануда. Қайтымсыз процестер (отын жағу, руда өндiру т.с.с.) ауқымы кеңеюде. Осының бәрi планетадағы тiршiлiк жағдайын өзгертуi мүмкiн.
Анық жауап жоқ сүрақтардың бiрi Жер бетiнiң температурасы артуда ма , әлде кемуде ме Соңғы жылдардағы Жер бетiнiң температурасының артуын көрсетiп отыр, бiрақ бұл теңденция қаншалықты ұзаққа созылуы мүмкiн Теория бойынша әртүрлi варианттар бар. Жер бетiнiң температурасы 1 - 2 градусқа артқанның өзi катастрофаға алып келедi. Мүндай проблемаларды ашық жүйе физикасы қарастырады. Ашық жүйелердiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi - өзiн-өзi реттеу, өзқауым жағдайда болуы. Материя және оның қозғалысының өзқауым жағдайының теориясы - жаңа ғылым, синергетика деп аталады.
Кейде айтылған проблемалар жеке ғылымдардың үлесi деп сыңаржақ түсiндiрiлуде, бiрақ бұлар түбiнде физикалық проблемалар болып табылады. Бүл мысалдардан басқа аса маңызды тiкелей физикалық проблемалар бар жаңа энергия көздерiн табу және игеру, экстремальды қасиеттерi бар материалдар жасау, компьютерлiк техниканың мүмкiндiктерiн арттыратын элементтер табу т.с.с. Болашақта физика курсының мазмұны осы бағыттарға сай келуi тиiс.
Сонымен болашақ физика курсы интегралдық, комплекстiк сипат алуы қажет.
Лекция 4
